МОНҒОЛИЯ

МОНҒОЛИЯ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Моңғолияның табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                                Моңғолия

Моңғолия — Азияның орта тұсында орналасқан мемлекет.

Жер аумағы 1565 мың шқ2.

Халқы 2,6 млн. (1998 ).

Астанасы — Улан-Батор қаласы.

Мемлекет басшысы – президент.

Жоғары заң шығарушы орга­ны — бір палаталы парламент — Ұлы Мемлекеттік Хурал.

Жоғары атқарушы билікті пре­мьер-министр басқаратын үкімет жүргізеді

Ресми тілі — ­моңғол тілі.

Ақша бірлігі — төгрик.

Этникалық құрамына халха­ моңғолдар (90%), қазақтар (4%), қытайлар (2%), тыва­лықгар кіреді. Халқының негізгі бөлігі будда дінін, 4%-ы ислам дінін ұстанады.

Әкімшілік жағынан 21 аймаққа бөлінеді. Елдің батысында халқы негізінен қазақrардан тұратын Баян Өлгий аймағы орна­ласқан.

Моңғолия 1961 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше.

    Табиғаты. Моңғолияның батысы мен оңтүстік-батысында Моңғол Aлтайы (ең биік нүктесі – 4374м) Гоби Алтайы  мен Хангай таулары, eлдiң Орталық  бөлігiндe Хэнтэй таулы қыраты оpналасқан. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Гоби шөлі созылып жатыр. Негізгі өзендері ­Cелeнгa. Керулен, Қобда. Ең үлкен көлдері — Убсу-нур, Хубсyгyл.

Моңғолияның климаты — шұғыл континенттік. Қысы ұзақ әрі суық,

ауасы құрғақ, қары аз немесе қарсыз болады. Қаңтардағы орташа температура

— 150С-­тан -300С-қа (тау қа­заншұңқырларында -­500С) дейін жетеді. Шіл­дeдeгi орташа темпера­тура Хангайда 150С, Гоби шөлінде 250С. Көктемдегі ауа райы тұрақсыз болып, темпе­ратура ондаған градусқа төмендеп, құрғайды, күшті құмды дауылдар тұрады. Жылдық жау­ын-шашын мөлшері таулы жерлерде 350-400 мм, жазықтарда 100 мм шамасында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғи белдеулер мен аймақ­тардың алмасуымен өсімдіктер дүниесі өзгеріп отырады. Таулы-тайга­лық белдеуде қылқан жапырақты қалың ормандар өседі. Таулы жазықтaр мен ормандарда көптеген дәнді өсімдіктер, жусан, қияқ, т.б. өседі. Шөлейт далалық белдеуде құрғақшылыққа төзімді шөптер, жабайы жуа мен тікенді қарағандар басым. Таулардағы жануарлар дүниесін тауешкі, арқар, барыс, т.б. құраса, ормандарды терісі бағалы аңдар (тиін, сілеусін, манул мысығы, т.б.), қоңыр аю мен құстардың сан алуан түрлері мекендейді. Таулы-далалық аудандарда киік, құлан, қасқыр, түлкі, қояндар мен кеміргіштер кездеседі. Шөлдерде дүние жүзінің басқа бөліктерінде кездеспейтін жабайы түйе, Пржевальский жылқысы, Гоби аюы тіршілік етеді. Ел аумағында мұнай, көмір, темір кентасы, вольфрам, молибден, қалайы, никель, фосфорит, алтын кендері бар. Жерінің 79%-ын шалғындар мен жайылымдар алып жа­тыр.

    Тарихы. Моңғолия жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастады.

Б.з. 6-12 ғасырларында қазіргі Моңғолия аумағы Түрік, ұйғыр, қырғыз қағандықтары мен Ляо қидан мемлекеттерінін құрамында болды. 13 ғасырда Шыңғыс хан түркі-моңғол тайпаларын біріктірді, көптеген көршілес елдер мен халықтарды бағындырып, Шыңғыс хан империя­сын құрды. 13 ғасырдың

2-жартысында Шыңғыс хан империясы 4-ке бөлініп, моңғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары Алтай тауының батысына қарай қоныс аударды. Ал қазіргі Моңғолия Құбылай хан негізін қалаған Юань империясына қарады. 1358 ж. Юань империясы жойы­лып, моңғолдар ел астанасы Пекин мен оның төңірегінен қуылды. 14-15 ғасырларда моңғолдар қытайда билікке келген жаңа әулет Мин империясымен қиян-кескі соғыстар жүргізді. 16-ғасырда моңғолдар бытыраңқылықты бастан кешіріп, олар үшке: Оңтүстік Моңғолия (Ча­хар хандығы), Солтүстік Моңғолия (Халха) мен Батыс Моңғолияға (Жоңғар хандығы) бөлініп кетті. 1634 ж. Моңғолия тайпалары Маньч­жур ханы Абахайдың әскерімен шайқаста жеңіліп, 1636 ж. Оңтүстік Моңғолия Маньчжур империясының құрамына өте бастады. 1691 жыл­ға дейін оңтүстік пен солтүстіктегі моңғол тайпаларының бәрі Маньч­жур билеушілерінің үстемдігін мойындауға мәжбүр болды (қ. Цинь империясы). 1756-58 ж. Жоңғар хандығы жойылды. 1911 ж. қытайдағы революция нәтижесінде Сыртқы Моңғолия (Халха) Цинь империясы­нан бөлініп шықты, ал Ішкі Моңғолия Қытайдың протекторатына айналды. 1917 ж. Ресейдегі төңкерістен кейін Қытай Моңғолия аума­ғын түгелдей басып алуға әрекеттенді. Бірақ 1921 ж. елге кеңес әскерлері енгізіліп, 1924 ж. Моңғол Xaлықтық Республикасы жарияланды. 1939 ж. Халхин-Гол өзені ауданына қызыл армия жапон әскерлерінің Моң­ғолияға жасаған шабуылына тойтарыс берді. 1946 ж. Қытай Моңғолия­ның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. 1991 ж. Моңғолия Коммунистік партиясы маркстік-ленидік қағидалардан бас тартып, елде саяси және экономикалық реформaлар жүргізе бастады. Моңғол Халық Республи­касын (МХР) Моңғолия Республикасы деп атау туралы шешім қабыл­данды. 1992 ж. қаңтардың 21-нен бастап Қазақстан мен Моңғолия арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1992 жылдан Моңғолия қазақтары Қазақстанға көшіп келе бастады. Моңғолия мен Қазақстан арасындағы жол байланысы Ресей аумағы арқылы өтеді.

Экономикасы. Моңғолия экономикасының басты саласы — ауыл шаруашылық. Моңғолия дүние жүзінде мал санын жан басына шақ­қандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Өнеркәсіпте кен өндірісі жетекші сала болып есептеледі, орман ша­руашылығы мен балық аулау кәсіпшілігі экономикада маңызды рөл атқарады. Кен өнеркәсібінің өнімдері, тері мен теріден жасалған бұйымдар шетке шығарады. Импортының негізін өнеркәсіптік құрал­-жабдықтар, минералды отындар мен жағар майлар құрайды. Жалпы Ұлттық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 4070 АҚШ долла­рына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері — Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан.