Жаңа жылдағы жаңа ертегі» аудандық қайырымдылық шыршасының (театрландырылған көрініс) сценариі

160

Маңғыстау облысы Бейнеу селосы «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Г.Әжібаева

 

Жаңа жылдағы жаңа ертегі»

  аудандық  қайырымдылық шыршасының (театрландырылған көрініс) сценариі

 

Жүргізушілер: Құттымұратова.  М

                            Изтлеуова. Б

Кейіпкерлер: Патша, уәзір, Жалмауыз кемпір, сиқыршы, Аяз ата, Ақшақар, Жаңа жыл, Ескі жыл.

Массовка:  Аю мен Маша, Буратино, Пьеро, Базилио,түлкі Алиса, Армагадес, Мысық, Мальвина, Тауық 12 балапандарымен, Клоундар, Д,Артаньян үш ноянымен, Патшайым, Ханша мен ханзада, сарай қызметшілері мен қонақтар.

Зал тақырыпқа сай безендірілген ,сарайдың іші ортада фуршет қойылган,сарайға  қонақтар  келіп жатыр, биреуі жаймен иіле амандасып жатса, биреулері өзара сойлесіп тұрады,уй күтушілері қызмет жасап жүреді. Осы мезетте патша сайқымазағы секіре жүгіріп келіп былай дейді:

Сайқымазақ: Ханымдар мен мырзалар! Сарайға мәртебелі патшам мен патшайым келе жатыр! Қарсы алыңыздар!

Залдағы қонақтар қақ айырыла жол беріп, иіле амандасады. Патша мен патшайым уәзірі Бүлдіргенмен бірге кіріп келеді де таққа отырады.

 

Патша:    Армысың, аманбысың халқым менің

Жаңа жылым, О менің Жаңа жырым

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Салтанатты кешімнің қонақтарын

Қарсы алыңдар, қошеметпен!!!

(балаларға арналған музыка әуенімен ертегі кейіпкерлері  кішкентай бүлдіршіндерді жетектеп, ортаға шырша жанына алып шығады)

 

Патшайым:  Төрлетіңдер, балалар

Шырша сәнін көріңдер

Әсем әнмен би билеп,

Көңілді өмір сүріңдер!

Балалар орналасқан соң патша уәзірді ымдап шақырады, уәзір ортаға шығып ақ бетті парағын жайып жіберіп оқи жөнеледі.

  1. Уәзір: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Қызықтан құр қалмаңыздар.

Сарайында  патшаның

Бал маскарад тойлаңыздар.

О, Жарандар , қараңдар

Естімеген естіңіздер,

Көрмегендер көріңіздер

Қызықтаңдар, сайраңдаңдар,

Патшаның жарлығына құлақ түріңіздер! ( пауза, жарлық жазылған бетті ашып жіберіп былай дейді)

Құрметті ханымдар мен мырзалар! Мәртебелі  патшамыздың сарайында «Жаңа жыл»   мерекесіне орай бал маскарад болмақ. Бұл бал маскарадта патшаның көңіл күйін көтерген жан жақтан келген өнер иелеріне, мәртебелі патша сансыз сый құрмет жасамақ. Кербездене келе жатқан 2014 жаңа жылдың тамаша сыйынан құр қалмаңыздар.

 

 Сайқымазақ:  Әнмен шашу шашайық

Бимен балды ашайық

Келіңіздер халайық

Жырға жырды қосайық.

Вальс

Музыка. Патша мен патшайым ,сарай қонақтары жұптасып билейді. Сахнаға мыстан жүгіріп шығады да айналасына қарай:

Мыстан:  Уааа қонақтар, қош кордік, неге состип тұрмыз. Қане, бірге билейік, ортаға жиналайық. 1, 2, 3 күлімсіреп қарайық

1, 2 ,3 сарайында патшаның, биді билеп тастайық ( музыка флешмоб)

                                        «                     Флешмоб                                                »

 

 

II-блок.            Сахнаға екі жүргізуші шығады ( музыкальный фанфары)

 

 

Маржан:     Кел жаңа  жыл, қош келдің, қошеметпен қарсы алам,

Арманыма жеткізе кел, ғұмыр бойы аңсаған

Мен тәуелсіз Қазақстан, егеменді елмін,

Мен осылай, жаңа жыл, бар әлемге жар салам,

Кел, Жаңа жыл!Жаңа жыл!

Бибігул :          Байлық әкел, бақыт әкел баянды,

Қуанта кел әкелерді, аналарды аяулы,

Бейнеуіме бар жақсылық, береке ала кел,

Шалқыта кел жастарымды, қарттарымды қалаулы.

