Оңтүстік-Батыс Азия елдері бойынша

САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС №1

(Оңтүстік-Батыс Азия елдері бойынша)

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына баға бере білуге, картографиялық мәліметтермен жұмыс жасай білу және оларды жинақтай, қорытындылай білу дағдыларын қалыптастыру

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: практикалық

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Сарамандық жұмыс барысы:

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің ЭГЖ-на баға беру.
  2. Кескін картаға Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің шекараларын белгілеп, астаналарын, ірі қалаларын, өзендері мен көлдерін түсіру.
  3. Астаналарының географиялық координаталарын анықтау.
  4. «Оңтүстік-Батыс Азия аймақтарының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі» атты жиынтық кесте құрастыру: кестенің

1-бөлігінде елдің аты,        2-бөлігінде ресурс түрлері.

  1. Анықтамалық деректер негізінде Оңтүстік-Батыс Азия елдері арасынан:

А) Аумағы үлкен 3 елді;

Ә) Халқының саны жөнінен ірі 3 елді;

Б) Халық тығыздығы жоғары 3 елді;

В) ЖІӨ-нің көлемі жоғары 3 елді анықтау.

  1. «Оңтүстік-Батыс Азия елдерінде туризмді дамыту»,

«Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің экологиялық

проблемалары» деген     тақырыптарда қысқаша

хабарламалар әзірлеу.