« Мектеп және ата-ана.»

108

Тақырыбы:  « Мектеп және ата-ана.»

Мақсаты:

1.Отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін насихаттау.

2.Отбасылық тәрбиелеудің маңыздылығына қоғамдығының назарын тарту.

3.Отбасылық тәрбиелеу ісінде халықтардың адамгершілік, мәдени дәстүрлерді сақтандыру және көбейту.

Ата-аналар жиналысына қатысушылар: 3- сыныптың  ата-аналары, тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Ә.Қ.Әскерова және  оқушылар , мектеп психологі Е.Т.Әлжанов.

Дайындық жұмыстары:

  1. Ата-аналармен жан-жақты қарым-қатынас.
  2. Ата-аналардың жиналысына оқушылардың дайындығы, әр отбасыға тапсырмалар.

Жиналыстың барысы

Ата-аналар жиналысының шешімі.

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі.

Ата-аналармен жан-жақты қарым-қатынас.

Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты , мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген  тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата — ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының  басты кепілі  мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана. «Отбасында  адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына ,туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» — деп Елбасы айтқандай , бала әкеден — ақыл, анадан — мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі,білімді, мәдениетті,  … болуын қалайды. Ал   адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата — анасын ардақ тұтып , өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.

Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінуі тиіс. Егер әрбір сынып жетекшісі ата-аналармен жұмыс жүргізсе, барлық ата-ана өз баласының тәрбиесіне көңіл бөлетіндігі байқалады.

Осы жиналысты өткізетін алдында мен ең алдымен, әрбір баланың ата-анасымен кездестім. Ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізі — алдын ала жоспарлау, алға мақсат қою, оны қалайда орындау.

  1. Оқушының ата-анасымен, жанұя жағдайымен толық танысу үшін арнайы үйлеріне бару.
  2. Ата-аналарды хат арқылы мектепке шақыру.
  3. Сынып оқушыларымен бірігіп жиналыс ашу; ата-аналар комитетінің есебін тыңдау, бағыт беру.

4.Ата-аналарға педагогикалық тақырыптардағы әңгіме, баяндамалар     оқып,  түрлі басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар  мен пікірлер оқуды тапсыру.

  1. Белсенді ата-аналарды басшылыққа алу, үлгі-өнеге ету.

Осындай түрлі жұмыстар жүргізу — менің әр күнгі төл ісім болып саналады. Сыныбымдағы оқушылардың ата-аналарымен толық таныспын. Үйіне барып байланыс жасаған кезде сол оқушының мінез-құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс сынып жетекшісінің жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді.

Жиналыстың барысы:

Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің тамаша үлгілерінің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгіме желісінен, іс-қимылынан танылып, сезім жіптері арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу үрдісінің мәні зор. Қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ол ұлттық мәдениетті игерген, иманжүзді, инабатты, жалпы адамзаттық, асыл қасиеттерге ие болады.Отбасы- адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі- дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі — дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

«Баланың құқық жөніндегі конвенцияда»1989 жылы отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.

Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда.

А.С.Макаренко «Ата-анаға арналған кітабында» … Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді.

Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке үмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.

Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастырған. Мысалы, ойын ойнау, көркемөнермен шұғылдану арқылы адам мен баланың қарым-қатынасын нығайтуды көздеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы мақсат бойынша  «Шаңырақ сыны сайысы» атты шараны тамашалаңыз.Өткізу мақсаты: халық педагогикасын тәрбие барысында қолдану, ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру.

Сайысқа қатысушылар: Әскеров, Қабдраш, Аманжолов және Омаровтар отбасылары.

Өткізілу шарты: 6 кезеңнен құралған.

1-кезең: «Жеті атасын білген ер,

Жеті жүрттың қамын     жер»

(Әр отбасы өзін-өзі таныстыруы: не өлеңмен, не қара сөзбен)

2-кезең:  «Ата мұраң- асыл қазынаң»

(салт-дәстүр, әдет ғұрыптарға байланысты тапсырмалар)

3-кезең:  «Ата көрген оқ жонар-

Ана көрген тон пішер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Әр отбасының ата-анасына, баласына жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Мысалы: анасы ою ояды, баласы бейнесөз шешеді, әкесіне қолөнерге байланысты тапсырма — сұрақтар.)

4-кезең: «Халық тәлімі — тәрбие бастауы»

(бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар)

5-кезең: «Ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны ілер.»

