СИРИЯ

44

СИРИЯ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Сирияның географиялық орны, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, шаруашылығы, өнеркәсіп салалары, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                                    Сирия

Астанасы: Дамаск

Ауданы: 185 180 шқ2

Халқы: 18,6 млн адам (2004 ж)

Халқының тығыздығы: 100,4 адам/ км2

Ресми тілі: араб

Импорт негізі: машина және құрал-жабдық, темір және болат, тамақ, химикаттар, ағаш, ауыл шаруашылық өнімдері, фосфат, то­қыма өнімдері

Ақша бірлігі: сирия фунты (=100 пиастра)

Мемлекеттік құрылымы: республика

Сирия Таяу Шығыста орналасқан Араб мемлекеті. Оңтүстік-батысында Ливанмен, Израилмен, оңтүстігінде Иорданиямен, шығысында Иракпен, солтүстігінде Түркиямен шектеседі. Батыс жағалауын  Жерорта теңізі  сулары шайып жатыр.Жер бедері негізінен аздаған тау массивтерімен алмасып отыратын шөлейтті үстірттер. Батысы мен оңтүстігінде Антиливан және биіктігі 2814 м болатын Эш-шейх массиві орналасқан. Ірі өзені – Евфрат. Шөл мен шөлейтті жерлер басым, тек жағалық бөліктер мен тау етектерінде қайың, қарағай, кипарис, лавр ағаштары өсетін ормандар таралған. Климаты — жағалық бөліктерінде субтропиктік жерортатеңіздік, ал орталық ішкі аудандарда құрғақ континенттік климат.Қаңтардың орташа температурасы +40 С-тан +120 С-қа дейін (шығысында), жағалық бөліктерінде жазда +26+330 С-қа дейін. Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 100-300 мм, таулы аудандар мен Жерорта теңізі жағалауында 1000 мм-ге дейін жетеді.

Әкімшілік жағынан 13 мухафазға (губернаторлық) және солармен тең дәрежедегі Дамаск муниципалитетіне бөлінген.

   Ұлттық  және діни құрамы: Сириялық Арабтар – 86%, курдтер — 6%, палестиналықтар — 3%, армяндар — 2%.

Ресми тілі – араб тілі.

Діни құрамы: ислам — 90%, христиандық — 10%

Ислам ағымдары. Сириялықтардың көбі, ислам ішіндегі — сун­ниттерге жатады. Бірақ басқа ағымдарды да ұстанушылар бар: шииттер, исмаилиттер және алавиттер. Мұсылман-алавиттер дінінде христиан­дық элементтер бар: мысалы, олар Рождество мен Пасханы тойлайды. Бұрындары алавиттерді қуғындайтын, бірақ қазір олардың арасында бай әрі атақты адамдар да көп. Сирия Президенті Хафез Асад ­мұсылман-алавит.

Сирия — антика кезінде бой көтерген ел, ал астанасы Дамаск ­оазис-қала, Барад өзені аңғарында орналасқан әлемнің ең ежелгі қалаларының бірі. Ол басты сауда жолдарының қиылысқан жерінде орналасқан. Сирия римдіктер, гректер, арабтар және түріктердің билігінде болды. І дүниежүзілік соғыстан кейін ел Франция бақы­лауында болды. 1946 жылы Сирия тәуелсіздік алды, бірақ Израйльмен конфликтіге келді. Негізгі халқы — исламды ұстанған арабтар. Территорияның жартысынан көп жері шөл, бірақ өзен аңғарларындағы жерлер өңдеуге жарамды.

  Ауыл шаруашылығы. Сирияның аграрлық секторында еңбекке жа­рамды халықтың 50% шоғырланған. Территорияның 30% жыртылған жерлер, 45% жайылым алып жатыр. Құнарлы жағалық топыраққа күріш, жеміс-жидек, қант қызылшасы, зәйтүн және темекі өсіреді. Бидай мен арпаны таулы қыраттың жартылай шөл аймағын өңдеп отырғызады. Егінді жердің біршама бөлігіне мақта өсіріледі. Мал басы­12 млн. қой, 1 млн. ешкі, 700 000 ірі қара.

Өнеркәсібі. Сирия өнеркәсібіне — тау-кен, тоқыма, тамақ, темекі және цемент салалары жатады. Жүн, синтетикалық және жібек мата тоқитын өндіріс орындары елдің ең үлкен қалаларының барлығында дерлік орналасқан. Дамаскіде цемент, әйнек, фармацевтік препарат­тар, құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар бар. Хама — метал­лургия орталығы.

Пайдалы қазбалары. Сирия — ірі фосфорит өндіруші әрі экспорт­таушы ел. Темір, хром, марганец кені барланған, ас тұзы өндірілуде. Көбінесе, мұнай-газ өндіру саласы дамыған. Мұнай мен газдың ірі кен орындары елдің солтүстік шығысында орналасқан.

Ірі қалалары. Дамаск (l 500 000), екінші ірі қала — Алеппо (l 500000), үшінші ірі қала — Хомс (580 000).

   Евфрат су бөгені. Ев­фрат өзені Түркиядан Иракқа ағатын жолында Сирияның солтүстік-шы­ғыс бөлігін басып өтеді. Бұл жерде Евфрат ГЭС салынған, ол елдің барлық электр қуатының 3/4 бөлігін өндіреді. Мұнда Президент Асадтың есіміне қойылған Эль-Асад су қоймасы бар. Оның суы ирригация үшін қолданылады.