Қосындыны санға көбейту

Тақырыбы:   Қосындыны санға көбейту (Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)

Мақсаты: 

Білімдік: Қосындыны санға көбейту тәсілдерін үйрету, оқушылардың

логикалық ойлау қабілеттерін  дамыту.

Дамытушылық: Математикалық тілін дамыту, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:    Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге,

Қиялын дамытуға әсер етіп, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі мен жабдығы:  Интерактивті тақта, суреттер, тапсырма жазылған слайдтар.

Әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, жаттығу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а)  Психологиялық дайындық.

  1. Өткен сабақтарды пысықтау.

— Балалар, бүгінгі  сабағымызда қызықты саяхатқа шығамыз. Төмендегі тапсырмаларды орындау барысында қайда баратынымызды анықтаймыз.

4*5    А     8*2  л       9*3  м      7*4   а     5*9    т   6*6  ы

 

63: 9  А     49:7  з     30:5    и     40:8  а     72: 9  д     27:3    а   

 

  1. Жаңа сабақ.

 

-Азияда дегеніміз не?  Ол қай кезде болады ? Неше елден спортшылар келеді? Қанша медаль үшін тартыс болады? Қандай ойын түрлері болады?

  1. Шаңғышылар.
  2. Мәнерлеп сырғанаушылар.
  3. Конькишілер.
  4. Биатлоншылар.

-Балалар, ендеше Алматыға бару үшін  пойызға отырамыз. /Интерактивті тақтадан пойыз суретін көрсету, дыбысын таспадан естірту/

№1. тапсырманы орындасақ Алматыға жетеміз.

  • Балалар, тақтада қандай фигура берілген ? /Тік төртбұрыш/

-Тік төртбұрыштың қандай қасиетін білеміз? / Қарама-қарсы қабырғалары тең/

-Неге тік төртбұрыш дейміз? /Себебі оның бұрыштары тік/

А  3см   В      6см     С

М           К                   Е

Тік төртбұрыштың ауданы қалай табылғанын түсіндірейік.

1 тәсіл:   3*2 + 6*2

2 тәсіл:  (3+6)*2

Қосындыны санға көбейту үшін,әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан мәндерді қосу керек.

Ал, балалар, Алматыға да келдік . /интерактивті тақтадан Алматы вокзалының суретін көрсету/ 

Машинаға отырып Орталық стадионға барайық. Өз құрама командамызға медаль жинауға көмектесеміз.

/интерактивті тақтадан машина суретін көрсету, дыбысын естірту/  №2 тапсырманы орындасақ  Медеу мұз айдынына барамыз.

Қосудың үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеу:

(3+2)*5             (6+7)*3                 (9+5)*4

(3+6)*3             (4+2)*6                 (5+8)*7

  1. Конькишілер жарысына қатысып медаль жинайық.

Ол үшін №3 тапсырманы ауызша  орындаймыз.

Өрнектерді құрып, олардың мәндерін табу.

  1. 3 және 4 сандарының қосындысын 5-ке көбейт.
  2. 6 және 2 сандарының қосындысын 7 есе арттыр.
  3. 5 және 6 сандарының қосындысын 3-ке көбейт.
  4. 4 және 5 сандарының көбейтіндісін 6-ға арттыр.

-Балалар, алғашқы медальдарымызды жинадық.

-Енді , мәнерлеп сырғанаушылар жарысына қатысайық.

Ол үшін №4 тапсырманы ауызша орындаймыз.

Кестені толтыр:

а23456
(3+2)*а

 

Қоржынымызға тағы да медальдарымызды салдық.

-Балалар, енді шаңғышылар жарысына қатысайық.

№5 тапсырманы ауызша орындасақ Медеу мұз айдынына барамыз.

Амалдарды орында:

10*5              300*2           900:3-250

20*3              200*4           150:5+70

40*2              500*2           420-400:2

Кім дұрыс  орындаса медальға ие болады.

Жарысты ұйымдастырушылар жарысқа қатысушыларға арнап ұрандар ілген екен,  соның кейбір сөздері желмен түсіп қалыпты.

Соны табайық.  «Шынықсаң  — …    боласың.»

Ол үшін №6 тапсырманы  ауызша орындаймыз.

Өрнекте:

1)  сантиметрмен:  3м 2см;   8м 12см;   5м 3дм 1см;

2)  метр және дециметрмен:  850см;   900см;   340см;

-Балалар , әр адам өз денсаулығына көңіл бөлу керек. Дене шынықтыру жаттығуларынан  басқа  дұрыс тамақтанудың да орны ерекше. Біздің спортшыларымыз да, өзіміз де күш жинап алу үшін №7 тапсырманы орындаймыз.

Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығар:

  • Күн сайын отбасы таңертеңгі аста 12 түйір қант және кешкі аста 8 түйір қант жейді. 2 күнде отбасы неше түйір қант жейді?

 

Енді, балалар, биатлоншылар жарысына қатысамыз.   Ол үшін №7 тапсырманың 2-сін орындаймыз.

  • Килограмы 60тг тұратын 6кг сәбіз және осы бағамен 4 кг пияз сатып алынды. Сатып алынған барлық көкөніс қанша тұрады?

-Енді , жарысымыздың қорытындысын шығару үшін олимпиада ауылына қайтып, қанша медаль алғанымызды есептейік.

 

Алтын

 

Күміс

 

Қола

 

Конькишілер
Мәнерлеп сырғанаушылар
Шаңғышылар
Биатлоншылар
 

Барлығы:

 

 

Аулымызға оралайық. Ол үшін ұшаққа отырайық.

/Интерактивті тақтадан ұшақ суретін көрсету, дыбысын естірту/

№9 тапсырманы ауызша орындасақ сыныбымызға келеміз.

Бақша тік төртбұрыш пішінді. Оның ұзындығы 30м, ені 20м. Алаңның оннан бір бөлігіне гүл егілген. Неше квадрат метр жерге гүл егілген? ( Есеп үш амалмен шығатындай етіп, сұрақ қой.)

 

  1. Сабақты бекіту.

Қосындыны санға қалай  көбейтеміз?

(9+8)*4

  1. Оқушыларды бағалау.
  2. Үйге тапсырма:

№8, №10