(бата түрлері, шешен-би сөздерінен үзінді)

6-кезең:«Марапаттау»

Ұлттық педагогиканың қайнар көзі — отбасы. Ата-бабамыз балаларын батылдыққа, батырлыққа, шеберлік пен шешендікке, табандылық пен төзімділікке баулыды. Әже-аналарымыз қыздарын мейірімділікке, әдептілік пен бауырмалдыққа тәрбиеледі.Қазіргі қазақ мектебінде осы үрдісті жолға қоятын уақыт жетті.Сабақ кезінде әрбір отбасының салт-дәстүрі ескеріліп, баланың үйреншікті дағдысынан ауытқымай, психологиялық тежелуги ұшырамауы ескерілуі шарт.

Мектеп психологінің сауалнамасы:

Біз қандай ата-анамыз?

  1. Сіздің жанұяңызда түсінушілік бар деп санайсыз ба?
  2. Балаларыңыз сізбен сырларын бөлісе ме?
  3. Сіздің жұмыстарыңызға қызығушылықтары бар ма?
  4. Сіз балаларыңыздың достарын білесіз бе?
  5. Олар сіздің үйіңізде болып тұра ма?
  6. Балаларыңыз сізбен бірге үй шаруасына араласа ма?
  7. Жанұялық мерекелерді әзірлеуге балаларыңыз қатыса ма?
  8. Үйде балаға жазалау әдісі қолданады ма?
  9. Бала мінезінің қандай сапалық жақтары айқын көрінеді?
  10. Мектепке деген көз қарастарыңыз қандай?
  11. Сізге мектеп өмірі туралы балаңыз айта ма?
  12. Отбасы мүшелері балаға өз жұмыстары туралы айтады ма?
  13. Сіздің балаңызда ұят сезімі дамыған ба?
  14. Жанұяңызда халқымыздың қандай салт-дәстүрлері сақталады?

 

 

 

 

Шешімі:

«Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу- яғни, баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық — қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттық дегеніміз- адамзатқа қызмет ету»,- деп жазады Сара Алпысқызы Назарбаева өзінің «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында.Еліміздің Бірінші Ханымының жеткіншек тәрбиесіне деген жанашырлығы, еліміздің болашағына деген зор сенімі, қоғамның дамуына қарай ұрпағының қалыптасуына көңіл бөлу педагог қауымға ғана емес, барша жұртқа зор   ықпал етері даусыз. Қазақ отбасындағы дәстүрлер арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту. Оларды рахымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қорытынды:

«Бала нені білсе жастан, ұядан,Өле өлгенше соны таныр қиядан» — дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың саналы тәрбие, білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.

Ата-аналарға ұсыныс:  «Мектеп, оқушы, ата-ана» тақырыбына өз ойларын білдіріп мақала жазу.

 

 

 

Математика

 

1) Алты жүз жетпіс мың үш жүз алты санының жазылуын көрсет:

 

А) 607360   В) 607306    С) 670306   Д) 670360

 

2) 400 100 санының алдындағы санды тап:

 

А) 399 999   В) 400 101    С) 400 090    Д) 400099

 

3) 8т 8ц-ді центнермен қалай  өрнектейміз?

 

А)808ц         В) 880ц          С) 88ц            Д) 8800ц

 

4) Төртбұрыштың периметрі 48дм. Бір қабырғасы 11дм, ал қалған қабырғалары қанша?

 

А) 16дм      В) 6дм         С) 13дм          Д) 32дм

5 )Мына өрнектің дұрыс мәнін тап: 20×(180+20):50-30

А)180        В)170           С) 50              Д)40

6) Жастық 100 тенге тұрады. Ол көрпеге  қарағанда 5 есе арзан. Көрпе канша тенге                                   тұрады?

А) 20тг     В)103тг          С) 5000тг         Д) 500тг

 

7) 15 жай қарындаш және 6 қарындаштан 5 дана тұрлі-тұсті қарындаш сатып алынды.

      Барлығы қанша қарындаш сатып алынған?

А) 45     В) 120                 С) 26             Д) 80

8) Шаршының ауданы 81см². Оның периметрін тап.

А)9см    В) 36см               С) 18см      Д) 63см

9)  Белгісіз санды тап: х-324=438

А) 752     В)144                 С) 762        Д)662

10) 432567 санының ішіндегі жүздігі қай санды қөрсетеді?

А)4         В)3                      С)2              Д)5

11) Бақшаны суару үшін 64 шелек су дайындалады. 6жүйекке 5 шелектен су құйылды.

      Күбіде қанша шелек су қалды?

