Су моншақтан бұйым жасау технологиясы» бағдарламасының күнтізбелік жоспары

96

Қарағанды облысы

Шет ауданы

Бұрма орта мектебі

Технология пәні мұғалімі

Шорина Қарлығаш Ермекқызы

 

 

Түсінік хат.

 

Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды.Оған Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегіндегі : «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. …Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр»,-деген сөзі осының айғағы.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі бағытында: «Қосымша білім беруді дамыту үшін сол ұйымдардың желісін нығайту мен дамыту, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, балаларды сабақтан тыс жұмыспен мейлінше қамту»-деп көрсетілген. Сондықтан соңғы жылдары оқушыларға мектептен тыс қосымша білім мен тәрбие алу талабы қойыла басталды.

Соның бірі- «Су моншақтан бұйым жасау технологиясы» бағдарламасы негізінде курсты ұйымдастырдым.

Бұл аталған курс аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.

 

 

Курстың мақсаты:

Халық өнерін игеру арқылы оқушыны еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу, оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау, кәсіпті игеруге көмектесу, оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы олардың шығармашылық ой –қиялдарын дамытып, табиғи қабілеттеріне сай еңбек етуге мүмкіншілік жасау.

 

Міндеттер:

  • Қолөнер, өнер туралы білімдерін тереңдету;
  • Оқушыларды өздігінен еңбек етуге баулып, тігіс түрлерімен қоса су моншақпен тігіп үйрету;
  • Тұтыну бұйымдарын, ұсақ бұйымдарды өз қолдарымен жасай білуге үйрету;
  • Жасалған бұйымдарды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына су моншақ арқылы сай сәндей білуге үйрету;
  • Өзіндік жұмыс жасай білуі;
  • Еңбекті шығармашылықпен қызығушылықпен орындауға, ерікті түрде еңбектенуге үйрету;
  • Қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің маңызын түсіну, өнер адамдарына құрмет көрсету;
  • Оқушылардың бойына ізгілік, адамгершілік, еңбекқорлық пен төзімділік , тапқырлық қасиеттерді қалыптастыру.

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

Міндетті деңгей:

  • Жұмыс орнын ұйымдастырып, тиімді пайдалану.Керекті материалдарды ұқыптап ретімен орналастыра білу;
  • Балалардың еңбек ету іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;
  • Оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалармен жекелеген жұмыстар жүргізу;
  • Ата мұраны қалыптастыру, және дамыту;еңбектің нәтижелілігін арттыру;

Мүмкіндік деңгей

  • Жоба, реферат, қорғау;
  • Танымдық-іздендіруші, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Зерттеу бағытында жоба тақырыптарымен айналысу.

 

 

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар өз алдына мақсат қоя алады;
  • Сыныпта басқа ортада өзін дұрыс ұстап, белсенділік таныта алады.;
  • Басқалардың пікірімен санаса алады;
  • Шығарма жазу, жоба қорғау, зерттеу жұмысын жүргізу дағдылары қалыптасады.
  • Әр оқушыға файл арнап, жұмыстарын жинақтау.Шығармашылық жұмыстар жүргізу.Аудандық, облыстық көрмелерге ұсыну.

 

Нәтижені бағалайтын құралдар:

Оқушы жұмыстары, реферат, жоба, бүктеме, альбом т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Су моншақтан бұйым жасау технологиясы» бағдарламасының білім мазмұнының жіктелуі:

 

Моншақ, су моншақтардың пайда болу тарихы, қолданбалы сән өнеріндегі пайдалану реті, моншақтарды кестелеу технологиясы (15)

 

Моншақ, су моншақтардың пайда болу тарихы, қолданбалы сән өнеріндегі пайдалану реті, моншақтарды кестелеу технологиясына мына жіктелген түрлері енеді.

  • Су моншақтың тарихы
  • Су моншақтың сапасы
  • Технологиялық мәліметі
  • Эскизін салу
  • Үлгісін түсіру
  • Су моншақты үнемдеу технологиясы
  • Су моншақтың түр-түсін таңдау технологиясы
  • Қол-өнер бұйымдарының туындылары
  • Су моншақтардың бастарын біріктіру технологиясы
  • Сарамандық жұмыс
  • Су моншақты бекіту технологиясы
  • Техникалық қауіпсіздігі
  • Бұйымды аяқтау
  • Жоба қорғау
  • Су моншақты матаға өрнектеу технологиясы

 

Міндетті деңгей

  • Су моншақтың тарихы туралы мәліметтер жинау;
  • Шеберліктерін дамыту;
  • Мата бетіне су моншақ арқылы ою-өрнекті  түсіру.
  • Композиция негізін жасап үйрену.

 

Мүмкіндік деңгей

  • Жоба, реферат қорғау
  • Танымдық-іздендіруші, зерттеу жұмыстарын жүргізу
  • Зерттеу тақырыптарындағы жоба тақырыптарымен айналысу

 

Ұлттық қолөнердің шығу тарихы (9)

 

Ұлттық қолөнердің шығу тарихы мен матаның шығу тарихы және техникалық қауіпсіздігі мен сарамандық жұмыс арқылы  түстерді айқындау түрлері енеді.

