Қыз қуу

Қыз қуу.

 

Басқа облыстарда дене тәрбиесі пәні бағдарламасында жүзу, шаңғы тебу, коньки деген сабақтар қыста үшінші тоқсанда, ұзақ тоқсанда өтеді. Солардың орнына біздің облыста программаға ұлттық ойындарды неге кіргізбеске. Дене тәрбиесі пәні программасын біздің облыс үшін былай өзгертсек, екі сағаттық үшін,

 

 

 

Р.сСпорт түрлеріІ тоқсанІІ тоқсанІІІ тоқсанIV тоқсан
1.жеңіл атлетика15 сағ
2.гимнастика14 сағ
3.спорт ойындары20 сағ
4.қазақтың ұлттық

ойындары

8сағ
5.президенттік тесті8 сағ
6.дала жарысы3 сағ
Барлығы: 68 сағ18 сағ14 сағ20 сағ16 сағ

 

 

Спорт ойындарына ІІІ тоқсанды беру себебім, бізде қазір қол добы дамымай қалып отыр, тіпті де оқушылардың танымай қалатын түрі бар. Сондықтан да ең болмаса 5-6 сағатты осы қол добын үйретуге, оны насихаттап, ойнай білуге үйретіп шығарсақ.

Бұрын ұзақ тоқсанға гимнастика сабағын қоятын едік те, оқушыларға әр түрлі құралды пайдаланып сабақ өтуші едік. Қауіпсіздік жағдайын қадағалап, ережені  сақтап  жүрсе ешқандай да жарақат алу болмайды. Ал гимнастика сабағында қолданатын құрал саны көп, әрі олар темір болған соң, жарақат көп алатын сабақ болған соң, арнайы оқуы жоқ мамандар оны өткізе де алмайды, өткізбейді де. Қазақтың ұлттық ойындарының дамымаған түрлерін тауып, дене тәрбиесі сабағына көптеп қолдануға шақырамын. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде де пайдалануға болады. Бұл ойындар адамның ой-өрісінің, өмірге көзқарасының дамуына, сана-сезімнің өсуіне мол мүмкіндіктер туғызуымен қатар адамның дене дамуына және рухын көтеруіне көмектеседі. Ұлттық ойындарда адамгершіліктің, мінез-құлықтың нормасына бағыт беру – басты міндет. Ойынға қатысушылардың ойын ережесін қалай түсінетіне байланысты, олар ойынның адамгершілік  нормасының қоғамға, ал керісінше қоғамның ойынға бағытталуында. Бұл ойындардың құндылығы – ойын кезінде адамгершілік мінез-құлық, өзара сыйласу, татулық, ұжымда бір-бірімен тіл табысу сияқты мінездер қалыптасады. Қазақтың ұлттық ойындарында белгілі дәрежеде ойнаушылардың бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынаста болуында. Ойын кезінде  жеке бастың ар-намысына тимеу қатаң сақталады. Ойын аяқталғанда бір-бірін балағаттау ия болмаса жығылып жатқан қарсыласының үстінен аттау – өрескел әдіс болып табылады.Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр қатаң сақталатын ойын түрлерінде алдын ала дайындалған өлеңдерін, сөздерін айтуға рұқсат етіледі. Сондай ойын түрлеріне «алтыбақан», «тоғыз аяқ», «мүше алып қашу», «қыз-қашар»  жатады. Ойын кездерінде әсіресе ән, күй ерекше орын алады. Сазды ойындарда ойынға қатысушылардың шығармашылық мүмкіндігі қалыптасады. Ондай ойын түрлеріне «айгөлек», «алтыбақан», «қыз бен жігіт» жатады. Ұлттық ойындар дене тәрбиесі сабақтарын дамытудағы негізгі құралы болып табылады. Бұл ойындарда көптеген тәсілдер жүйесі, үйрету мен тәрбиелеу әдістері жинақталған. Олар ұрпақтан-ұрпаққа таралып, әдет-ғұрып, салт-сана білімдерінің жиынтығы ретінде халық өмірін жан-жақты түрлендіруде. Арнайы спорт жабдықтары мен құрал-саймандарды көп қажет етпейтін қазақтың ұлттық ойындарының дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.