БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ.

62

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ.

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Біріккен Араб Әмірлігінің табиғат жағдайлары, мемлекеттік құрылысы, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                      БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ (БАӘ), әл — Ә м и р ә т әл­-Араби әл-Муттахи­да — Азиядағы Парсы шы­ғанағының оңтүстік жағала­уын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет.

Құрамына Әбу Даби, Дубай, Шараджа, Фуд­жайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмір­ліктері кіреді.

Жері — 83,6 мың км2

Астанасы — Әбу­-Даби

Халқы — 2,5 млн. (1997).

Арабтар­дан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар тұрады.

Мемл. тілі ­араб тілі.

Діні — ислам.

БАӘ — федеративтік мемлекет. Оған енетін әрбір әмірлікте монархиялық билік қалып­тасқан. Әмірліктерді басқара­тын билеушілердің барлығы Жоғ. Кеңес құрамына кіреді. Олар өз араларынан 5 жыл мерзімге президент сайлай­ды. Федеративтік ұлттық ке­ңес (40 мүше) — парламент тәрізді кеңесші орган. Атқару билігін Министрлер Ке­ңесі жүргізеді.

БАӘ-нің жері Парсы шыға­нағының оңт. жағалауымен 600 шақырымға созылып жатыр. Жағалауы ойпат, көп­теген ұсақ аралдарды қамти­ды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Клима­ты құрғақ тропиктік. Қаңтар айында ауа райының орташа темп-расы 200С шамасында, шілдеде 30 — 350С-қа (кей­де 500С-қа) дейін барады. Жауын-шашын жылына: жа­зықтықта 100 — 150 мм, таулы аймағында 300 — 400 мм. Tұpaқты өзендері жоқ. Оазис­терде жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі өсіріледі.

Қазіргі БАӘ жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Б. з. б. 6 ғ-да бұл жер Ахемен әулеті­нің қол астына қараса, кейін­нен Сасани әулетінің қарамағында болған, ал 7 ғ-дан бастап Араб халифатына бі­ріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып қалыптасты.

Бұл өңірге үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххаб­шылдар үнемі күрес жүргі­зіп келді. 18 ғ-да ағылшын­дық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағында жүк та­сымалдауды өз қолдарына алып, халықты басты өмір суру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген жергілікті араб жұрт­шылығы мен ағылшындар арасында жиі-жиі қақтығыс­тар болып тұрды. 19 ғ-дың басында Ост-Үнді компания­сы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция жібереді. Олар 1820 ж. жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшарт­қа қол қоюға мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 20 ғ-дың 20-жыл­дарынан бастап ағылшын­дарға қарсы ұлт-азаттық қоз­ғалыс өріс алды. 1968 ж. Ұлыбритания лейбористік үкіметінің шешімімен ағыл­шын әскерлері БАӘ жерінен шығарылған соң, 1971 ж. әмірліктер федерацияға бірігеді. 1971 ж. 2 желтоқсанда тәуелсіз БАӘ құрылды. 1971 жылдан президент болып сайланған шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахайни (Әбу Даби билеушісі) әр 5 жыл сайын қайта сайланып келеді. 1990 жылдан премьер-­министр қызметін Дубай би­леушісі шейх Мактум бен Рашид әл-Мактум атқаруда. БАӘ Араб мемлекеттерінің лигасына, БҰҰ-на мүше. Қа­зақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 ж. танып, 1992 жылдан экон., мәдени, дос­тық қарым-қатынас орнатты.

БАӘ ұлттық табысы жағынан жан басына шакқанда дұние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. 1994 ж. жалпы ішкі өнімі — 38,4 млрд. доллар жан басына шаққанда 16000 долл. құрады. Эконо­микасының негізі — мұнай мен газ қорлары. Мұнайдың  барланған қорлары — 7 млрд. д т-дан астам. Табиғи газ қоры көлемі — 9,8 трлн. мЗ. Мұнайды экспортқа шығару елде көлемді  қаржы қорларын жинақтауға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары мұнай өңдеу, мұнай- химия, металлургия алюминий балқыту, цемент өндірістері дамып келеді. Қолөнер, балық аулау және маржан теру өндірістері де ұлғаюда. А. ш. нашар дамыған. Жерінің 0,3%-і ғана өңделеді, оның 17,2%-і суармалы  жерлер. Оазистерде құрма,  жүзім, көкөніс, мақта, т.б.  өсірілгенімен, тамақ өнімдері шет елдерден әкелінеді.  Жалпы ішкі өнімінің 2%-і  а. ш-нан, 57%-і өнеркәсіптен,  40%-і қызмет көрсету салаларынан жиналады. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корей Республикасы, Т.б.