«Харут пен Марут» хикаясының мазмұны

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Харут пен Марут» хикаясының мазмұнын ұғындыру, көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу
  2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

  Лұқман хакім хикаяларының мазмұнын сұрау. Мәтінмен жұмыс.
♦ Рабғузи әңгімелерінің мазмұнын баяндау, рөлге бөлу, ойлау, негізгі идеяны анықтау.
♦ Рабғузи әңгімелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді?
♦ «Лұқман Хакім» хикаяттарын оқыған кезде әр әңгіменің ұсынып отырған ой-мұратын, тәрбиелік мәнін қалай түсіндің? Айтпақ ойы не?
♦ «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен, жаман болмақ та тіл мен жүректен» деген ойдың кілтін тап.
♦ Рабғузи әңгімелерінің қайсысы қазіргі қазақ ертегілерінде кездеседі? «Қазақ ертегілері» кітабы бойынша салыстыр.

Ой қорыту.
• Рабғузи әңгімелерін оқи отырып қандай шешімге келдің?
• Өз алдыңа қандай мақсат қойдың?
• «Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену» деген ойды жинақтай келе өз шешіміңді, алған әсеріңді ортаға сал.

 

ІІІ Жаңа сабақ

Харут пен Марут хикаясы

Харут пен Марут атты періштелердің әңгімесі мынадай оқиға. Оны Анис ибн Малик разы

аллаһ (оған Алланың ризашылығы болсын) рауайат (діни әңгіме) етіп айтатын еді.

Қабылдың [Адам атаның баласы] көрсоқыр ұлы бар еді. Оның да бір сыңар көзді ұлы бар

еді. Бір күні атасын ұлы жетектеп бара жатты.

Бір жігіт ұшырап «атамды өлтірген кісі» деп көрсоқырды таспен ұрып өлтірді. Бұл

оқиғаны періштелер көріп айтты: «Иллаһи, бұл не жағдай, ол көрсоқыр бейшараны

бейкүнә әрі сұраусыз ұрып өлтірді. Жаратушы Алла, [сізге] «адамды жаратпа, нақақ қан

төгеді» демеп пе едік». Құдай тағаладан жауап келді: «Ей, періштелер, егер сіздер жер

жүзінде болсаңыздар олардан бетер оңбағандық қылар едіңіздер, үлкен күнәлар сіздерден

шығар еді. Оларға әйел, перзент, ішпек-жемек, алтын мен күміс, әуестік пен

қызығушылық, ашкөздік пен нәпсіқұмарлық [бердім]. Бұдан бөлек кездейсоқ [жолығатын]

бөлелер [тағы] бар. Осынша нәрселермен маған асы болмағы қиын емес. Егер сіздерге

біреуін яки екеуін берсем, тез арада күнәкар боласыздар. Періштелер айтты: «Құдай

сақтасын, біздер ондай жасамаймыз». Осыған орай бұйрық болды: «Өз араларыңыздан

ниеті түзу үш періштені таңдап алыңыздар. Барлығыңыздан жақсырақ және білімдірек

болсын. Періштелер үш өнегелі данышпанды таңдады. Бұлардың бірінің аты-Аза, бірінің

аты-Азайа, бірінің аты Әзірейіл еді. Хақ тағала бұларға қызығушылық пен

нәпсіқұмарлықты, жемек-ішпекті беріп жер жүзіне жіберді. Бірі қазы, бірі мүфти болды.

