Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер

Сабақтың тақырыбы: Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Хұсрау-Шырын» дастанымен және ондағы мақал-мәтелдермен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу
  2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

      «Хұсрау Шырын» жазба ескерткішінің түп нұсқасы Тінібек шаһзаданың тұсында 1341-42 жылдары жазылған. Авторы – Құтып. Бұл түпнұсқа Париждің ұлттық кітапханасында сақатаулы. Дастанның бізге келіп жеткен бір ғана көшірмесі бар.  «Хұсрау-Шырын» дастаны – негізінде әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазылған «Хусрау уа Ширин» деп аталатын поэмасынан жасалған еркін аударма. Бірақ Құтыптың бұл дастаны Низамиден түркі тіліне жолма-жол, сөзбе-сөз аударылмаған. Низамидің композициясы мен сюжетін толық сақтай отырып, еркін және шығармашылық жолмен, өз елінің өмір жолына сәйкестеп, өз халқының түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап барып жасалған аударма.

XIV ғасырда өмір сүрген түркілік дана ойшыл Құтып өзінің «Хұсрау-Шырын» атты жазба

ескерткіші әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазған «Хусрау уа

Ширин» атты поэмасының еркін аудармасы болып табылады. Бұндай стильдің назира

әдісі деп аталғаны белгілі. Құтыптың бұл дастаны Низамиден түркі тіліне жолма-жол,

сөзбе-сөз аударылмағанын мамандар кезінде атап көрсеткен болатын  Яғни

шығармашылық еркіндікті көрсету арқылы ойшыл өзінің философиялық ойларын

тұжырымдап отырған. Қазақ тіліне аударма жасаудағы Әрсен Ибатовтың еңбегін атап

өтуіміз керек.

Жалпы қай халықта мақал-мәтелдерге үлкен мән беріп, күнделікті өмірде оларды

даналықтың белгісі ретінде қарастырып келгені белгілі. Осы мағынада Құтып

шығармасында келтірілген даналыққа толы тұжырымдар халқымыз үшін ғасырлар тезінен

өтіп келген руханилыққа тәрбиелеуші этикалық нормалар болары анық. Міне, сондықтан

олардың философиялық сипаттағы мәдени мұра ретіндегі маңызы қазіргі заманда да зор.

Жалпы түркілік әлем үшін моральдік бағдарларды, тағылымдық ұстанымдарды жоғары

бағалау, оларды өмірде басшылыққа алу дәстүрі терең тамырлары бар құбылыстар.

Мүмкін, бұл біздің ділдік ерекшелігімізді айқындайтын бірден-бір қасиетіміз болып

табылады.

Парсылық тілде жазылған дүниені өз елінің діліне, тіліне, түсініктеріне жеткізу өнері

сонау әл-Фараби заманында араб елдерінде кең тарағаны белгілі. Авторлардың негізгі

мақсаты даналық үлгілерінің халық арасында кеңірек таралуына үлес қосу, жалпы

ағартушылық үрдісіне ат салысу болып табылады. Ағартушылықтың осындай өте нәзік те,

өтімді формасы түркілік дәуірде кең тарағаны байқалады.

Құтып әлемнің бір-біріне қарама-қарсы тұратын екі күшінің байланысы бар екенін,

олардың бір-бірімен оңайшылықпен ымыраға келмейтінін «Жараспас барша жерде от

пенен су» деген мәтелі арқылы жеткізеді. Яғни осы екі қарсыластық белгілі бір

үйлесімділікті, табиғи тепе-теңдікті ұстап тұрғандай. Шынымен де су көбейіп кетсе от

сөнеді, от қатты жанса су буға айналады. Міне, осы жерде әр нәрсенің белгілі бір шамасы,

қалпы, парқы бар екені туралы тұжырым келері анық. Ол мәселеге екінші бір мәтел сөзден

жауап тапқандаймыз:

Қазан астында от болса, қайнамас па,

Егер де көп қайнаса, ас айнымас па.

Әрине, ретсіз көп қайнаған астың дәмі қайдан болсын. Сол сияқты әр нәрсенің өзіндік

ішкі шамасы болғанын білгенге не жетсін. Бұл түбінде мұсылман елдеріндегі халықтық

ділде үлкен маңызға ие болған «сабырлылық» ұғымына әкеледі. Мәселен, ойшыл өзінің

бұл құбылысты төмендегідей бейнелеуі әркімге де үлкен ескертпе сияқты:

Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас,

Ақырын жүрген күндіз-түні жүрсе де талмас.

Адамның бойындағы жасырын күштерді, ашылмаған дарынды паш ету үшін пенденің

шыдамдылығы, еңбекқорлығы, сабырлылығы және соған деген ниеті болу керек

екендігіне меңзейді. Адамның өмірдегі көптеген жеңісі өзінің жеке басының еңбегі

 

 

 

«Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер

 

 

Көгершін ұшса үйренген жерінен,

Есен болса, келер сағынып ұясын.

 

Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас,

Ақырын жүрген күнді-түні жүрсе де талмас.

 

Тұзы аз болса астың татымы болмас.

 

Кілеміңе қара көсіл аяқты,

Жоқ болса, жерсің аңсызда табақты.

 

Мың болса да, достарыңды аз деп біл,

Біреу болса да дұшпаның, одан сақтан.

 

Арыстан түлкілік қылса жараспас.

 

Сөз сөйлесең, байқап сөйле.

 

Көңілде жасыр сырыңды, елге жайма.

 

«Мағынасын ашу»

«Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер

 

Менің түсінігім

 

 

ІV Сабақты пысықтау

  1. Хұсрау Шырын» жазба ескерткішінің түп нұсқасы қай кезде жазылған ?
  2. Дастанды кім аударған?

V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: мақал-мәтелдерді жаттау.