Хұсам Кәтиб. «Жұмжұма сұлтан»

Сабақтың тақырыбы: Хұсам Кәтиб. «Жұмжұма сұлтан»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Хұсам Кәтиб шығармашылығымен, «Жұмжұма сұлтан» поэмасының мазмұнымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу
  2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

1.Деңгейлік тапсырмалар

2.Сәйкестендіру тесті

ІІІ Жаңа сабақ

    Шығыстың XIV ғасырдағы түркілік терең ойлы ақындарының қатарына Хұсам Кәтибті

жатқызамыз. Жеке өмірбаяны туралы мәліметтер аз болғанымен біздің ғасырымызға дейін

рухани мұра болып жеткен «Жұмжұма сұлтан», «Жәһаннам» жырларының маңызы зор

деген ойдамыз. Өйткені, бұл еңбектер нағыз этикалық принциптер негізінде жазылған.

Бұл шығармалардың терең ойлары өмірдегі философиялық іргетастарды, мәндік

негіздерді іздеуден тұрады. Хұсам Кәтиб өзінің оқырманымен сұхбаттаса отырып

«Дүниеде мәңгіге жаралған нәрсе бар ма?» деген сауал қояды. Кезінде ұлы пайғамбарлар

болған пенделер қайда, ғашықтықтың теңізінде жүзіп жүрген кейіпкерлер қайда, батырлар

мен байлар қайда? дей келіп, әлемнің жартысын билеген Шыңғыс хан да өткен жоқ па бұл

дүниеден деген тұжырымды келтіреді.

Міне, осы жағдайдың өзі өмірлік қағида екенін жақсы түсінген Хұсам Кәтиб өмірден

түңіліп, бұл дүниені жалған екен демейді, керісінше, болашаққа жасампаздықпен

қарайтын ойды ұсынады:

Келдің дүниеге — кетпек керек,

Бар күшің жеткенше жақсылық етпек керек.

Әрбір адам бұл дүниеде өзінің барлық қабілетіне қарай жақсылық жасауды мақсат тұтса,

онда әлеуметтік болмыс жетіле түсеріне ақын сенімді. Ал, енді жамандық жасаудың

ақыры адам үшін тозақ азабына түсу екендігін өз замандастарына да, кейінгі келген жас

ұрпаққа да ескертеді ортағасырлық ойшыл.

Ол өзінің «Жұмжұма сұлтан» поэмасының негізгі кейіпкері етіп Ғайса пайғамбарды алады

және соның Жұмжұмаға қойған сұрақтары мен оған алынған жауаптары арқылы бұл

тіршілікте асып-тасып кетуге болмайтындығын, адамның ғұмырлық міндеті

қайырымдылық жасау екендігін айтады. Бұл өмір мәндік мәселелер екенін белгілі және

олар этикалық нормаларға сүйену арқылы шешімін табады.

Жұмжұманың тағдыры адамзат тарихында талай қайталануы мүмкіндігін өзінен кейінгі

ұрпаққа ескертіп отырғаны байқалады. Шынымен де өмірдің барлық кіндігін, іргетасын

тек материалдық байлықтан іздеу қазіргі заманға тән әдет, дәстүр екенін жасыруға

болмайды. Нарықтық қатынастардың мақсаты да сол сияқты.

Сөйтіп, ақын Жұмжұма сұлтанды сөйлете отырып, өз заманының ғана емес, одан кейінгі

ғасырлардың мықтымын деген пенделеріне данагөйлікпен ескертпе жасайды. Адамның

мәні табиғи әлсіздігін қанағаттандыруда емес, рухани дүниесінде екендігіне жақын

емеурінді білдіреді, оқырманын ойлантады, өзі де бірге ойланады.

Келесі «Жәһаннам» жыры «Жұмжұма сұлтанның» жалғасы іспетті. Автор бұл жырда

адамның ішкі табиғатының әрқилылығын сипаттай келіп, әрбір пендеге тән

кемшіліктердің жан-жақты қырларын ашып көрсетеді. Әсіресе, адамның рухани жетілуіне

кедергі болатын қасиеттердің бастауы менмендіктен, өзімшілдіктен туындайтындығын

  Міне, сөйтіп, ортағасырлық ойшылдың керемет поэмасының мәтінінің қазіргі ұрпаққа

жетуі үшін көптеген еліміздің және шетелдің зерттеушілерінің дәнекерлік еткені

байқалады. Даналық ойларға байланысты осындай дәнекерлікті «философиялық мұраны»

халқымызға ұсынушы топтың да атқаратынын айтқан жөн іспетті. Жалпы кез келген білім

ұрпақтан ұрпаққа тасымалданып отырса ғана ол өзінің нағыз халыққа, адамзат

мәдениетіне қажетті рухани құндылық екенін танытады. Ал ондай құндылықтарын

бағаламаған халық өзінің рухани әлемін жүдетеді, жұтаңдатады, жастарының

материалдық әлемнің нәпсілік қажеттіліктеріне байлана түсуіне жол береді. Бұл рухани

дағдарыстың белгісі.

Әрине, тарихи үрдісте пайда болған шығармалардың бәрі бірдей рухани құндылықтар

жүйесіне ене қоймайды және бірте-бірте тарих қалтарыстарынан аса алмаған

туындылардың тағдыры ешкімді де онша қобалжыта қоймаса керек. Сондықтан, айтқан

сөзім қалай халықтың жадында қалады екен деп, «он ойланып, мың толғанған» жан ғана

шығармашылықтың биігінен көрінетін көңілге қонымды, зердеге зейінді дүниені халқына

ұсынары анық. Сондай тарихи тұлғаның қатарына Хұсам Кәтибті жатқызсақ

қателеспейміз.

 

 

ІV Сабақты пысықтау

  1. Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтан» дастаны нешінші жылы жазылған?
  2. Дастанды кім аударған?

V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: поэмадан үзінділер  жаттау