ИРАК

53

ИРАК

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Ирак Республикасының  мемлекеттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                          Ирак Республикасы

ИРАК, Ирак Республикасы (Әл-Жумхурия әл-Иракия) — Бат. Азиядағы мемлекет. Солтүстігінде Түркиямен, батысында Сирия және Иорданиямен, шығысында Иранмен, оңтүстігінде Сауд Арабиясымен т. б. елдермен шектеседі. Оңт.-шығысында Парсы шығанағы.

Жері — 434,9 мың км2.

Халқы — 28,1 млн. адам (2005-ж).

Астанасы­ — Бағдад қ-сы.

Мемлекеттік тілі – араб, курд тілдері.

Әкімш. жағынан 16 мұ­хафазға (губернияға) бөлінеді. Құра­мына Ирак пен Сауд Арабиясы арасындағы бейтарап аймақтың 1/2 бөлігі кіреді.

    Мемлекеттік құрылысы. Ирак – парламенттік рес­публика. Уақытша конституциясы 1970 ж. 16 шілдеде күшіне енді. Онда ирак халқы негізгі екі ұлттан-араб­тар мен курдтардан құралатыны, сон­дай-ақ курдтарға ирактың мызғымас бірлігі шеңберінде барлық право то­лық берілетіні жарияланған. Мемл. үкіметтің ең Жоғарғы органы – Революциялық Басқару Кеңесі (РБС).  Ол армияны, ішкі қауіпсіздік күштерін ба­қылайды, соғыс жариялауға және бі­тім жасауға праволы, министрлерді тағайындайды, заң шығарады т. с. с. РБС мүшелері (12 адам) Баас пар­тиясы басшылығына да мүше болып есептеледі. Мемл. басшысы-президент, оны РБС сайлайды. Президент кең праволы өкілдіктермен пайдаланады. Үкіметі (атқарушы және әкімш. орга­ны) — Мин. Кеңесі Сот жүйесі кәдім­гі, діни және арнаулы соттардан (әс­кери трибуналдар ) құралады.  Мухафаздарды губернаторлар басқарады. Көппартиялы жүйе жұмыс істейді. Ирак БҰҰ-ы, ОПЕК, Араб елдері лигасы сияқты көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.

Табиғаты. Жерінің көбін Жоғ. жә­не Төм. Месопотамия жазықтары алып жатыр. Солт. және солт.-шығ. жағын Армян және Иран таулы қы­раттары, оңтүстігін, Оңт.-батысын Арабия-Сирия таулы үстіртінің шеті алып жатыр. Ең биік жері — Боздaг тауы (3612 м). Пайдалы қазындыла­ры: мұнай және газ, фосфорит (Рутба), күкірт (Месопотамия).

   Kли­маты — жерортатеңіздік (солт. бөлi­гінде) және тропиктік (оңтүстігі). Қаңтардың орташа темп-расы — 7­-110 С, шілдеде 340 С; тамыз айында ау­аның темп-расы 500 С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөл­шері 1000 мм-ден (оңт.-шығысында) 500 мм-ге (тауда) дейін. Басты өзен­дері — Тигр және Евфрат (екеуі қocы­лып Шатт-әл-Араб өзенін құрайды) шағын өзендері — Дилла, Әл-Узап Үлкен Заб және Кіші Заб (Тигрдің са­лалары). Төм. Месопотамияда көлдер көп, олардың ірілері: Әл-Хаммар, Әл-­Хаббания, Әл-Мильх. Жерінің көбі шөгінді және шалғын топырақты, ба­тыс жағы сары топырақты. Территория­сының негізгі бөлігі дала, оңт.-батыс ­шөл және шөлейт; тау беткейлері мен өзен аңғарлары бұталы, сирек орман­ды келеді. Шатт-әл-Араб, Дияла өзен­дерінің төменгі жағында пальма өceді. Жазық жерлерінде газель, жабайы есек, тарғыл қорқау қасқыр, қабылан т.б. аңдар, өзендерде көкқұтан, қоқи­қаз, бірқазан т. б. құстар кездеседі.

Халқы. Ирактың негізгі тұрғындары Ирактық арабтар — 76% мен курдтер — 19% түрікмендер — 2%  Арабтар елдің оңтүстік және орт. аудандарында, курдтер – солт/шығысында тұрады. Көшпелі ­арабтар мен курдтер руға, тайпаға ­бөлінеді. Арабтардың ірі тайпалары анайза, дафир, шаммар. Басқа ұлт­тардан парсылар, түрік­тер, армяндар, еврейлер т. б. тұрады.

Ресми діні: ислам — 96­% (халқының 65%-ы мұсылман-сунниттер, 30%-ы шииттер), христиандар — 4%-ға жуық, йезид, мандейлер, йудеилер — 1%.

   Экономикасы.  Ирак – аграрлы-индустриялы мемлекет. Экономиканың негізін мұнай өнімдері (Дүние жүзінде 2-орын) құрайды. Мұнай өндіру, газ, күкірт, фосфат, мрамор өндіру жақсы дамыған. Елде мұнай өңдейтін, цемент, текстиль, тері-аяқ киім, азық-түлік (қант, темекі) кәсіпорындары жұмыс істейді. Өнеркәсіпте шағын кәсіпорындар басым. Ауыл шаруашылығында көкөніс, бау-бақша өсіру мен экстенсивті мал шаруашылығы және балық аулау салалары дамыған. Иракта туризмді дамытуға мүмкіндік мол, алайда елдегі саяси тұрақсыздық бұған жол бермеуде. Экспорты: мұнай, тері және жүн өнімдері т.б.

Импорты: азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар.

Негізгі сауда серіктестері: Иордания, Италия, Германия.