А) 34     В)12                      С) 24          Д)53

12) Өрнектің дұрыс мәнін тап:54 900+30

А)183    В) 1830                 С)173        Д)18300

13) 44310+1350:(180-3600:120)х30 амалдарындағы ең сонғы орындалатын амал:

А) қосу    В)бөлу               С) азайту  Д) көбейту

14) 55 және 44 сандарының қосындысының ұштен бір бөлігі:

А)33           В) 30                  С)297        Д)66

15)  Кеме портан7-қырқүйек күні таңертенгі сағат8°°-де шықты да,белгіленген ауқыт           бойынша 9-қырқүйек кұні сағат5-те портқа келді. Кеме жолда қанша сағат болды?

А)25сағ.    В)49сағ.              С)33сағ.  Д)57сағ.

16)  Бірдей 5пакеттегі 15кг алхорыны тепе-тең етіп өзара бөліп қоюға болады. 60кг алхорыны бірдей етіп бөлу үшін, қанша пакет керек?

А)4                 В)3                     С)9          Д)20

17)  Петяның жасы Катяның жасынан 3есе кем. Катя 6 жаста.Петяның жасы нешеде?

А)18жас          В)2жас              С)3жас     Д) 9жас

18)  Бірінші дүнгіршекте  930 журнал бар. Екіншесінде бірінші дүнгіршекке қарағанда 290 журнал артық, алүшіншісінде бірінші мен екінші дүнгіршекте қанша  болса сонша журнал. Үшінші дүнгіршектегі журналды тап.

А)1280                   В) 1220             С)2440           Д)2150

19) Коля, Боря, Вова  және Юра жарыста бірінші төрт орынды женіп алды.«Кім нешінші орын алды?» деген сұраққа былай деді: «Коля бірінші де, төртінші де орын алған жоқ Боря екінші орын алды. Вова ең соңғыорында емес» І орынды кім алған?

А)Коля                      В) Боря          С) Вова            Д)Юра.

20) Есеп шығаруда Салтанат сыныпта ең алдымен аяқтады. Есептің шығарылуын ол 5 сыныптастарына түсіндірді, ал бұлар тағы да 5 оқушыға түсіндірді. Сөйтіп, сабақ сонына дейін барлық оқушы есепті шығарды. Сыныпта неше оқушы бар?

А)30                          В) 31              С) 26              Д) 25

 

 

Тест жүйесіндегі бақылау.

 

1.Қатаң дауыссыз қатарын көрсет:

А)п, ф, т, ш, х;

В)в, г, ғ, к, ш;

С)р, м, п, ф, х;

Д)с, м, р, п ,г.

2.Сөздері ұяң дауыссыз дыбыстан басталған сөз тіркесі:

А) балалар әлемі;

В) күнделік беті;

С) жануарлар дүниесі;

Д) ұлттық киім.

3.Сын есімнен жасалған зат есімді көрсет:

А) сыпайылық;

В) балықшы;

С) балалық;

Д) оқушы.

4.Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсет:

А) мұрынды;

В) жүрегі;

С) құлақтың;

Д)аяққа.

5.Қоңырға – сын есімі қай септікте тұрғанын белгіле:

А) барыс септік;

В) шығыс септік;

С) ілік септік;

Д) жатыс септік

6.Сұрау есімдігінің көпше түрін көрсет:

А) біреулерге;

В) мыналар;

С) солардан;

Д) қандайларға.

7.Аптаның екінші күнін белгіле:

А) дүйсенбі;

В) жұма;

С) сенбі;

Д) сейсенбі

  1. Жатыс септігіндегі есімдікті тап:

А) одан;

В) ол;

С) онда

Д) оның.

9.-дар, -дер, -тар, -тер, -лар, -лер жалғауларының түрін көрсет:

А) септік;

В) жіктік;

С) көптік;

Д) тәуелдік.

10.Маған есімдігі қай септікте тұр?

А) шығыс;

В) жатыс;

С) барыс;

Д) табыс.

11.Етістік дегеніміз не?

А) заттың түрін, түсін білдіретін сөздер;

В) заттың атын білдіретін сөздер;

С) заттың санын білдіретін сөздер;

Д) заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер.

12.Баяндауышты тап: Қыран құс биікке ұшады.

А) қыран;

В) құс;

С) биікке;

Д) ұшады.

13.Жайылма сөйлемді тап:

А) Ол әнді жақсы айтады.

В) Мұғалім кірді.

С) Оқушы жазды.

Д) оқушылар тыңдап отыр.