 (музыка, қол шапалақтау…)

Маржан:    Құрметті қонақтар мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Жаңа жылдагы жаңа ертегі» атты қайырымдылық шыршасына қош келдіңіздер!

Бибігул : Бүгінгі ұрпақ –ел келешегі. Ел келешегі –бүгінгі бүлдіршіндеріміздің жүзі жарқын, көңілдері шат болып, бақытты ғұмыр кешуіне ықпал етіп келе жатқан «Шапағат» қайырымдылық қорына алғысымызды білдіре отырып, құттықтау сөз кезегін аудан әкімі Басшы Айжанақұлына береміз.

Маржан:  аудан әкімі Басшы Әзірханов мырзаның балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық. 

Аудан әкімі Басшы Айжанақұлының  құттықтау сөзі.

«Шапағат» қайырымдылық қорының сыйлық тапсыру рәсімі. ( оқушыларға сыйлық таратқанда жетектеп әкеліп, орнына апарып жүру ертегі кейіпкерлері орындайды. Музыка орындалып тұрады.)

 

Жауынның дыбысы немесе найзағай ойнағанда залға сиқыршы әйел сиқырлы таяғымен жәймен келе жатады.

Сиқыршы:  Мына патша сарайы неге көңілсіз? Неге? Балалар да көңілсіз, маған ұнамайды. Ендеше, сиқырлы таяғымды сынап көрейін. ( Осы кезде ортада кетіп бара жатқан мыстанға музыка ырғағымен таяғын шошайтып, түртіп қалады. Мыстан сол мезетте қатып қалады Мыстанды қайта оятады.)

Сиқыршы:   Жоқ, бұл емес. ( айналасына қарап тұрып)  Таптым. Шыршаның жарығы жоқ екен гой. Олай болса, достар, мен патша сарайының құрметті қонағы және мейірімді жан Басшы  Айжанқұлын, сиқырдың күшімен шырша шамын жағуға көмекке шақырамын. Қанеки, құрметпен, қол соға қарсы алайық!   ( Әкім сиқырлы таяқтың күшімен шыршаны түртіп қалған кезде, шырша шамдары жарқ етеді)

 

Ән:                  «                                                                     »                                                                                                                                                  

 

( Патша орнында отырып , жан жаққа карай..)

Патша:  — Уәзір, уәзір, Бүлдірген ! қайдасың?

Жеті қат жер астына түсіп кетті ме?!

 

Уәзір: Мен мұндамын, тақсыр, келдім!

 

Патша:  ( орта да жүрген мыстан кемпірді енді көргендей қарап)  Мынау кім? Ол неге менің патша сарайымда жүр?  Мен неге білмеймін?

Уәзір: Сен кімсің? Кім шақырды сені? ( кемпірдің қасына кеп)

Мыстан :  О, қадірменді патшам. Мені барлығы жалмауыз кемпір деп атап кетті, бірақ мен ешкімге зиянымды тигізбеймін. Адамдардың өздері мені жалмауыз қылған. Осы уақытқа дейін, балалармен Жаңа Жылды патша сарайында қарсы алып көрмеппін. Рұқсат болса кештің қонағы болайын?!

Патша:  Ммм, сен менің қонақтарымның мазасын алмайсың ба? Шартым бар, егер орындай алсаң?…  Менім қурметті қонақтарыма өз өнеріңді көрсетесің. Орындай алмасаң ,үйіңе қайта бер!

Мыстан: Өтінемін балалар, мен сендермен қалып Жаңа жылды тойлағым келеді, өтінемін, мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге күшті ойын ойнатам, биді де билеп беремін.

Уәзір: Балалар, мына мыстан қалсын ба арамызда? ( балаларга қарайды)

Балалар: Ия, қалсын арамызда.

Патша:  Ендеше , кештің шырайын келтіріп, ат салыссын!

Сайқымазақ: Кош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге  ( мыстанға қарап)

Биді билеп тастайық,

Көңілді әнді бастайық!!!

Мыстан: Менің құдіретім шексіз! Мен қазір сіздерге соооооонауууууууууууууу Америкадан әншілерімді шақырта аламын. Сенбесеңіздер менің ұшатын сыпыртқыма қараңыздаршы. Суф,Уфф, Шура, Мура, пепси Кола, Мелки Уей ….( деп айқайлай сыпыртқымен айналады, сол мезетте музыка ойнала кетеді де , ортаға Бон и М тобы шыгады )

 

Ән: ……………………………………………………………………………………………………………………………………

 

Сайқымазақ:  Мыстан кемпір, сен шетелден ғана шақырта аламысың? Өзіміздің әншілеріміз қайда, сиқырлығынды көрсет.?

