«Қызықты сызу» қолданбалы курсының бағдарламасы.

9 сынып оқушыларын

бағдаралды даярлау

 

     «Қызықты сызу»

қолданбалы курсының бағдарламасы.

 

 М.Әуезов атындағы ОЖББ мектебінің сызу пәнінің мұғалімі А.Е.Меңдешеваның іс-тәжірибесінен

                                     

                             

2010

9 сынып оқушыларының бағдаралды дайындығын ұйымдастыру бағытында құрылған «Қызықты сызу» қолданбалы курсының мазмұны

 

Курс мақсаты- оқушының бойында графикалық жұмысқа деген қызығушылығын ояту, болашақта мамандық таңдау жолында дұрыс шешім қабылдауға ықпал ету. Курс бағдарламасы 34 сағатқа арналып, оқу негізі ретінде  шығармашылық жұмыс алынған.

Ұсынылған курс оқушының даму барысында төмендегі шарттарға қол жеткізуіне  септігін тигізеді:

  • Оқушының өз қабілеттерін оята білуге деген ынтасы және мақсат қойып, табысқа жете білуі.
  • Шығармашылық жобаны орындауы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы.
  • Өз бетімен білім ала білу және оны практикада қолдана білу іскерлігі.

Курс арқылы алынған білім негізінде төмендегідей білік пен дағды қалыптасады:

  • Безендіру жұмыстарын орындау
  • Жобалау іскерлігі дамиды.

Сызбаларды орындау және жан-жақты талдау кезінде оқушы бойында техника мен сәулет өнерін зерттеуге деген қызығушылығы пайда болады. Сызу пәнінің өмірмен тығыз байланысты болуы, өндірістік еңбек, басқа да пәндермен  байланысы осы пәнге деген ынтасын еселейді.

Курс бағдарламасы 1990 жылғы баспаға шыққан И.А.Воротниковтың  «Занимательное черчение»  атты мұғалімдерге арналған әдістемесін басшылыққа алып құрылған. Сондықтан осы бағдарламаны пайдаланушыларға міндетті түрде аталған оқулықты тауып, оқу процесінде  қатар қолданып отыру керек.

Курс екі модульдан тұрады:

І Қызықты тапсырмалар- 18 сағат.

ІІ Жобалау элементтерін пайдалану арқылы орындайтын шығармашылық тапсырмалар- 16 сағат.

Сызудың тек мектепте ғана емес, сонымен қатар ЖОО-да да жүретініне байланысты курстан алған білімін оқушылар әрдайым жалғастыра алады.Ал сызбалар-  әр мамандықтың ажырамас серігі екені айтпаса да бәрімізге мәлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызықты сызу»

курсының тақырыптық жоспары (34 сағат)

 

р/сМазмұныСағ.

саны

Уа-

қыты

Сабақтың

түрі

Бақылау түрі
1Кіріспе.Әр түрлі мамандық иелері сызу туралы.1Әңгіме, лекцияМатериалды қабылдауы
Қызықты тапсырмалар        (17  сағат)

 

2Шрифт түрлері1Лекция, практикалық тапсырмаларӨз қабілеттерін бағалау
3Оптикалық  алдау1Әңгіме,лекцияЖағдаяттарды шешу
4Конструктивтік ойлау1Практикалық тапсырмаларТапсырмаларды орындау
5Шынайы құрылғыдағы нүктенің проекциясы1Әңгіме, лекцияЖағдаяттарды шешу
6Түзу нүктеге айналғанда1Лекция және практикаМатериалды қабылдауы
7Есікпен тәжірибе жүргізу1Практикалық тапсырмаларТапсырмаларды орындау
8Сымдар қиылыса ма?1Әңгіме,лекцияМатериалды қабылдауы
9Эпюрдағы іздер1Лекция, практикаТапсырмаларды орындау
10Геометриялық денелер және олардың бетіндегі нүктелер1Практикалық тапсырмаларТапсырмаларды орындау
11Жайма2Практикалық тапсырмаларДетальдердің эскиздері
12Симметрия1Лекция, практикаМатериалды қабылдауы
13Қарапайым денелердің  жұмбақ проекциялары1Практикалық тапсырмаларТапсырмаларды орындау
14Сызба логикасы2Лекция, практикаЗерттеу жүргізу
15Тіліктер1Лекция, практикаТапсырмаларды орындау
16І модульды қорытындылау1ПрактикаТапсырмаларды орындау

 

 

    Жобалау элементтері бар шығармашылық тапсырмалар(16 сағат)

 

Графикалық тапсырмалар(3 сағат)
17Нәрсенің көрнекі кескініне қарап,3 проекциясын тұрғызу1Практикалық тапсырмаларЖұмыстар көрмесі.
183 проекцияға қарап, нәрсенің көрнекі кескінін салу1Практикалық тапсырмаларЖұмыстар көрмесі.
19Техникалық суретті орындау1Практикалық тапсырмаларЖұмыстар көрмесі.
Шығармашылық тапсырмалар(13 сағат)

 

20Ұйымдастыру кезеңі1Әңгіме,лекцияМатериалды қабылдау
21Технологиялық кезең. Тұрғын үйдін алдыңғы қас бетінің эскизін жасау1Практикалық тапсырмаЖұмыстар көрмесі
22Тұрғын үйдің жаймасын орындау1Практикалық тапсырмаЖұмыстар көрмесі
23Макетін дайындау4Практикалық тапсырмаЖұмыстар көрмесі
24Безендіру жұмыстары4Әңгіме, лекция, практикаЖұмыстар көрмесі
25Қорытынды кезең1Анкета жүргізуӨз қабілеттерін бағалау
26Шығармашылық жобаны қорғау1әңгімеҚорғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызықты сызу» оқу курсының мазмұны.(34 сағат)

 

Кіріспе (1 сағат)

Арнаулы курстың жүйесі мен ерекшеліктері.Әр мамандық иелерінің сызу туралы айтылған пікірлерімен танысу.Сызу пәнінің дамуына ғалымдардың қосқан үлесі.

