КАМБОДЖА

37

КАМБОДЖА

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Камбоджаның географиялық орны,  табиғат жағдайлары, халқы,  шаруашылығы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                       Камбоджа

Камбоджа — Оңт.-Шығ. Азиядағы мемлекет. Үндіқытай түбегінің оңт. бөлігіне орналасқан. Шығысы және оңт-шығысы Вьетнаммен, солтүстігі Лаоспен, солт.-батысы және бат. бө­ктері Таиландпен шектеседі. Оңт.­батысы — Сиам шығанағы. Жері 181 мың км2.

Халқы 13,8 млн. (2005).

Астанасы — Пномпень қ-сы

Әкімш. жағынан 19 провинцияға (кхэтке) орталыққа бағынатын 2 қаладан тұрады.

Мемлекеттік тілі – кхмер тілі.

Ұлттық валютасы — риель

     Табиғаты. Камбоджа Меконг өзенінің тө­менгі ағысы бойына орналасқан. Жері негізінен ойпатты жазық (Камбоджа жазығы).Батыс  жағын Кравань таулары алып жатыр, оның ең биік жері ­Ораль тауы (1813 М). Солт. жағы- Дангрек тау массиві, шығысы — Ан­нам тауының сілемдері.

Пайдалы қа­зындылары — фосфорит, магнезит, түсті металл және темір рудалары. Климаты субэкваторлық, муссондық. Жазда орташа температурасы    29-30о С, қыста 25-26о С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700-1500 мм, таулы бөлігінде 2000 мм. Өзендері көп, олар­дың ішіндегі ең ірісі — Меконг. Ең ірі көлі — Тонлесап. Жері латериттік жәнe құнарлы, аллювиалдық топырақ­ты. Орталығы Саванна, шығ. жағы тропиктік. Территориясының 3/4 бөлі­гі орман және сирек ағашты аймақ, таулы өңірі мәңгі жасыл орман сал, тик т. б. бағалы ағаштар).

Жа­нуарлар дүниесі өте бай: жолбарыс, қара аю, піл кездеседі; өзендерінде крокодил және балықтар өте көп.

   Халқы. Камбоджа тұpғындapының 90%-ы  кхмерлер. Жергілікті халықтарға таулық кхмерлер, чамдар (олар кейде ислам кхмерлері п аталады), лаолар жатады; бұлар­дан басқа елде Вьетнамдар(5%), қытайлар(1%), индонезиялықтар т. б. тұрады.

Мемл.тілі кхмер тілі. Ресми діні — будди­зм (чамдар мен малайлықтар — мұсылмандар, вьетнамдар — католикте­р). Халықтың көпшілігі Камбоджаның орталығындағы жазық өңірде қоныстанған.

Экономикасы. Камбоджа – аграрлы ел. Ауыл шаруашылығында егіншіліктің үлесі басым. Басты дақылы – күріш, сонымен қатар жүгері, қант қамысы, қара бұрыш, темекі, мақта егіледі. Камбоджа өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар басым. Өнеркәсібінің басты салалары – тамақ( астық тарту, күріш тазалау, қант, темекі, балық өңдеу), трактор және автомобиль құрастыру, ағаш өңдеу, мата тоқу өндірістері. Соңғы кездері халықаралық туризм жақсы дамуда.

Экспорты: табиғи каучук, ағаш, соя, күріш, жүгері, күнжіт, қара бұрыш, балық өнімдері т.б

Импорты: мұнай өнімдері, машина, өндірістік құрал-жабдықтар, темекі, алтын цемент т.б

Негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Таиланд, Малайзия, Вьетнам, Жапония, Австралия, Индонезия, Франция, ГФР, АҚШ

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаБАНГЛАДЕШ
Келесі жазбаТАЙЛАНД