ЛИВАН

44

 

ЛИВАН

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Ливанның табиғат жағдайлары,  халқы, экономикасы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі , діни ахуалдары жайлы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                                     Ливан

Астанасы: Бейрут

Халқы — 3 600 000 адам

Жер аумағы —  10,4 мың км2.

Ресми тілі: араб

Ақша бірлігі: ливан фунты (=100 пиастра)

Мемлекеттік құрылымы: республика

Импорт негізі: машина және құрал-жабдық, тамақ, химикаттар, ағаш өнімдері, тоқыма өнімдері, металл.

Экспорт негізі: жеміс-жидек, шыт мата, фармацевтикалық пре­параттар, темекі, жиhаз, целлюлоза-қағаз өнімдері, электронды құрал, зергерлік бұйымдар.

Ливан — Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы Сирия және Израильмен шектесіп жатқан шағын мемлекет. Халқының негізгі бөлігі әр түрлі дінге жататын арабтар. 1975 жылғы мұсылмандар мен хрис­тиандар арасындағы қақтығыс нәтижесінде азаматтық соғыс болып, гүлденген ел толық құру шегіне жетті. Тек 1989 жылы ғана достастық орнап, елдегі жағдайдың реттелу үміті пайда болды.

Діни топтар. Ливан халқы өте күрделі діни құрылымымен ерекшеленді: мұнда 15-тен көп діни қауымдар бар. Христиандар ішінде ­маронитгер (католицизмнің басқа бір бағытын ұстанушылар), пра­вославия және грек католиктері кең тараған. Мұсылмандар — суннит, шиит және друз деп бөлінеді.

Друздар — жеке дін болып бөлінген ислам сектасының бірі. Ли­ванда 200 мыңға жуық друздар, елдің оңтүстігіндегі тауларда мекен етеді.

Өз еріктерімен дінді ауыстыра, қабылдай алмайды, друз болып туу ғана керек. Неке тек қауым ішінде ғана қиылады. Дәстүрлерді сақтау друздар үшін дін тазалығын, өз мәдениеттері мен тұрмыс ерекшеліктерін сақтауға көмектеседі.

Самырсын (кедр) — ұлттық байрақты безендіріп тұрған мемлекет символы. Інжіл кезеңінде Ливан таулары беткейлерін самырсын ормандары басып жатқан. Қазір самырсын тек бірнеше қорғалатын тоғайларда өседі. Олардың кейбірі 1500 жыл жасаған.

Тау-кен және энергетика саласы. Ливанда аздаған темір кені, тұз, мыс, фосфорит және әктас қоры бар. Импортталатын мұнай өнімдері көбінесе, электр қуатын өндіруге жұмсалады. Соның 63% ЖЭС, 37% ГЭС-да өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы. Ливан территориясының 29% егіншілікке, 1 % жайылым ретінде қолданылады. Ауыл шаруашылық негізі — цитрус­тар, алма және зәйтүн; темекі мен көкөністің де тауарлық маңызы зор. Бидай, арпа және картоп өсіріледі.

   Ливан асханасы. Ливан ұлттық тағамы болып киббе саналады. Қой еті, бидай және пияздан домалақ немесе шелпек жасап, майға қуыра­ды. Тағы бір танымал тағам — бетіне бал құйылған, ішінде жаңғақ пен құрма бар тәтгі бәліштер.

Бейруттың қайта өрлеуі. Азаматгық соғысқа дейін Бейрут аймақ­тағы маңызды порт және іскерлік орталығы болды. Сонымен қатар, мәдени орталық болды. Бір кездері оны «Таяу Шығыстық Париж» деп те атады. Өкімет қаланы қайта тұрғызу үшін көп қаражат бөліп, бағдарлама дайындады. Бірақ қала қазір де қираған қалпында тұр.

Тир және Сидон. Ливанда азаматтық соғысқа дейін жақсы дамыған туристік бизнесті қайта дамытуға жағдайлар жасалуда. Туристерге керемет жағдай­лар мен ежелгі Финикия қалалары Тир мен Сидонның қазбалары ұсынылады. Бұл қалалар осыдан 3 мың жыл бұрын салынып, Рим кезеңінен әйнектен жасалған бұйымдарымен әйгілі.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаСИРИЯ
Келесі жазбаИРАК