Хорезми. «Махаббатнама»

85

Сабақтың тақырыбы: Хорезми. «Махаббатнама»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Хорезми шығармашылығымен, «Махаббатнама» поэмасының мазмұнымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу
  2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

1.Деңгейлік тапсырмалар

2.Сәйкестендіру тесті

ІІІ Жаңа сабақ

    Хорезмидің толық аты-жөні, өмірбаяны белгісіз, Сыр бойынан шыққан ақын. «Махаббатнама» атты поэмасын екі тілде бірдей жазған. Барлығы он бір бөліктен тұратын ғашықтық өлеңдердің үш тарауы парсыша, сегізі түркі тілінде. Дастан 473 бәйіттен тұрады және 58 жол «Хикая» деп аталатын шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек өлең бар. Шығармасында ақын махаббат, адалдық, адамгершілік жайында айтады. Азға қанағат етуді, бұрынғы салт-дәстүрлерден қол үзбеуді өсиет етеді. Хорезми бұл поэмасында нама жанрының өзіне дейін болмаған жаңа мүмкіндіктерін ашты, байытты. Өлеңнің араб-парсы поэзиясы арқылы келген ғазал, қасыда, мәснауи, фард дейтін шағын жанрларын да қолданған. Махаббатнама» — лирикалық дастан (авторы — Хорезми). Кейбір зерттеушілер оны сарай маңында туған одалық шығарма деген пікірде. Шығарманың басында Мұхаммед Хожабекке арналған мадақ бар. Бірақ Махаббатнаманың мазмұны одан көп бөлек. Хорезмидің дастанды түркі жөне парсы тілдерінде жазуына қарағанда, бұл кезеңде жазба әдебиет әлемінде екі тіл қатар дамыған секілді. Ә.Қоңыратбаев оның негізін оғыз-қыпшақ тілі десе, Махаббатнама Жармұхамедов Алтын Орда жағдайында қалыптаса бастаған Дешті- Қыпшақ тілінің жаңа үлгісі ретінде бағалаған. А.Қыраубаева да осы пікірді мақұлдаған. Дастан 754 жылы жазылған, ал арабша көшірмесінде 914 жылы көрсетілген. 14 ғ-да Сыр бойында мәдени өмір жанданып, Көк орданың шаңырақ көтергенін ескерер болсақ, Махаббатнама Сығанақта жазылды деп болжауға болады. Сүйіспеншілік сезіміне кұрылған сырлы саз — «Махаббатнама» өз дәуіріндегі түркі поэзиясының көркем бір үлгісі. Сол себепті қазақ әдебиетінің тарихы пан да көрнекті орын алады. Белгілі әдебиет зерттеушісі, проффессор А.Қыраубаева «Махаббатнама» туралы зерттеу еңбек жазған, қазақша көркем аудармасын жасаған.[1]

