Кодекс Куманикус

93

Сабақтың тақырыбы: Кодекс Куманикус

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кодекс Куманикус кітабы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу
  2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

  1. Сүлеймен Бақырғани кім?
  2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?
  3. Сопылық хикметтердің қандай тәрбиелік мәні бар?

Тест тапсырмаларын орындау.

ІІІ Жаңа сабақ

     «Кодекс Куманикус» (куман – қыпшақ деген сөз) ХІІІ ғасырдың екінші жартысында құрастырыла бастап, ХІV ғасырдың басында (1303 жылы) аяқталған кітап. Қолжазба екі бөлімнен тұрады. 1) Латынша – парсыша – куманша  сөздік,

2) куманша – немісше-латынша сөздік. Сөздіктің көлемі 164 бет. Онда сөздердің бірнеше тілдегі мағынасымен қатар, 50-ге тарта жұмбақтар, діни хикаялар бар. Діни хикаялар христиан аңыздарынан алынып, кумандар арасында христиан дінін уағыздау мақсатын көздеген.

Қолжазбаның жалғыз данасы Венециядағы Марк әулиенің  шіркеуінде сақталған. Төмендегі мәтіндер көне готикалық шрифтерімен жазылған қолжазбаның К.Гренбек бастырған түпнұсқасы бойынша берілген. Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, Париж, 1-бөл.), 1880 жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.), 1884 жылы неміс тіліне (В.В.Радлов, Санкт-Петербург, Кун баспасының негізінде), 1936 жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Гренберг, Копенгаген, түпнұсқа), 1942 жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша бөлімі 1972 жылы Иранда басылып шықты.Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б. [1]

 

Жұмбақтар

 

  1. Там-там тамызық,

Таматұғын тамызық,

Көлеңдеп жүріп, күйетұғын тамызық.

Ол – көбелек.

2.Онда-мұнда түйіндер бар,

Айыр ағаштан май тамады.

Ала-құла түйіндер бар

Қу ағаштан май тамады.

Ол – жүзім жемісі мен ағашы.

3.Аппақ алды жабулы,

Шоқпардай алтын басты.

Ол – тырна.

  1. Сенде, менде жоқ,

Сеңгір тауда жоқ,

Өте берік таста жоқ,

Қапшықта жоқ.

Ол – құстың сүті.

  1. Сиырдың сырты,

Қойдың қоң еті.

Ол – кереге.

  1. Жазда жаңа келін иіліп тұрады.

Ол – қамыстың басы.

7.Айдалада майлы тоқпақ жатыр.

Ол – кірпі.

8.Міне барды – ізі жоқ.

Ол – кеме.

8.Көкше лағым көгенде семіреді.

Ол – қауын.

9.Сарайдағы сары айғыр

Күлдір-күлдір кісінейді.

Ол – қазан.

 

 

 

Кодекс Куманикустағы жұмбақтар Қазіргі күнгі жұмбақтар
1.Ақ үй не аузы жоқ

 

2.Көкше лағым көгенде семіреді.

3.Міне барды – ізі жоқ.

Айдалада ақ отау,

Аузы-басы жоқ отау.

Көк лағым көгенде жатып семірді.

Өзі барда, ізі жоқ.

 

 

ІV Сабақты пысықтау

  1. Кодекус Куманикус нешінші ғасырларда құрастырылған?
  2. Қолжазба неше бөлімнен тұрады?
  3. Қолжазбаның жалғыз данасы қай жерде сақталған?

VІ Үйге тапсырма: Жұмбақтарды жаттау