БАНГЛАДЕШ

54

БАНГЛАДЕШ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Банглдеш Халық  республикасының табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:              Б а н г лад е ш  Х а л ы қ Р е с п у б л и к а с ы

БАНГЛАДЕШ, Б а н г лад е ш Х а л ы қ  Р е с п у б л и к а с ы — Азияның оңтүстігіндегі мемлекет. Батысында, солт-нде, шығысында Үндістанмен, оңтүстік шығысында Мьянма Одағымен шектеседі.

Жері 142,6 мың км2.

Халқы 139,2 млн. (2003-ж).

Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2-ге – 976 адамнан келеді.

Ас­танасы — Дакка қ. (3,3 млн.).

Мемл. тілі — бенгал тілі,

Ресми діні — ислам (85%).

Бан­гладеш дүние жүзіндегі халқы өте тығыз орналасқан ай­мақтардың бірі. Халқының басым көпшілігі — бенгалдар (барлық халықтың 95%-і). Қалған 5%-ке жуығы чакма, могх, гаро, целу, санталдар және т.б. үлесіне тиеді.

Елді президент басқарады.

Заң шығарушы органы бір палаталы Ұлттық жиналыс.

Табиғаты. Бан­гладеш Ганг, Брахмапутра, Мегхна өзендерінің бастауында ор­наласқан. Климаты субэква­торлық, муссонды. Жазы жауын-шашынды, қысы құрғақ. Муссондық маусым басталар алдында, сәуір мен ма­мырда, орташа темп-ра 30оС- тан асады, ал ең суық ай қаңтарда 12 — 250С. Жауын-ша­шынның жылдық орташа мөлш. батысында 1500 мм, шығысында 3500 мм.

Тарихы. Қазіргі Бан­гладеш жерінде алғашқы мемл. құрылымдар б.з.б. 1-мың жылдық ортасында қа­лыптасып, түрлі империялар құрамына кірді. Бенгалия атауы 10-12 ғ-лар шама­сындағы деректерге түсті. 13 ғ-дың басына дейін Бан­гладеш жерінде  Пал, Сен әулеттері билеген мемлекеттер өмір сүрді. Сен мемлекеті ыдырап, бірнеше ұсақ княздіктерге бөлінгеннен кейін, Дели сұлтандығы оны өзіне қосып алып, ислам дінін кең түрде таратты. 14 ғ-дың ор­тасында Бан­гладештегі Дели сұлтан­дығының әкімдері тәуелсіздікке ие болды да, Бихара мен Ориссада (астанасы Мур­шидабад) дербес мемлекетте­рі орнады. Еуропа мемлекет­тері Үндістанды отарлауға кіріскенде Бан­гладеш ыдырау жағ­дайында болды. Елдегі алау­ыздықты пайдаланған ағыл­шындар Бан­гладешті 1757 ж. 23 мау­сымда болған Плесса маңындағы шайқастан кейін өз отарына айналдырды. 19 ғ­-да отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды. Ұлыбританияның 1947 ж. Үндістанды 2-ге бөлуі нәтижесінде Бенгалияның үндістер мекендеген батыс бөлігі Үндістанда қалды да, мұсылмандар тұратын шығыс бөлігі Пәкстан (халқының 98% бенгалдар) құрамына кір­ді. Шығыс Пәкстандағы ұлт­тық шиеленістер Пәкстанда бірнеше рет (1952, 1954, 1958) саяси дағдарыстар туғызып, 1969 ж. Айюб Хан режимінің құлауына себепші болды. Оның орнына үкімет басына келген Яхья Хан елде тұңғыш рет парламент сай­лауын (1970) өткізуге мәж­бүр болды. Сол кезде Шығ. Пәкстанға автономия беру мәселесін көтерген Халықтық Лига партиясы жеңіп шық­ты. Пәкстанның ұлттық жиналысындағы 313 орынның 167 -сіне, ал провинциялық ассамблеядағы 310 орынның 288-іне ие болды. Пәкстан үкіметінің бұл партияға би­лікті бермеуіне байланысты туған талас-тартыстар елдегі жағдайды ушықтырып жібер­ді де, ұзаққа созылған күрес нәтижесінде 1971 жылдың 16 желтоқсанында Бангладеш Халық Республикасы құрыл­ды. 1971 ж. 26 наурыз Тәу­елсіздік күні деп жариялан­ды. 1972 ж. қаңтарда Халық­тық Лига партиясының бас­шысы Муджибур Рахман түр­меден босап, жаңадан құ­рылған үкіметті басқарды. Елдің қарулы күштеріндегі наразылық, жұмыссыздық, бағаның өсуі елдегі саяси­экон. тұрақсыздықты кү­шейтті. 1975 ж. қаңтарда пре­зиденттік басқару мен бір партиялық жүйенің енгізілуі шиеленісті бәсеңсіте алмады. 1975 ж. 15 тамызда бір топ офицерлер төңкеріс жасап, өкімет басына К.-М. Ахмад бастаған жаңа әкімш. келді. Бұл үкіметті қараша айында генерал Зиаур Рахман тара­тып жіберіп, 1977 ж. сәуірде өзін президент жариялады. Ол өзінің 19 тармақтан тұратын бағдарламасын ұсынып, бірнеше әлеум.-экон. шараларды жүзеге асырды. Тәуелсіздік алғаннан бері  Бан­гладеште бірнеше мемл. төңкерістер болып, 13 президент ауыс­ты. 1996 ж. қараша айында өткен сайлауда Шахабуддин Ахмед президент болып сай­ланды.