Әзірейіл хабаршы болды. Ол ғалам софланың (төменгі әлемнің) хәл-жағдайын неше мәрте

ой таразысына салып барып тоқтамға келді. «Бүгін немесе ертең асы болып қалармын» деп

Әзірейіл Алла тағаланың даргаһына тоба қылып, мінәжат етті: «Ей, Алла, мен сөзімнен

қайтып, тоба қылдым». Құдай тағала оны әуелгі пішініне келтірді. Ал Аза мен Азайа қазы,

мүфти болып үкім таяғын қолдарына ұстап отырды. Кездейсоқ бір әйел еріменен ұрсысып қалды, Әйелдің аты Зуһра еді. Адал әйел еді. Ерлі- зайыпты [екеуі] қазыға келді. Бұлар ол әйелді көргеннен кейін кенет есінен тана ғашық болып қалды. Айтты: «Бұл әйелге сен зұлымдық жасаған екенсің. Талақ таста немесе бір адал [кісінің] қасынан үй жасап бер». Ол кісі әйелін тастауға қимады. «Бір адал кісінің қасынан үй жасап берейін, — деді. Періштелер айтты: «Біздер адалмыз, мына жерден үй жасап бер!». Екеуінің [жайларының] арасынан үй салып берді. Сонымен бір күні кеш болды. Екеуінің бір-бірінен хабары жоқ еді. Әрқайсысы Зуһраның есігін аңдыды. Бір сағаттан кейін бірін-бірі көріп қалды. Кездесіп, ақылдасып Зуһраның қасына барды. Бұларда қатты сезім пайда болды: ерекше нәпсіқұмарлықтан өздерін ұстай алмады. Ақырында бұл әйелге суық қолдарын жүгіртті. Зуһра айтты: «Сіздер періштеміз дейсіздер, мұндай істерді қылмаңыздар». Үзілді-кесілді қарсылық білдірді. [Алайда бұл оларға] әсер етпеді. Тіпті үдете түсті, Ақырында бұл әйел айтты: «Олай болса, маған аспанға шығаратын «Исми ағзамды» (Алланың ұлық аттарын) үйретіңдер. Содан кейін сіздердің не айтқандарыңызды қабыл етейін». Бұлар «Исми ағзамды» үйретті. Зуһра айтты: «Суға түсіп тазарайын, содан соң қабыл етейін». Зуһра суға түсіп тазарды, дәрет алды. Түнде айтылатын дұға «Қазы ул-Хажатты» оқып айтты: «Ей, Алла, бұлар мені зинаға зорлап тұр.

Бұл іс сенің даргаһында аса үлкен күнә. Менің зинаға құлқым жоқ. Осы «Исми ағзамның»

құрметіне мені бұлардың қолынан азат ет». Таң сәрі уақыты еді, [әйелдің] көңілінің пәктігінен құдай тағала періштелерге бұйрық етті. Аспанға алып шықты. Жұлдыз болды. Таңсәріде шығатын Шолпан деген жұлдыз — сол адал әйел. Әлқисса, бұл әйелдің, ісі халыққа жария болды. Көп әйелдер бұл оқиғаға қатты қызықты. [Өздері де сондай іс жасағысы келді]. Жасай алмады. Тағы бірде [періштелер] бір әйелге жоғарыдағыдай шыдамсыздық жасады. Ол әйел айтты: «Қажеттеріңді өтеу үшінарақ әкеліңдер. Ішіп, кейін ойнап-күліп, көңіл көтерелік». Арақ әкелді. Содан кейін: «Исми ағзамды» үйретіңдер», — деді. Үйретті. Арақ ішіп, мас болып, зина жасады. Содан кейін бұл әйел «Исми ағзамды»оқып аспанға шыққалы әрекет етті.

 

 

 

 

ІV Сабақты пысықтау

  1. Шығарма мазмұны жағынан қай жанр түріне ұқсайды?
  2. Хикаят сендерге несімен ұнады?

Ү  Сабақты қорытындылау.
Түркілік ортағасырлық ойшыл Рабғузи өзінің терең ойлы мысалға толы шығармаларында өнегелі, тәлімдік үлгілерді оқырмандарына ұсынады.
Рабғузи білдіретін даналықтың үлгілері өз замандастарына ғана емес, өзінен кейінгі талай
ұрпаққа нағыз адамгершіліктің сипаты іспетті болды. Өйткені, талай даналықтың үлгісі түркілік тарихымыздың ашылмаған беттерінде жатыр.

 

VІ Үйге тапсырма: хикаятты оқу, талдау.