ВЬЕТНАМ

ВЬЕТНАМ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Вьетнам Демократиялық Республикасының табиғат жағдайлары, ресурстары,  шаруашылығы, тарихы мен экономикасының негізгі салалары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                     Вьетнам Демократиялық Республикасы

Вьетнам Демократиялық Республикасы -Оңт.-Шы­ғыс Азияда орналасқан мемлекет.

Жерінің аум. 330 мың  км2.

Халқы 83,1 млн. адам (2005).

Астанасы — Ханой қ.

Халқының 85-90%-і — вьеттер  (жергілікті тұрғындар). Қал­ғандары қытай(3%), кхмер, таи,  т.б.  халықтар.

Рес­ми тілі — вьетнам тілі.

Тұр­ғындары негізінен буддизм­ді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады.

Мемлекет басшысы — прези­дент.

Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс.

Жерінің 4/5 бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссон­дық. Қаңтар айының орташа темп-расы 150С, шілдедегі орташа темп-ра 260с. Жауын­шашынның орташа мөлш. 1500 — 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол т.б. жа­нуарлар кездеседі.

В. жерін адам баласы көне тас дәуірі­нен бастап қоныстана баста­ған. Ең ежелгі мемл. құры­лым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның орнында пай­да болған Аулак пен Намвь­ет мемлекеттерін б. з. б. 2 ғ­-да Қытай жаулап алды да, 10 ғ-ға дейін бодандықта ұста­ды. 11 ғ-дың ортасында бір орталыққа бағынған мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп атал­ды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген атауымен белгілі болды. 12 — 13 ғ-ларда ел билеушілері көрші мемлекет­термен, соның ішінде Kaм­боджамен үздіксіз соғыс жүр­гізді. В. халқы 1257 -1288 ж үш дүркін Шыңғыс хан имl­периясы әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 -1427 жылдар ара­лығында қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ­ғ-дың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемле­кетке бөлініп кетті. 1804 жыл­дан бастап Зя Лонг Оңт. Вьетнамда күшті армияға арқа сүйеген монархия орнатты. Оған қарсы Франция 1858 — 62 ж. соғыс ашып, оңт-тегі 3 про­винцияны өздеріне қаратты. 1884 жылдан бастап В. толықтай Францияның отары­на айналды. Франция В-ға Лаос пен Камбоджаны қо­сып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. Мың­даған тұрғындар Францияға қара жұмысқа алынды. 20 ғ-­дың бас кезінде елде ұлт­-азаттық қозғалыс өрістеді. 1920 жылдан бастап Фран­циядағы вьетнамдықтар ара­сында әр түрлі саяси партия­ларға бірігу орын алды. 1930 жылдың бас кезінде Қытай­да Үнді қытай компартиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-дүние­жүз. соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалы­сына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 ж. француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойы­мен екі мемлекетке бөлініп, солт-нде 1959 ж. 31 желтоқ­санда Вьетнам Демократия­лық Республикасы құрылды, ал. оңт-нде 1955 ж. 26 қазан­да Вьетнам Республикасы жарияланған болатын. Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктесте­рінің ықпалында болуы соғысқа алып келді (қ. Вьетнам соғысы). 1975 жылдың ба­сында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құ­лап, 1976 ж. екі Вьетнамның бірі­гуі аяқталды. 20 ғ-дың 90-­жылдарынан бастап Вьетнамда сая­си және экон. реформалар жүзеге аса бастады.

   Эконо­микасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр энер­гиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (кү­ріш, тропиктік жеміс-жидек­тер өсіру). Ұлттық табыс жан басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік ин­весторлар көптеп тартылып, ел экономикасы жедел да­мып келеді (жылдық өсім 9%). Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Тай­вань, Жапония, Оңт. Корея.

Вьетнам — БҰҰ-ның мүшесі, оның 160 елмен дипломатиялық қа­рым-қатынасы бар. 1995 ж. АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты.