АНДОРРА КНЯЗЬДІГІ мен ВАТИКА

47

АНДОРРА КНЯЗЬДІГІ мен ВАТИКАН

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік:  Андорра Князьдігі және Ватикан қала-мемлекеттерінің мемлекеттік құрылымы, халқы, шаруашылығы, тарихы мен мәдениеті, саяси жағдайлары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:       Андорра Князьдігі және Ватикан қала-мемлекеті.

А н д о р р а  к н я з д ы ғ ы (Андорра-ла­ Вьеха) — Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Ис­пания аралығында, Шығыс Пиреней аумағыңда орналас­қан.

Жер көлемі 465 км2,

Халқы 66,9 мың адам (2005),

Олардың ішінде байырғы хал­қының (аңдорралықтар) саны 19 мың шамасыңда, қалғаңдары португалдықтар,испан­дықтap, француздар.

Ұлттық мейрамы — 8 қыркүйек, Бо­городица Меритксельская күні (А-ның желеп­жебеушісі).

1993 ж. 14 наурызда өткен ре­ферендумда мақұлданған ел­дің жаңа Конституциясы бой­ынша Андорра парламенттік княз­дық болып табылады. 1278 жылдан бері Урхель еписко­пы (Сеу-де-Урхель қ., Испа­ния) мен Франция президен­тінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы сақталған. Олар — Андорра тәуелсіздiгінің, Ис­пания және Франциямен дос­тық қарым-қатынасының кепілі. Өкіметтің заң шығару­шы органы — бір палаталы Бас Кеңес (1419 жылдан бері жұмыс істейді), ол үкімет қызметіне бақылау жасайды және мемл. бюджетті бекітеді, парламент төрағасын және оның орынбасарларын үкімет басшысын сайлайды. 1981 ж. жүргізілген «институттар ре­формасы» бойынша құрамын­да 8 министрі бар Атқару кеңесі құрылып, оған елдің ішкі және сыртқы саясатына басшылық ету жүктелді. Бас кеңесте 5 саяси партия өкіл­дері бар.

Андорра жөніңдегі алғашқы мәлі­меттер 778 ж. арабтардан жеңілген вестготтардың Сеу­де-Урхель қ-н тастап, Пире­нейдің биік шатқалдарына ба­рып паналауын сипаттайтын жазбалар да кездеседі. Импе­ратор Ұлы Карл арабтардың әрі қарай ілгерілеуін тоқтатып, Андорраны Урхель епископының қарамағына береді. Орта ғ­-ларда Андорра Урхель епископы мен граф де Фуаның иелiгі болды. Кейін граф де Фуаның бұл құқы француз корольдеріне ауысты. 1993 ж. дейін А. Франция мен Испанияның протектораты ретінде санал­ған княздық болды. Жалпыға бірдей сайлау құқы ерлер үшің 1933 ж., әйелдер үшін 1970 ж. енгізілді. Жаңа Конституция­ның Андорраның мемл. құрылысы жөніндегі баптарына 1993 жылғы 1 маусымда өзгерістер енгізілді, Испания Корольдirі, Француз Респ. және А княздығы арасыңда шарт жасалып, А-ның жаңа тәуелсіз мәртебесі тиянақталды. А 1993 ж. БҰҰ-­на, 1994 ж. Еуропа Кеңесіне, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ-ке мүше болып қабылданды. 1996  ж. шілдеде А Ядролық қаруды таратпау жөніңдегі шартқа ресми түрде қocылды. Хал­қының негізri табыс көзі (1993 ж. жан басына 15411 АҚШ долларынан келді) — саудамен шетелдік туризм (жылына 12 млн-ға дейін адам келіп кетеді), экономикасының маңызды саласы — темекі өсіру және өңдеу. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар. Таулы өңірлерінде мал ш-мен айналысады. Teгiн және міндетті бастауыш білім беру жүйесі енгізілген. Елдегі сауаттылық деңгейі 100%-ке жуық.

 

Ватикан

ВАТИКАН, Ватикан қ а ла — м е м л е к е т і — католик шіркеуінің орталығы. Рим папасы орналасқан ме­кен. Рим қаласының батыс жағыңда.

Жер көлемі 0,44 км2. Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртыңда В-ға қарайтын 3 собор бар (жалпы көлемі 0,7 км2).

Тұрғын халқы 1 мың адам шамасында. Көп­шілігі діни мекемелердің қызметкерлері. В. азаматты­ғын тек 700-дей адам ғана алған.

Ресми тілдері: латын және Италия тілдері.

В. ­абсолютті теократиялық мо­нархия. Мемлекет басшысы — Рим папасы (1978 ж. 16 қазаннан бері — Иоанн Па­вел 11). Оның қолыңда барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырлан­ған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым­-қатынасты да жеке өзі шеше­ді (қ. Рим папасы). Папаның жанындағы кеңесші орган ­Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шірқеу істерін қа­райды және өз аралары нан Рим папасын сайлауға қаты­сады. Кардиналдардың 1/3 бөлігі Рим куриінің (В. үкі­меті) құрамына кіреді. Үкімет В-ның діни, саяси, экон. істерінің барлығына басшы­лық жасайды. Рим куриінің құрамына мемл. секретариат, 9 конгрегация (діни мекеме­лер), З трибунал, 12 комис­сия, Т.б. мекемелер кіреді. Мемл. хатшы (премьер-министр) қызметін 1990 жыл­дан бері архиепископ

А. Содана атқаруда. В. тарихы 756 Ж. Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 ж. Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді.

1929 ж. жа­салған Латеран келісімі (кон­кордат) бойынша, Италия жағы В. мемлекетінің тәуел­сіздігін мойыңдады. 1984 ж. екі арада жаңа конкордат жа­салып, италиялықтарға дін еркіңдігі берілді. Қазір әлемде 800 млн-нан аса христи­ан-католик тұрады (1999). Олардың ішіңде Рим папа­сының саясатын жүргізетін 1,7 млн. дін қызметкері, 0,4 млн. священник, 2 мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса В. діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Бұл ұйымдардың  көбі В-ның мемл. хатшысы басқаратын халықар. католик ұйымдарына кіреді. В. бас­шылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, Т.б.) үнемі араласып оты­рады. Бұл қызметтеріне кететін шығыңды олар өз есепте­рінен төлейді. В. дүние жү­зіңдегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры — 13 млрд. долл.).

В. сәулет өнерінің тарихы 4 — 5 ғ-лардан бастау алады. Әлемдік сәулет өнерінің көр­некті үлгісі — әйгілі Әулие Петр соборы орналасқан алаң (сәулетші Л. Бернини, 1657 — 6З) В-ға кіретін сал­танатты қақпа қызметін ат­қарады. Собордан солт-ке қарай ауқымды сарай ансам­блі (55 мың м2) басталады (15 — 16 ғ-лар). Онда Николай V Сикстин, Паопин капел­лалары, Бельведера, Сан-Да­мозо сарайлары (150З — 45 ж.), сарайларға көтерілетін Король басқышы (166З- ­66) бар. Сарайларда Ватикан кітапханасы, ежелгі дәуір мүсін өнерінің музейлері, т.б. мұражайлар шоғыры, ал В. бау-бақшаларында Пий ІУ казиносы, Ватикан пинако­текасы (17 ғ-ға дейінгі ита­лиялық кескіндеу өнерінің мұралары сақталған), Т.б. та­рихи-мәдени ғимараттар ор­наласқан. Соңдай-ақ, Римдегі Сан-Джовани ин Латерано, Санта-Мария Маджоре және Сан Паоло фуори ле Мура (бәрі де ІҮ ғ салынған). Латеран(16ғ) сарайлары, Кастель-Гандольфодағы папаның жаздық резиденциясы т.б ғимараттар Ватиканның меншігі болып табылады.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаБЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ
Келесі жазбаАВСТРИЯ