Алтын орда мемлекетінде негізгі ресми тіл қыпшақ тілі болды десек, «Мұхаббат-наме» осынау ата-бабалар тілінің әдеби, көркемдік мүмкіндіктерін талай ғасырларға мейлінше тереңінен аша білген жәдігер еді.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтың пікірінше, «Мұхаббат-наме» 1353-жылы Сыр, яғни Сырдария бойында жазылған.
Хорезмидің өзі шығарманың жазылуы турасында былай деп жырлайды:
«Мұхаббат нама сөзін мұнда айттым,
Барлығын Сыр жағасында жаздым».
Жалпы алғанда аутордың өмірбаянына қатысты, осы жыр жолдарынан басқа, нақты сақталған деректер жоқтың қасы. Хорезми – оның лақап аты. Ал шын аты-жөні турасында деректер сақталмаған. Ол Алтын орда ханы Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген екен.
Мұхаммед Қожабек деген кісі сол Алтын орда дәуірінде Сыр бойындағы көп әкімдерінің бірі болған екен. «Мұхаббат-наме» дастаны осы әкімнің тапсырмасымен, 1353-жылы жазылған көрінеді.
Сондықтан болар, дастанның кіріспесінде осы әкім Қожабектің артықшылықтарын көтере мадақтауға көп орын берілген.
Аутор шығарманың кіріспесінде Алла-Тағалаға сансыз мақтаулар айтып, оның адамдарға, яғни жұмыр басты пенделеріне көрсетіп, олардың ішіндегі саналылары аңғаратындай күйде қалыптастырып қойған ғажайып белгілеріне тоқталып өтеді.
Жаратушының шексіз шеберлікпен пенделеріне түрлі нәсібе таратып, сан қилы тағдырға ие ететініне қайран қалады. Бұлт екеш бұлттың өзі тек Алланың қалаған аймақтарына ғана жаңбыр боп жауатынын зор махаббатпен жырлайды.
Жазатын шығармаларын бір Алланың атымен бастап, табысқа жетудің кілтін бір Жаратушыдан сұрау Алтын орда дәуірінде және одан бұрын өмір сүрген шайырларға тән шығармашылық үрдіс болатын.
«Мұхаббат-наме» дастаны он бір бәйіттен тұрады. Шығарма желісі сұлу қызға өлердей ғашық болған жас жігіттің жүрек жарды сырлары ретінде берілген. Ғашық болған қызының сұлулығын сипаттау үшін жігіт байқұс оның көркін мына дүниедегі барлық әсемдік атаулыға шендестіруге әзір.Дастанда қыздың пікірлері яки жігітке қайтарған жауабы берілмейді. Оны тек жігіттің толғауларынан ғана аңғаруға болады. Қыз өзіне ынтық жігіттің баяндаулары арқылы ғана оқиғаға араласып отырады.Дей тұрғанмен тәкаппар сұлу қыз өзін құлай сүйген жігіттің осынау терең сезімін бағаламайды, оның қадіріне жете алмаған. Бұл жайында жырда терең қынжылыспен баяндалған екен.
«Мені саған деген ғашықтығым өлтірді,
Енді сенің есігіңнен аулақ кетемін, қош бол!»
Поэмадағы ғажайып махаббат осылайша аяқталады. Жігіт сөз арасында «Өзіңді сыйлағанды сыйла», деген пікір айтады.Поэманың тілі – көркем. Аутор оқиғаны қызғылықты түрде жеткізу үшін теңеу, шендестіру тәсілдерін және синоним сөздерді сәтті қолдана білген.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев «Мұхаббат-наменің» композициялық құрылымын талдай келіп: «Хорезми осы поэмасында дінді, о дүниені мадақтамайды. Осы дүниенің тәттілігін жырлайды. Аз ғана күндік тіршіліктің қызығын о дүниеден, ұжмақтан артық санайды. Тәңірге тіл тигізеді», деп қынжыла ой түйеді.
Дастанды зерттеуге әлемдік деңгейде белгілі түрколог ғалымдар атсалысқан екен. Солардың бірі А.М.Щербактың пікірінше, «Мұхаббат-наме» ескі өзбек тілінде жазылған-мыс.
Ал көрнекті түрколог Э.Н.Нәжіп болса, өзінің «Кипчакско-Огузский литературный язык Мамлюкского Египета» деген еңбегінде «…Алтын орда ескерткіштері тек бір халық, бір тайпа ғана емес, түркі халықтарының бәріне ортақ игі мұра…» деп тұжырым жасаған екен.
«Мұхаббат-наме» дастанын бір елдің қоржынына апарып теліп қоюға болмайды деген сөз. Бұл оймен қазақ түрколог ғалымдары да келісетіндерін өз еңбектерінде білдірген екен.
Қорыта айтқанда, «Мұхаббат-наме» түркі тектес халықтар әдебиетінде «намешілдік» әдеби ағымға жол салып берген бірегей шығарма.

Аудармасы

1.Ұлық тәңірдің атын жадыма сақтап,

Жазайын Махаббатнама жырын бастап.

2.Екі жарық гауһарды ғаламға берген,

Махаббат кенішін адамға берген.

3.Аспан дәптерінен түнді боятып қойған,

Жаһан жаратылысын сөзге ұстатып қойған.

4.Жеті қат зерлі айванды мына

Жаратты алты күнде хақ тағала.

5.Ауада сұңқар жемі – жаратты қуды,

Толған айдай қылар бір тамшы суды.

  «Венн диаграммасы»

«Махаббатнама» поэмасы        Ортақ қасиеттері      Қазіргі поэмалар

 

ІV Сабақты пысықтау

  1. «Махаббатнама» поэма неше тілде жазылған?
  2. Дастанды кім аударған?

V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: поэмадан үзінділер  жаттау.