Физика және Қазақстан энергетикасы

216

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №213 «Қыркеңсе» орта мектебінің физика пәні мұғалімі Әкімбаев Бауыржанның бағдарламасы (11 сынып)

Бағдарлы  оқытудың курсына арналған бағдарлама

Қолданбалы курс

 

Бағыты:   жаратылыстану  – математика

Бағдары:  физика — технологиялық

 

Қолданбалы курс: Физика және Қазақстан энергетикасы

 

Мақсаты: Қазақстанның энергетикалық ресурстарын пайдаланудың физикалық негіздерін ұғындыру. Оқушыларды  техникалық  бағытқа  бейімдеуде энергетиканың негізгі салалары:  жылу электр станциялары, гидро электр станциялары, атом электр станцияларының негізгі құндылықтарын  мәліметтер беру.

 

Міндеті:

—  Оқушыларды энергетика саласына бейімдеу

—  Оқушылардың  теориялық, практикалық  білімін  кеңейту.

 

Мазмұны: Энергетика саласын оқытудың теориялық  тұжырымдамасын, негізгі заңдылықтарын, құрылғылардың  жұмыс істеу принципін,  электр энергиясын қолданудың негізгі құндылықтарын, Қазақстан территориясындағы АЭС,ГЭС,  ЖЭС  жобаларын салудың негізгі проблемалары жайында түсіндіріп, болашақ жастардан үміт күту.

Ж о с п а р ы

 

р/с Бағдарлама  тақырыбы сағат саны
1. Электр енергиясының басқа энергия түрлерінен айырмашылығы. 2
2. Электр энергиясын генерациялау 2
3. Электр станцияларының түрлері 2
4. Оқушының жобалау жұмысы “Қазақстан гидроэнергетикасы” 2
5. Қазақстанның су қоры 2
6. 1-практикалық жұмыс “Кескін картаға Қазақстанның ірі өзендері мен су қоймаларын бейнелеу” 2
7. Су қорын энергетикалық мақсатқа пайдалану. Су электр станциялары 2
8. 2-практикалық жұмыс. “Кескін картаға Қазақстанның су электр станцияларын түсіру” 2
9. Ядролық отын-уран кен орындары. Уран өндіру 2
10. Ядролық отынның басқа да түрлері 2
11. Физикалық практика “в,г бөлшектердің жүтылуын зерттеу” 2
12. Тізбекті ядролық реакцияның энергетикалық шығуын есептеу 2
13. Физикалық практика. “Гейнер санағышы арқылы қоршаған ортадағы радиоактивтік фонды анықтау”. 2
14. Атом электр станциялары 2
15. Оқушының жобалау жұмысы “Қазақстандағы атом энергетикасының дамуы” 2
16. Физикалық практика “Радиоактивті ыдырау заңын тексеру” 2
17. Атом энергетикасының , болашағы 2
18. Атом энергетикасының экологиялық проблемалары 2
19. Оқушының жобалау жұмысы “Уран өндірудің экономикалық-экологиялық проблемалары” 2
20. Ядролық қалдықтары консервациялау 2
21. Физикалық практикум “Динамикалық компьютерлік модельдер арқылы ядролық реактрлардағы физикалық процестерді зерттеу” 2
22. Оқушының жобалау жұмысы “Гелиоқондырғылардың әр түрлі модельдері” 2
23. Конференция “Электр станцияларының әр түрінің артықшылықтары мен кемшіліктері” 2
24. Қазақстандағы ядролық ғылыми зерттеулер(ядролық физика институты, ядролық технопарк) 2
25. Дәстүрлі емес энергия көздері 2
26. Оқушының жобалау жұмысы “Адамзаттың ғаламдық проблемаларының бірі-энергетикалық проблеманы шешу жолдары” 2
27. Жел және күн энергиясын игеру 2
28. Биоэнергетика 2
29. Өндірістік және түрмыстық қалдықтар энергиясын пайдалану 2
30. Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесі 2
31.  Оқушының жобалау жұмысы “Қазақстанның біріңғай энергетикалық жүйесі” 2
32. 3-практикалық жұмыс “Қазақстанның біріңғай энергетикалық жүйесінің картасын тізу” 2
33. Қазақстанның энергетикалық ресурстар қоры және оның дүниежүзілік экономикадағы орны 2
34. Оқушының жобалау жұмысы  “Қазақстанның энергетикалық картасы” 2
Барлығы 68

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. Ғылыми –техникалық мерзімдік басылымдар

а) Электроэнергетика

ә) Энергия.Экономика. Техника

б) Энергорынок

в) Ядерная физика

  1. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттары Алматы 2002 ж
  2. И.И.Эльшанский. Законы природы служат любим. М, Просвещение 1978
  3. А.Г.Глазунов. В.Г Разумовский, В.А. Фабрикант. Физика и научно-технический  процесс Москва Просвещение 1988
  4. О.Мұсабеков. Ғылыми-технологиялық революция кезеңінде физикалық білім беру. Математика және физика журналы 2003 ж №5
  5. О.Ф. Кабардин, В.А. Орлов. Факультативный курс физики. 10 класс М, Просвещение 1973
  6. А.А.Покровский. Практикум по физике в средный школе. М, Просвещение 1973
  7. 7-11 сынып физика және астрономия оқулықтары Мектеп баспасы 2004-2007 ж

 

 

 

Дайындаған :                             Б.Әкімбаев