 

Модуль І. Қызықты тапсырмалар (17 сағат)

Шрифт түрі (2 сағат)

Стандарт.Формат.Сызба шрифттері.Сызбадағы әріптер, белгілер,сандар туралы.

Оптикалық алдау(1 сағат)

Адамдардың  белгілі бір суреттерді, сызықтарды психологиялық көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдауының мысалдары.

Конструкторлық ойлау (1 сағат)

Оқушының бойында конструкторлық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды шешу.

Шынайы құрылғыдағы нүкте проекциясы (1 сағат)

Проекция.Проекция түрлері.берілген екі проекция сызбасына қарап үшіншісін, оның бетінде орналасқан нүктенің проекциясын табуға арналған мысалдар.

Түзу нүктеге айналғанда (1 сағат)

Кесіндінің жазықтық бетіне проекциялануы(көлденең, тігінен, көлбеу).Детальдың проекциясын өзгертуге арналған тапсырмалар.

Есіікпен тәжірибе жасау(1 сағат)

Айналу әдістері. Проекция жазықтықтарын алмастыру әдістері.

Сымдар қиылыса ма? (1 сағат)

Кеңістік ойлау мен байқағыштықты дамытуға арналған тапсырмалар.

Эпюрдағы іздер (1 сағат)

Кеңістіктегі жазықтықтың орналасуын іздер бойынша анықтау тәсілдері.

Іздердің қиылысу нүктелері, орналасу жазықтықтары- фронталь, профиль,горизонталь.

Геометриялық денелер және олардың бетіндегі нүктелер.(1 сағат)

Геометриялық денелер және олардың проекциялары.Проекция  сәулесі арқылы нүктелерді проекциялау.

Жайма (1 сағат)

Жайма сызығы.геометриялық денелердің жаймаларын дайындау.

Симметрия (1 сағат)

Симметрия осі.Жазықтық симметриясы.Айна симметриясы және орталық симметрия мысалдары.

Қарапайым денелердің жұмбақ проекциялары.(1 сағат)

Үшінші көріністі табуға арналған тапсырмалар. Аксонометриялық проекция.

Сызба логикасы.(2 сағат)

Әртүрлі логикалық тапсырмалар.

Тілік ( 1 сағат)

Тілік- нәрсені зерттеу әдісі.Тіліктің түрлері.

І модульды қорытындылау.(1 сағат)

Жалпы эскиздерді орындауға арналған жаттығулар, кезеңдерін сақтау.

 

Модуль ІІ.Жобалау элементтері бар шығармашылық

тапсырмалар.(16 сағат)

Графикалық жұмыс(3 сағат)

Нәрсенің көрнекі кескініне қарап, үшінші көріністі анықтау.Техникалық суретті орындау.

 

Шығармашылық жоба « Болашақ мектеп» (13 сағат)

  1. Ұйымдастыру кезеңі.(1 сағат)
  2. Технологиялық кезең (10 сағат)

Мектептің жаймасын орындау (2 сағат)

Макетін дайындау (4 сағат)

Безендіру жұмыстары (4 сағат)

  1. Қорытынды кезең (1 сағат)
  2. Шығармашылық жобаны қорғау (1 сағат)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жобаны  бағалау

 

Оқушының аты-жөні_______________________________________________

Жобаны қорғау уақыты______________________________________________

Тақырыбы_________________________________________________________

Мақсаты___________________________________________________________

 

 

Жұмыстың мақсатына жетуі

(5 ұпай)

 

 

 

Безендірілуі

ҚорғауЖұмыс кезеңі (5 ұпай)
Таныстыру

(5 ұпай)

Сұрақтарға жауап беруі

(5 ұпай)

ШығармашылығыҚосым.әдебиеттерді пайдалануы

 

 

 

 

 

Бұйымның  өмірде қолданыс табуыТопта жұмыс жасау қабілеті
Өзін-өзі бағалауы
Жетекші бағасы
Оқушылардың бағасы
Барлығы

 

 

Барлық ұпай саны__________________________

Бағасы___________________________________

 

Бағалау шкаласы:

100-125 ұпай «5»

85-100 ұпай «4»

65-85 ұпай «3»

65-тен төмен- әлі де жұмыстануды қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Воротников И.А., Занимательное черчение: — М.: Просвещение,

1990 г. –223 с.

  1. Гервер В.А., Творчество на уроках черчения: Книга для учителя. – М.:

Гуманит. изд. Центр Владос, 1998. – 144 с.

3.Ботвинников А.Д., Пути совершенствования методики обучения черчению: Пособие для учителей. – М.: просвещение, 1983. -128 с.