Мыстан:  Ол сөз болып па, шақыртамын, қайсысы керек? Тамара ма, Нұрлан Албан ба алде Музартты ма? Алақай, олақай….. сууууууууууууууф,уффффф тооооооооонау Алматыдан Ұлықпан Жолдасовты шақырамын.

Ән:….                                                                                                                                                »

 

III-блок. Сахнаға екі жүргізуші шығады ( 2013 жылда жасалған аудан жетістіктері туралы айтылып,  видео ролик  экраннан корсетіледі)

 

Маржан: Еліміз тағы бір жылды артқа тастап, жаңа жылға аяқ басты.
Өткен жыл есте қалар ерекше оқиғаларға толы болды.

Мемлекеттік саясаттың арқасында еліміз дағдарысты еңсеріп, экономикалық дамудың жаңа жолына түсті. Сонымен қатар, ауданымызда көптеген әлеуметтік, мәдени, спорттық нысандар, маңызды шаралар, бірқатар ұшқыр жобалар іске асты. Экранға назар аударыңыздар! ( экраннан көрсетілім)

Бибігул :   Халыққа аса қажет қазіргі заман талабына сай, жаңа білім ордалары бой түзеді. Бүгінде бүкіл саланы бірдей қамтып, барлық бағытқа алға басу ғана тән.

Өңір алдындағы тапсырмалар толықтай орындалып, жыл басында көздеген уәделеріміз бен мақсаттарымызды екі есе артығымен жүзеге асырдық және барлық экономикалық көрсеткіштерді жоғары деңгейде ұстап, бірнеше жыл қатарынан алдыңгы қатардан көрінуде. Ескі жыл жақсы  жаңалықтарға толы болды.  Олай болса ескі жылмен кездеселік.

 

Би:  «Балапандар мен тауық»  ( жұмыртқа ішінен Ескі жыл- жылан шығады)

 

( Ескі жыл келеді.   Сахна сыртынан Жаңа жылдың дауысы естіледі ) 

 

Дауыс: Уа, құдіретті де, құрметті Ескі жыл  амансың ба? Мен барғанша жер анада шырша жайнап тұрсын. Барлық адамға бақыт болып келемін. Қымбатты Ескі жыл желтоқсанның соңғы күнін салтанатты өткіз. Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды. Құрметте оны..                                                   

 Ескі жыл:  Рас айтасың, жақсылығы мол жыл, Жаңа жылым! Ер жүрек елім аман болса, әрбір минутымды бақытты өткіземін. Көк жасыл көңілді көктем,жадыраған жаз, жемісті Алтын күз бақытты болып өтті.Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.

 

Ән:

 

IV-блок. Уәзір шығады.

Сайқымазақ:  Құрметті қонақтар! Бүгінгі салтанатты Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып турмын.

Патша: Қуаныңдар, қонақтар, тамсаныңдар .

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен

Құрметпен қарсы алыңдар !!! ( залдағылар жан –жағына таңырқай, мәз бола күбірлесіп кетеді. Осы кезде көңілді классикалық музыка  ойналады)

 

Би: Венский вальс .

 

V- блок. Сахнаға уәзір шығады.

 

Сайқымазақ:  Айтпақшы, балалар бізге Жалмауыз кемпір уәде берген, сендерге тамаша ойын ойнатам деген еді, қайда жүр өзі?

Балалар: Әне, әне, жалмауыз әже! ( мыстан кемпірді қолмен көрсетеді)

Жалмауыз кемпір:  Бармын, бармын. Бұл ойын «Алдау ойыны» деп аталады. Мен сендерді алдаймын, сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған балақай айыбын өтейді.

Мен мұрнымды ұстадым! 1,2,3.  ( өзі құлағын ұстайды)

Мен басымды ұстадым! 1,2,3.  ( өзі иығын ұстайды)

Мен аяғымды ұстадым! 1,2,3.  ( өзі белін ұстайды)

Мен қолымды жасырдым! 1,2,3.  ( өзі қолын шапалақтайды)

Жалмауыз кемпір:  Балақайлар, ішімізде алданғандар бар, мен байқап тұрдым, қане өздері шығып айыбын өтесін.

Оқушылар өз өнерлерін көрсету керек

 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен балалар! Шрек пен Фиона Аяз атамызды патша сарайына ертіп келе жатыр, қол соға қарсы алайық.

