МАЛАЙЗИЯ

МАЛАЙЗИЯ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Малайзияның мемлекеттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:               МАЛАЙЗИЯ

МАЛАЙЗИЯ (Malaysia), Малайзия Ф е д е р а ц и я с ы (Federation оІ Ма­laysia) — Оңт.-Шығ. Азиядағы мемле­кет. Ол Оңт. Қытай теңізімен бөлінген екі бөліктен құралады. Б а т. М а лай­з и я (Малайя) — Малакка түбегінің оңтүстігінде;

Ш ы ғ. М а лай з и я (Саравак және Сабах) — Калимантан (Борнео) аралының солтүстігі мен солт. батысында. Ынтымақ (Британ) құрамына кіреді.

Жері 332,8 мың км . (Бат. М.-131,8 мың км2, Саравак — ­124,9 мың км2, Сабах — 76,1 мың км2).

Халқы — 24,9 млн-ға жуық (2005).

Астанасы — Куала-Лумпур қ-сы.

Әкімш. жағынан 13 штатқа (9-ын сұлтан,  4-ін король 4 жылға тағайындайтын губернаторлар басқарады) бөлінген.

     Мемлекеттік құрылысы. Малайзия -конституциялы монархия. Қазіргі консти­туциясы 1957 ж. қабылданған. Оған түзету 1963 ж. акт бойынша енгізіл­ген. Мемлекет басшысы — Билеушілер Советі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы билеуші (оны сайлауға тек сұлтанат билеушілері ғана қатынаса алады). Жоғарғы билеуші федерация жоғары лауазым иелерін тағайындайды, пар­ламентті шақырады және таратып жі­бере алады, заң жобаларын бекітеді, қарулы күштердің жоғарғы бас қол­басшысы да сол. Ол бұл праволарын үкіметтің ұсынысы бойынша ғана жү­зеге асырып отырады. Заң шығарушы жоғары өкімет органы екі палаталы парламент-сенат пен өкілдер палатасынан құралады. Сенаттың 58 мүшесі бар. Оның 26-сы штаттардың заң шы­ғарушы жиналыстарында сайланады, 32 мүшені премьер-министрдің ұсыны­сы бойынша Жоғарғы билеуші тағай­ындайды. Сенаторлар өкілдігінің мер­зімі 6 жыл. Өкілдер палатасының 144 депутаты 5 жылдық мерзімге сайлана­ды. 21 жасқа толған барлық азамат­тарға сайлау правосы беріледі. Жоға­ры атқарушы органы премьер-министр басқаратын үкімет — министрлер ка­бинеті. Әрбір штатта өзінің конститу­циясы, өкімет және басқару органда­ры бар. Әрбір монархиялық штатты мұрагерлікпен тағайындалған немесе сайланып қойылатын билеуші (сұлтан, раджа), ал монархиялық емес штат­тарды Жоғарғы билеуші 4 жылға та­ғайындайтын губернаторлар басқа­рады.

Сот жүйесі федералдық сот және екі жоғары сот, округтық соттар мен магистрат соттарынан құралады. Әр­бір штатта мұсылмандық және әдет право соттары бар.

     Табиғаты. Малайзия экваторлық белдеу­де орналасқан. Жағалауы аз тілімделген, көбінесе аласа, батпақты келеді.Калимантан аралын солт/шығысынан маржан рифтері қоршайды. Малайзия жерінің көпшілік бөлігін Малакка түбегі­нің төбешіктері, аласа және орташа таулары (1000-2000 м, ең биігі — Та­хан тауы, 2190 м) алып жатыр. Оңт.­бат. және солт.-шығ. жағалаулар, Ма­лакканың оңтүстігі мен Калимантан­ның жағалаулары да — аллювиалдық ойпат. Малайзияның ең биік жері — Кина­бану тауы (4101 м). Малакка мен Са­равактың оңтүстігінде экваторлық, солтүстікке қарай субэкваторлық, мус­сондық климат. Ауаның айлық орта­ша температурасы жыл бойына азғана өз­гереді (жазықтықтарда 250 С-тан 280 С-­қа дейін). Жағалаулық өңірлеріне жы­лына 2000-2500 мм, тауда 4000 мм-ге дейін, Кинабану массивінің беткейле­рінде 5000 мм-ден астам жауын-ша­шын түседі. Өзен торы жиі. Ұзын өзендері Калимантан аралында (Рад­жанг, Барам, Кинабатанган). Малакка түбегінің өзендері қысқа келеді (ең ұзын Паханг өзені 320 км). Ірі өзен­дердің саға тұсы кеме қатынасына жарамды. Жері көбінесе күлгін лате­рит топырақты, ойпаттар аллювиал топырақты. Малайзия жерінің ¾-не жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік, көп ярусты биік діңді ағаш (пальма, панданус, бамбук, мәңгі жасыл емен, лавр, рододендрон) өскен орман алып жатыр. Жануарлары Үнді-Малайя зоо­геогр. облысына жатады. Түр-түрі өте көп: піл, мүйіз тұмсық, гималай аюы, жолбарыс, жабайы өгіз, маймылдар (орангутан, гиббон) крокодил, айдаҺар жылан кездеседі. Орман сүт қоректілерінен тупай, тиін, сусар, жартылай маймыл мекендейді.

    Халқының этникалық құрамы күр­делі. 54%-тен астамы малайя полине­зиялық семья тілдерінде сөйлейтін ха­лықтар, 37%-тейі қытайлар, 8,6%-і үн­дістер. Малайялықтар бүкіл ел бойынша, әсіресе солт/бат. және шығ. бө­ліктерінде тығыз қоныстанған. Қытай­лар мен үндістердің көбісі бат. жаға­лауда, сонымен бірге ірі қалаларда тұ­рады. Мемл. тілі — малайя тілі, Meмле­кеттік діні-исламның сунниттік бағыты, сонымен қатар индуизм, сикхизм, буддизм, христиандық және даосизм де таралған. Ресми календары­ григорьев календары. Табиғи өсім (жылына 3%-тей) және Үндістан, Ин­донезиядан т. б. елдерден иммиграция есебінен Малайзияның халқы тез өсуде. 1995 ­жылғы санақ бойынша, еңбекке жа­рамды халықтың 57,6%-ы ауыл шаруашылығында, 6,3%-ы өңдеу өнеркәсібінде істейді. Ха­лықтың орташа тығыздығы 1км2-ге 75,5 адамнан асады. Ірі қалалары: Куала – Лумпур, Пинанг, Ипох, Джорджтаун, Петалинг-Джая, Малакка.