БРУНЕЙ

БРУНЕЙ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Брунейдің табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                     БРУНЕЙ

БРУНЕЙ (Вгиnеі), Бру­ней Даруссалам ­Оңт.-Шығыс Азиядағы Ка­лимантан аралының солт.­батыс бөлігіндегі мемлекет.

Жері — 5,8 мың км2.

Халқы — 314 мың (1997).

Астанасы —  ­Бандар-Сери-Бегаван қ.

Мемл. тілдері — малай және ағылшын тілдері.

Халқының көпшілігі — мұсылмандар.

Бру­ней — конституциялық монар­хия (сұлтандық), Британ Дос­тастығына мүше.

Бру­ней жерінің басым бөлігі жа­зық. Климаты экваторлық. Жылдық орташа темп-расы 260С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 2000 — 4000 мм. Жерінің 75%-ін тропик­тік ормандар алып жатыр. Кү­ріш, кокос, банан өсіруге қо­лайлы. Басты өзені — Белайт. Бру­нейдің ежелгі тарихы аз зерт­телген. 15 ғ-да жергілікті тай­па көсемі Алак-бер- Тата өзі­не Мұхаммед есімін алып Бру­ней­дің алғашқы сұлтаны болды. 1580 ж. елге испан отаршыл­дары басып кірді. Оларға қар­сы соғыста Бру­ней әлсіреп, тек Калимантан аралының солт. бөлігіне ғана ие болып қала­ды. 1847 ж. Ұлыбритания Бру­ней­ді отарлауға кірісіп, 1888 ж. өз протекторатына айнал­дырды. 1906 ж. мұнай қоры ашылған соң, елді басқаруға ағылшын резиденті тағайын­далды. Бру­ней 1941 — 45 ж. Жа­пония қол астына қарады. Соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалыстың нә­тижесінде 1959 ж. Бру­ней ішкі билікті өзі жүргізуге мүмкін­дік алды. Бірақ 1962 ж. бол­ған қарулы көтерілісті ағыл­шын әскерлері жаныштаған соң, елде төтенше жағдай енгізіліп, заң шығару кеңесі та­ратылды. 1979 ж. қаңтарда Ұлыбритания мен Брунейдің тә­уелсіздік жөніндегі жасаған шарты 1984 ж. 1 қаңтарда күшіне енді. 1992 ж. «Малай ислам сұлтандығы» тұжы­рымдамасы мемлекеттің даму негізін анықтады. Елде ша­риғат заңдары, сұлтандық басқару жүйесі толық орна­ды. Бруней БҰҰ-на, Оңт.-Шығыс Азия мемлекеттері ассоциа­циясына (АСЕАН), т.б. ұйымдарға мүше.

Бру­ней бұрынғы ағылшын отары болғанымен, экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Бру­ней сұлтаны дүниедегі ең бай адам саналады. Елдің басты байлығы — мұнай (жылына 10 млн. т өндіріледі) және табиғи газ (12 млрд. мЗ). Олар ел экспортының 99%-­н құрайды. Жалпы ішкі өнім 4556 млн. доллар. Жан басына шаққанда табыс ­14240 АҚШ доллары. Бұл дүние жүзіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Ағаш өндіру мен өңдеу кәсіпорын­дары бар. А.ш. өнімдерін өсіруге мемлекет жерінің 5,5%-i ғана қолайлы. Күріш өсіріледі. Тамақ өнімдерінің 80%-і шет елден тасылады. Алтын-валюта қоры 35 млрд. АҚШ долларына бағаланады. Сыртқы сауда серіктестері: Жапония, Сингапур, АҚШ, Тайланд, Малайзия.