— Матаның шығу тарихы

— Мата таңдау технологиясы

— Техникалық қауіпсіздігі

— Матаға сурет салу технологиясы

— Сарамандық жұмыс

— Түстердің сәйкестігін айқындау

— Қол тігістердің түрлері

— Су моншақты матаға қондыру технологиясы

        —  Жоба қорғау

 

Міндетті деңгей

  • Матаның шығу тарихы туралы мәліметтер жинау;
  • Матаға қондыратын суреттер үлгісін жинау;
  • Түстердің сәйкестігін анықтау;

 

Мүмкіндік деңгей

  • Жоба, реферат қорғау
  • Танымдық-іздендіруші, зерттеу жұмыстарын жүргізу
  • Зерттеу тақырыптарындағы жоба тақырыптарымен айналысу

 

Су моншақтан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау технологиясы (9)

 

Су моншақтан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау технологиясына тұрмысқа қажетті бұйымдар түрлері енеді.

—  Су моншақтан сөмке жасау технологиясы

— Су моншақтан ұялы телефон қапшығын  жасау технологиясы

— Техникалық қауіпсіздігі

— Су моншақтан зергерлік бұйымдар жасау технологиясы

— Су моншақтан құс бейнесін жасау технологиясы

— Су моншақтан жануарлар бейнесін жасау технологиясы

— Сарамандық жұмыс

— Су моншақтан ұлттық ою-өрнек түрлерін жасау технологиясы

— Шығармалық жұмыс.Жоба қорғау

— Қорытынды сабақ

 

Міндетті деңгей

  • Ою-өрнектер туралы мәліметтер жинақтау;
  • Су моншақтың жұмыс кезіндегі түр-түстерін байланыстарын анықтау.

 

Мүмкіндік деңгей

  • Жоба, реферат қорғау
  • Танымдық-іздендіруші, зерттеу жұмыстарын жүргізу
  • Зерттеу тақырыптарындағы жоба тақырыптарымен айналысу

 

Қорытынды сабақ (1)

 

Жалпы өткен тақырыптарды еске ала отырып қайталау.Қорытынды ретінде жоба қорғау.

Міндетті деңгей

  • Берілетін білімнің ішінен ең негізгі мәйегін, түйінін нақты бір жағдай  кезеңдерін сұрыптап алу, негізгі ұғымдарды анықтау
  • Жыл бойы жасаған жұмыстардың нәтижесін көрсету;
  • Мүмкіндік деңгей
  • Жоба, реферат қорғау
  • Танымдық-іздендіруші , зерттеу жұмыстарын жүргізу
  • Зерттеу бағытындағы жоба тақырыптамен айналысу
  • Презентация жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Су моншақтан бұйым жасау технологиясы» бағдарламасының күнтізбелік жоспары

(8 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

 

Сабақтың тақырыбы Сағат саны Өту

формасы

Білім өнімі
1. Моншақ, су моншақтардың пайда болу тарихы, қолданбалы сән өнеріндегі пайдалану реті, моншақтарды кестелеу технологиясы 15
2 Су моншақтың тарихы 1 Лекция Реферат
3 Су моншақтың сапасы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
4 Технологиялық мәліметі 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
5 Эскизін салу 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
6 Үлгісін түсіру 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
7 Су моншақты үнемдеу технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
8 Су моншақтың түр-түсін таңдау технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
9 Қол-өнер бұйымдарының туындылары 1 Лекция Реферат
10 Су моншақтардың бастарын біріктіру технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
11 Сарамандық жұмыс 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
12 Су моншақты бекіту технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
13 Техникалық қауіпсіздігі 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
14 Бұйымды аяқтау 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
15 Жоба қорғау 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
16 Су моншақты матаға өрнектеу технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
17 Ұлттық қолөнердің шығу тарихы 9
18 Матаның шығу тарихы 1 Лекция Реферат
19 Мата таңдау технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
20 Техникалық қауіпсіздігі 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
21 Матаға сурет салу технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
22 Сарамандық жұмыс 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
23 Түстердің сәйкестігін айқындау 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
24 Қол тігістердің түрлері 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
25 Су моншақты матаға қондыру технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
26 Жоба қорғау 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
27 Су моншақтан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау технологиясы 10 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
28  Су моншақтан сөмке жасау технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
29 Су моншақтан ұялы телефон қапшығын  жасау технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
30 Техникалық қауіпсіздігі 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
31 Су моншақтан зергерлік бұйымдар жасау технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
32 Су моншақтан құс бейнесін жасау технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
33 Су моншақтан жануарлар бейнесін жасау технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
34 Сарамандық жұмыс 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
35 Су моншақтан ұлттық ою-өрнек түрлерін жасау технологиясы 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
36 Шығармалық жұмыс.Жоба қорғау 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс
37 Қорытынды сабақ. 1 Өздік жұмыс Шығармашылық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: ( оқушылар үшін)

 

  1. С. Қасимов « Қазақ халқының қолөнері» Алматы-1995 ж
  2. «Мектептегі технология» жур № 9 2007 ж;
  3. «Қазақстан әйелдері» №1; 2009 ж
  4. «Салт-дәстүрлер» М.Көпеев
  5. «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» С.Кенжеахметұлы
  6. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смайылова.
  7. . «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» Б.Жүсіпова