Хорезми. «Махаббатнама»

Сабақтың тақырыбы: Хорезми. «Махаббатнама»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Хорезми шығармашылығымен, «Махаббатнама» поэмасының мазмұнымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу
  2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

    Хорезмидің толық аты-жөні, өмірбаяны белгісіз, сыр бойынан шыққан ақын. «Махаббатнама» атты поэмасын екі тілде бірдей жазған. Барлығы он бір бөліктен тұратын ғашықтық өлеңдердің үш тарауы парсыша, сегізі түркі тілінде. Дастан 473 бәйіттен тұрады және 58 жол «Хикая» деп аталатын шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек өлең бар. Шығармасында ақын махаббат, адалдық, адамгершілік жайында айтады. Азға қанағат етуді, бұрынғы салт-дәстүрлерден қол үзбеуді өсиет етеді. Хорези бұл поэмасында нама жанрының өзіне дейін болмаған жаңа мүмкіндіктерін ашты, байытты. Өлеңнің араб-парсы поэзиясы арқылы келген ғазал, қасыда, мәснауи, фард дейтін шағын жанрларын да қолданған.

Аудармасы

1.Ұлық тәңірдің атын жадыма сақтап,

Жазайын Махаббатнама жырын бастап.

2.Екі жарық гауһарды ғаламға берген,

Махаббат кенішін адамға берген.

3.Аспан дәптерінен түнді боятып қойған,

Жаһан жаратылысын сөзге ұстатып қойған.

4.Жеті қат зерлі айванды мына

Жаратты алты күнде хақ тағала.

5.Ауада сұңқар жемі – жаратты қуды,

Толған айдай қылар бір тамшы суды.

  «Венн диаграммасы»

«Махаббатнама» поэмасы       Ортақ қасиеттері     Қазіргі поэмалар

 

ІV Сабақты пысықтау

  1. «Махаббатнама» поэма неше тілде жазылған?
  2. Дастанды кім аударған?

V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: поэмадан үзінділер  жаттау.