     Экономикасы. Бан­гладеш — аграрлы ел, шаруашы­лық жүйесінде ұсақ тауарлы өндіріс басым. Ұлттық та­быстың 37%-і а.ш-нан, тек 34%-і өнеркәсіптен түседі. Бан­гладеш — әлемдегі ең кедей елдер­дің бірі. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жыл­дық орташа мөлш. 235 долл. Табиғи жағдайының аса қолайлылығы мұнда егіннен жылына 2 — 3 рет өнім жи­науға мүмкіндік береді. Не­гізінен, күріш пен шай, қант қамысы, темекі өсіріледі. Ба­сты жеміс дақылдары — ба­нан, манго, кокос пальмасы, ананас, цитрус. Бұған қоса металлургия, мұнай өңдеу, цемент және тыңайтқыш шығару, кеме жөндеу өнді­рістері жақсы жолға қойыл­ған. Транспорттың басты түрі — өзен жолы. Пайдаланым­дағы су жолының ұз. 4,5 мың км. Темір жолдарының ұз. 2,4 мың км. Бан­гладеш БҰҰ-ның, Ислам Конференциясы ұйы­мының, Оңт. Азия Аймақ­тық Ынтымақтастық Ассо­циациясының мүшесі болып табылады. Негізінен, АҚШ, Жапония, Еуропа Одағы, Қытай елдерімен сауда-экон. байланыстар жасайды. Қазақ­станмен 1992 жылдың нау­рыз айынан бастап диплома­тиялық қатынас орнатқан.

Бенгал халқының әдебиетін­дегі ең көне туындылар 10-12 ғ-лар аралығыңда жазыл­ған тұрмыс-салттық мазмұн­дағы гимндер жинағы ­»Чорджанод» және Моноши (жылан құдайы), Чонди (аңдар құдайы), т.б. туралы дастандар мен аңыз әңгімелер (монголкаббо). 16 ғ-дан бастап лирика жанры өркен­деп, 17 ғ-да бенгал мұсыл­мандары арасынан шыққан сарай ақындары Доуолт Кази мен Сайед Адаоль үнді поэ­зиясының дамуына үлкен үлес қосты. Осы кезде санс­криттік поэтика өркендеп, эротикалық сезімге ден қой­ылды. 19 ғ-дан бастап филос. поэзия дамыды. Бенгал әде­биетінің көрнекті өкілі Ра­биндранат Тагордың (1861-1941) шығармалары үнді ха­лықтары әдебиетінің дамуы­на үлкен әсер етті. 20 ғ-да Абдул Фазл, Маник Богда­паздхай, Назруил Ислам, Джошим Уддин, т.б. ақын-жазушылар бенгал әдебиеті­нің дамуына үлкен үлес қос­ты. Даккадағы Бангладеш ұлттық мұражайында өнер мен сәулет экспонаттарының көптеген тамаша туындыла­ры сақтаулы. Қалада 700-ден астам мешіт бар. 17 ғ-да са­лынған Ла-Бад форты сәулет өнеріндегі сирек кездесетін туынды. Екінші бір ірі қала Паралыгагидегі 16 ғ-да салынған мешіт пен 1660 ж. салынған Идракпур форты елдің сәулет өнеріндегі өзіне тән ерекшеліктерді айқындап тұрады.

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаБУТАН КОРОЛЬДІГІ
Келесі жазбаКАМБОДЖА