Аяз ата мен қызы Ақшақарды  қарсы алу . Музыка. (Аяз ата туралы ән айтылады. Ән біткен кезде Аяз ата кіреді залға. залдағы қонақтар ортаны қақ айыра Аяз атаға иіліп сәлем ете, жол ашады)

Аяз ата: ( шана үстінде )

Достар, достар!

Тағы да бір жыл жаңа

Қадам басты, ұрлана да нұрлана

Жүректерде лүпілдейді жас үміт.

Ашылады – шашылады бүр жаңа

Кәне. Достар, көтерейік иықты

Аңсайықшы қыран самғар биікті

Жарқыраған әсем көздер айналам-

Сәлем саған өрендерім сүйікті! (шанадан түседі)

( Басын иіп) Амансыңдар ма, балалар!

Сәлеметсіздер ме ? Ханымдар мен мырзалар!!!

Жаңа жылдарың құтты болсын,

Денсаулықтарыңыз мықты,

Аспандарыңыз ашық, жұлдыздарың жарық болсын!

Егеменді еліміз көркейе берсін!

Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!

Ақша қар: Қандай керемет сарай, асем шыршамыз тұр, қандай сүйкімді балдырғандар! Қане, достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға салайық, сыйлықтан да құр қалмайық.

 

Маржан:   Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып,. Келді бізге қонаққа, Аяз ата  оралып. Балдырғандар , қане, кімнің қандай өнері бар? Ортаға шақырамын! ( Балалар өнерлерін көрсетеді)

 

Бибігул :         Балалар қараңдаршы, бүгінгі күн тамаша өтіп жатыр, Жаңа жылымыз ертегі тәрізді, қандай керемет, демек бұл жыл ертегі болып өтеді деп ойлаймын?! Ендеше,  ертегілер елінен сонау алыстан суйкімді буратино да келіпті, өнерін тамашалайық.

Би :  «Буратино»

«Маша мен Аю» көрініс

Маржан:     Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Бибігул :         Елімізді нұрландырған

Халқымызды тату қылған

Көшбасымыз Нұрсұлтан

Бірге:  Жаса мәңгі, жаса елім

Тәуелсіз Қазақстан!!!

( Экраннан Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтау сөзі)

 

Ән                    «                                                                                 »

 

Залдан күйдің үнімен жылқының кісінегені, шауып келе жатқан дыбысымен шыршаны айналып Жаңа жыл билеп келе жатады.  Экраннан  жылқыларды көрсетіп тұрады. Көрермендер қол соғады.

 

Маржан:        Келді міне, Жаңа жыл аппақ болып.

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

Аулымыздың тұсына қонып жатыр

Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып.

Қонысың құтты болсын Жаңа жыл,

Қонарсың Берекелі Бейнеуіме бақыт болып.

Жаңа жыл:       Туғызам  айды   бүгін

Әр  күнім  айбынды  күн

Күлімдеп  нұр  шығады

Күншілдік   тұншығады

Әкелдім  бейбіт  күнді

Ешбір  жан  болмас  мұңды

Бибігул :         Кел, Жаңа жыл, жеттін бе тағы айналып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп -шашпай тасытып кетсең екеен

Қазақ деген халықтың несібесін.!

Маржан:       Кел, төрлет, Жаңа  жылым, құтты  жылым,

Өзіңді  бүкіл  елім  күтті  бүгін

Қарсы  алдық,  сені  еселі  еңбекпенен

Жарқырап, әне  алдымнан  шықты  күнім

Мен  саған  әнім  менен  гүл   өрейін

Осы  сәт  кімге  бақыт  тілеймін.

Халқымның  амандығы,  саулығы   үшін

Көңілді  бір  көтеріп  жіберейін.

 

Қазақ биі:  «                                             »

Ән:  «                                                         »

 

 

Бибігул: Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей әлеуметтік топтағы балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақының тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол игі іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі – істердің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Олай болса осы балалардың жаңа жылдық шыршасына демеушілік жасаған аудан әкіміне, «Шапағат» қайырымдылық қорына алғысымыз шексіз.

 

Маржан:     Қымбатты достар, қонақтар!

Міне, Жаңа 2014 жыл да келді. Ал 2013  жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді, онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде ,аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына,біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.
Бибігул:       Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

                       Демалып Жаңа жылға қадам бастық

Құтты болсын Жаңа жыл баршамызға
Маржан:     Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

 

 

Музыка (  Жаңа жыл туралы ән, би .)

Сценарииді құрастырған: Г.Әжібаева

Соңы. 2013 ж