Дүниетану пәні бойынша 1-сыныпқа арналған «Жануарлар әлемі» таңдау курсы

324

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

Дүниетану пәні бойынша

1-сыныпқа арналған

«Жануарлар әлемі»

          таңдау курсы

 

       

 

       

 

 

 

 

Пән мұғалімі:  Г.Сералиева

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

 

Келісемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

 

       

             

Бірлестік отырысында қаралды

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:1

Аптасына 1сағат.Барлығы 34 сағат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Түсінік хат

«Жануарлар әлемі» курсы оқушылардың жануарлар туралы түсініктерінің ауқымын кеңейтуге арналып жасалды. Курс оқушыларға алған білімдерін жоғары сыныптарда білімдерін жетілдіруде қолдануға мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты:

Оқушылардың жалпы білім беретін стандарт мазмұнын игеруге және алған білімдерін жалғастыруға ,жеткілікті білім жүйесін алып,оны саналы түрде меңгеру.

Міндеттері:

  • Дүниетану пәнінен алған білімдерін дамыта оқыту.
  • Өзіне-өзі есеп беретін жеке тұлғаны қалыптастыру.
  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,өздігінше білім алатын қасиетін қалыптастыру.
  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар білуге тиісті:

  • Жан-жануарлардың түрлерін;
  • Құстардың киелі қасиеттерін ;
  • Жоғалып бара жатқан аңдарды;
  • Пайдасы мен зиянын;

Оқушылар нені жасай алады:

  • Өз ойын ашық айта алады.
  • Өз іс-әрекетіне қорытынды жасай біледі:
  • Шығармашылықпен жұмыс жасайды;

Пән аралық кіріктіру:

Ана тілі, бейнелеу өнері

Уақыт көлемі: 34 сағат,аптасына 1 сағат

Курсты ұйымдастыру формасы: топтық және ойната оқыту

Оқыту жетістігін бағалау жүйесі: «игерді», «игермеді»

Оқытуды аяқтау формасы: Тест тапсырмасы

 

 

 

 

 

 

«Жануарлар әлемі» таңдау курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

р/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Жануарлар туралы түсінік 1  
2 І тарау Үй жануарлары 1  
3 Төрт түлік мал-ел байлығы 1  
4 Ер қанаты-ат 1  
5 Түйе- төрт түліктің төресі 1  
6 Ит –жеті қазынаның бірі 1  
7 Жыл басына таласқан жануарлар (ертегі) 1  
8 Бақылау сұрақтары 1  
9 ІІ тарау Құстар-біздің досымыз 1  
10 Үй құстары 1  
11 Қыран құс не алмайды,салса баптап 1
12 Қарлығаштың құйрығы неге айыр? 1  
13 Аққу –киелі құс 1  
14 Қызық мәлімет.Ең,ең,ең… 1  
15 Қайталау 1  
16 ІІІ тарау Аңдар әлемі 1  
17 Қызыл кітапқа енген аңдар 1  
18 Қайырымды түлкі  (әңгіме) 1  
19 Маймылдар адам тәрізді 1  
20 Аңдар қалай дыбыстайды? 1  
21 Қазақстан қорықтары 1  
22 Сен білесің бе? 1  
23 Сәйкестендіру тест 1  
24 ІV тарау Бунақденелілер 1  
25 Өрмекші мен құмырсқа 1  
26 Бал арасының пайдасы 1  
27 Халық болжамдары 1  
28 Жәндіктер қалай дыбыстайды? 1  
29 Көбелектер әлемі 1  
30 Қызықты мәлімет.Ең,ең,ең… 1  
31 Тест 1  

 

 

 

 

Ұсынылған әдебиеттер:

Мұғалімдер үшін:

1.Менің алғашқы энциклопедиям 2011ж.Алматы

2.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №2.2010ж

3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №10 2011ж

4.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №4. 2008ж

5.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №7.2011ж

6.Айналадағы дүниені бақылау дәптері 2002ж       «Атамұра»

7.Қазақстандағы жануарлар әлемі 2009 ж.Алматы

8.Жануарлардың мекен ауыстыруы 2011ж.Мәскеу

9.Хайуанаттар әлемінде  2011ж.Мәскеу

10.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы2004ж.Арман

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу бағдарламасының мазмұны

1.Жануарлар тобы туралы түсінік беру. Әр топтың өзіндік бір ерекшеліктері бар екендігін түсіндіру.

2.Үй жануарларының түрлері және олардың пайдасына тоқталу.

3.Төрт түліктің адамдар үшін маңыздылығы  және төрт түлік малға байланысты ырым-тыйымдар,мақал-мәтелдер қарастыру.

  1. Жылқының қазақ тұрмысындағы өзіндік орнын ұғындыру,еті мен сүтінің адам денсаулығына шипалық қасиетін түсіндіру.
  2. Төрт түліктің төресі -түйе малының өзіндік орны және жүнінің емдік қасиеті туралы түсінік беру.
  3. Иттің жеті қазынаның бірі екендігін және адам үшін маңыздылығы туралы түсінік беру.
  4. «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін сахыналау.
  5. Құстардың тіршілігі,қоректенуі және құстарға қатысты халық болжамдарын пайдалану.

9.Үй құстарына күтім жасау жолдары

10.Қыран құс туралы мағлұмат беру.Құсбегіге қажетті құралдар туралы түсіндіру.

  1. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін теледидардан көрсету және ертегі бойынша ой қозғау.
  2. Қазақ халқындағы аққудың киелілігін М.Мақатев поэмасы арқылы жеткізу.

13 Әлемде болып жатқан құстарға байланысты қызықты мәліметтерге шолу жасау.

  1. Аңдар туралы жалпы түсінік беру және аң балаларының атауларына тоқталу.

15.Қазақстандағы жойылып бара жатқан аңдар туралы түсінік беру.

  1. Ы. Алтынсариннің «Қайырымды түлкі» әңгімесі арқылы ,түлкі туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Адам тәрізді маймылдардың басқа маймылдардан айырмашылығы туралы түсінік беру.
  3. Жер бетіндегі аңдардың дыбыс шығару ерекшеліктері

19.Қазақстанның табиғатын,жануарлар әлемін қорғау мақсатында құрылған қорықтар туралы түсіндіру.

  1. Әлемдегі аңдарға байланысты қызықты мәліметтерге шолу жасау.
  2. Бунақденелілердің пайдасы мен зияны, жәндіктерге қатысты ауа райы болжамдарына шолу жасау.
  3. Ы. Алтынсариннің «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» әңгімесі арқылы құмырсқаның еңбексүйгіштігі туралы түсіндіру.

23.жабайы аралар мен бал араларының айырмашылығы және балдың емдік қасиеті тралы түсінік беру.

  1. Жер бетіндегі жәндіктердің дыбыс шығару ерекшеліктерін түсіндіру.

25.Көбелектердің түрлері және өсімдіктер үшін пайдасы туралы түсінік беру

  1. Әлемде болып жатқан жәндіктерге байланысты қызықты мәліметтерге шолу жасау.