Тест тапсырмалары ежелгі дәуір әдебиетінен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Орхон жазба ескерткіштерінің кейіпкерлері:
    А) Алып Ер Тұлға.
    В) Домруыл, Баяндүр.
    С) Оғыз-қаған, Төбекөз.
    Д) Білге қаған, Күлтегін.
    Е) Бисат батыр, Тұмар патшайым.
  1. «Қорқыт ата» кітабының 12 жырдан тұратын нұсқасы:
    А) Дрезден нұсқасы.
    В) Ватикан нұсқасы.
    С) Арестолика нұсқасы.
    Д) Александрия нұсқасы.
    Е) Вена нұсқасы.
  1. «Қорқыт ата» кітабындағы 8-жырды ең алғаш кім қай тілге аударды?
    А) В.Бартольд, орыс тіліне.
    В) А.Н.Кононов, орыс тіліне.
    С) Г.Ф.Дип, неміс тіліне.
    Д) Ә.Қоңыратпаев, қазақ тіліне.
    Е) В.Радлов, орыс тіліне.
  1. «Оғыз-наме» дастанының бір нұсқасының авторы:
    А) А.Қашқари.
    В) Ж.Баласағұн.
    С) Хорезми
    Д) Әбілғазы.
    Е) Қадырғали Жалайыри.
  1. Әл-Фараби өлеңдерін қазақ тіліне аударған ақын:
    А) Ә.Тәжібаев.
    В) Б.Ысқақов
    С) А.Нысаналин.
    Д) С.Жиенбаев.
    Е) Қ.Аманжолов.
  1. Ахмет Яссауи туған жер:
    А) Түркістан.
    В) Исфиджаб.
    С) Мерв.
    Д) Отырар.
    Е) Янгикент.
  1. «Құтты білік» дастанының кейіпкері:
    А) Күнтуды.
    В) Алып Бамсы.
    С) Бану-шешек.
    Д) Дерсе хан.
    Е) Жүсіп-Зылиха.
  1. «Құтты білік» туралы тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар берген кім?
    А) Жауберт Амадес.
    В) Герман Вамбери.
    С) В.В.Радлов.
    Д) С.Е.Малов.
    Е) Ш.Уәлиханов.
  1. «Қыс пен жаздың айтысы» қай әдеби ескерткіштен орын алған?
    А) «Құтты білік».
    В) Диуани лұғат-ат түрік
    С) «Оғыз-наме».
    Д) «Қорқыт ата» кітабы.
    Е) «Махаббат-нама».
  1. Б.Кенжебаев ежелгі дәуір әдебиетін неше кезеңге бөлді?
    А) 3
    В) 5
    С) 4
    Д) 2
    Е) 6
  1. Қаңлылар қай жерде мекендеген?
    А) Каспий маңы.
    В) Жетісу өңірі
    С) Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласы
    Д) Арқа жері
    Е) Ыстықкөл
  1. Алтын адам қайдан табылды?
    А) Алматы облысы
    В) Есік қаласы
    С) Тянь-Шань тауы
    Д) Қаратау өңірі
    Е) Сырдария өзенінің бойы.
  1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында кімнің мазары орналасқан?
    А) Қорқыттың
    В) Асан Қайғының
    С) А.Иүгінекидің
    Д) А.Яссауидің
    Е) М.Қашқаридің
  1. Ақындарды үш топқа бөліп қарастырған
    А) Әл-Фараби
    В) М.Қашқари
    С) Ж.Баласағұн
    Д) А.Иүгінеки
    Е) С.Бақырғани
  1. Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
    Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
    Әлде қайда ғайыптан ынтызар ғып,
    Өміріме бір ғажап сәуле берер.
    А) Әл-Фараби
    В) Хорезми
    С) Иүгінеки
    Д) Рабғұзи
    Е) Бабыр
  1. Көне түрік жазуы тіл тарихында қалай аталады?
    А) Санскритт
    В) Иероглиф
    С) Руна
    Д) Араб

    Е) Түрік

  1. Көне түрік жазуының сырын кім ашты?
    А) В.Радлов
    В) В.Томсен
    С) Ш.Уәлиханов
    Д) В.Виноградов
    Е) Н.М.Ядринцев
  1. Қай жылы көне түрік жазуының сыры ашылды?
    А) 1895 ж.
    В) 1774 ж.
    С) 1893 ж.
    Д) 1890 ж.
    Е) 1897 ж.
  1. Ежелгі түріктердің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен дастандарды ата:
    А) «Алпамыс»
    В) «Бабыр-нама», «Оғыз-наме»
    С) «Білге қаған», «Тоныкөк»
    Д) Кітаби дедем Коркуд
    Е) «Кодекус-куманикус»
  1. Көне түркі ескерткіштерді кім тапты?
    А) В.Радлов
    В) Н.М.Ядринцев
    С) С.Ремезов
    Д) Ш.Уәлиханов
    Е) В.Томсен
  1. ҮІІ ғ. тасқа қашап жазылған ескерткіштерді әдебиеттану тұрғысынан зерттеген ғалым?
    А) И.В.Стеблева
    В) В.Радлов
    С) З.Ахметов
    Д) З.Қабдолов
    Е) С.Е.Малов
  1. Нұх пайғамбар туралы хикая кімнің шығармасында айтылады?

А) Құтып
В) Рабғұзи
С) Дүрбек
Д) Хорезми
Е) Иүгінеки

  1. «Қорқыт ата кітабының» неше қолжазба нұсқасы сақталған?
    А) 4
    В) 1
    С) сақталмаған
    Д) 2
    Е) 3
  1. «Қорқыт ата кітабының» Дрезден нұсқасы неше жырдан тұрады?
    А) 12
    В) 7
    С) 14

    Д) 21
    Е) 24

  1. «Қорқыт ата кітабының» бір тарауын неміс тіліне аударған:
    А) А.Н.Кононов
    В) Т.Ф.Диц
    С) В.В.Бартольд
    Д) К.А.Иностранцев
    Е) Теодар Нельдеке
  1. «Оғыз-наме» жырының неше нұсқасы бар?
    А) 3
    В) 4
    С) 2
    Д) 6
    Е) 5
  1. «Оғыз-наме» неше циклдан тұрады?
    А) 25
    В) 40
    С) 30
    Д) 10
    Е) 20
  1. Әл-Фарабидің туған қаласы:
    А) Бағдад
    В) Қорасан
    С) Дамаск
    Д) Отырар
    Е) Каир
  1. Әл-Фараби еңбектерін қай тілде жазған:
    А) түрік тілі
    В) араб тілі
    С) парсы
    Д) грек
    Е) санскрит
  1. Әл-Фарабидің әдебиет теориясына қатысты еңбектерін тап.
    А) «Ғылымдардың шығуы», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме»
    В) «Бақыт жолына сілтеу»
    С) «Азаматтық саясат»
    Д) «Өлең ырғағы туралы», «Ырғақ пен өлең туралы сөз»
    Е) «Ақылдың мәні туралы трактат»

 

 

 

 

 
Тест тапсырмаларының кілті

1 В 13 А 25 В
2 В 14 А 26 В
3 Д 15 А 27 В
4 Д 16 С 28 Д
5 С 17 В 29 В
6 А 18 А 30 Д
7 А 19 В  
8 В 20 В  
9 А 21 А  
10 В 22 В  
11 С 23 Д  
12 В 24 А