ФИНЛЯНДИЯ

92

 

ФИНЛЯНДИЯ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Финляндияның мемлекеттік-әкімшілік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                         Финляндия

Астанacы: Хельсинки

Жер көлемі: 338 145 км2

Халқы: 5,23 млн адам (2003)

Халықтың орналасу тығыздығы 1км2 – 15,5 адамнан келеді.

Ресми тілі: фин, швед

Мемлекеттік құрылымы: республика

Ақша бірлігі: евро

Сауаттылық деңгейі: 99 %

Орташа өмір сүру жасы: 75

1 дәрігерге: 410 адам.

   Әкімшілік жағынан Финляндия 11 лянға (провинцияға) және  парламенті мен үкіметі, өзіндік туы бар автономиялық Аланд аралына бөлінеді.

Финляндия — жазықтар, өзендер мен көлдердің жері. Оның ландшафты соңғы мұз басудың нәтижесі. Ормандар, торф батпақтары, ірі көлдер және Финландия жағалауында шашырап орналасқан аралдар ерекше бір ою жасап тұрады. Бұл табиғаты сұлу солтүстік елдің көп жерін қарағай, шырша және қайыңды ормандар алып жатыр, (территориясының 76% орман, 8% — егістік жерлер, 1% — жайылымдар, қалғаны — 15%) сонымен қатар жері жарты жылдай қар астында жатады.  Территориясының үштен бір бөлігі Поляр шеңберінен тыс жатыр. Бұл елдің ең жоталы аймағы, ол солтүстік­батыста Норвегиямен шекарада, тауларға алмасады. Жаз айларын­да қиыр Солтүстікте күн жылына 73 күн ұясына батпай, 24 сағат сөткесіне жарық шашып тұрады. Бұл құбылыс — поляр күні деп аталады. Ал қыста ұзақ поляр түні басталады: күн жылына 51 күн көкжиектен көтерілмейді. Көп ғасыр бойы Финляндия Швецияның қол астында болып, кейін Ресей империясының құрамына кіреді. Тек 1917 жылы ғана тәуелсіздік алады. Тілі және мәдени дәстүрлері бойынша Финлян­дия Солтүстік Еуропаның басқа елдерінен біршама ерекшеленеді.

   Халықтың ұлттық және діни құрамы. Ұлттық құрамы: 93% — финдер, 6% — шведтер, 1% — саамдар және карель тайпалары. Діни құрамы: лютерандық — 89%, православ — 1%, христиан конфессиялары — 5 %, қалғаны — 5 %.

Тілдік құрамы: 93,5% — фин тілінде, 5,9% — швед тілінде сөйлейді. Сонымен қатар ағылшын және неміс тілдері де тараған.

Лапландия. Лапландия деп Норвегия, Швеция және Финлян­дияның солтүстігіндегі география­лық ауданды айтады. Бұл қатал климатты жерде саамдар немесе лопарилер қоныстанған. Олар аңшы­лық, балық аулау және марал өсірумен айналысады. Бірақ қалып­тасқан өмір салты біртіндеп өзге­руде. Аңыз бойынша Аяз Ата осы Лапландияда мекен етеді деп мың­даған балалар осында оған хат жолдайды.

Орман шаруашылығы. Ор­ман және ағаш өндеу өнер­кәсібі ел экономикасының ба­сты саласы. Швеция сияқты Финляндия да алдыңғы қатар­лы еуропалық қарағай мен шыршаның жұмсақ ағашын өндіруші ел. Бірінші, ағаш­ты комбинатқа әкеледі, онда оны қоймалжың масса пайда болғанша қайнатады. Ал бөлінген метил спиртін химия өндірісінде қолданып, ағаш массасынан фанера, картон және қағаз жасайды.

Хельсинки. Үш жағынан су шайып жатқан Финляндияның астанасы Хельсинки кеңістік пен еркіндік сезімімен таң қалдырады. Оның керемет үлкен әрі әдемі айлақтарында базарлар орна­ласқан. Ашық аспан астында балық, жеміс-жидек, көкөністер мен гүлдер са­тылады. Ескі және жаңа ғимараттар­дың үйлесімді көршілес орналасуы фин архитектурасының ерекше белгісі болып табылады.

Көлдер. Финляндияда 50 000-нан артық көл бар. Олар территорияның 10 пайызын алып жатыр. Олар әдемілігімен өздеріне көптеген елдерден туристерді тартуда. Ең ірі Сайма көлінде бірнеше жүз арал бар. Жағалық аралдар ара­сында паромдар қатынайды. Суық әрі ұзақ қыс кезінде көлдер қатып қала­тындықтан мұз жарғыш кемелер сауда кемелеріне жол салып отырады.

Сауна. Финдер саунаны көп ғасыр­лар бойы пайдаланып келеді. Ыстық, құрғақ монша әрқайсысының үйінде бар. Ол ағашпен қапталған, әр түрлі биіктікте ағаш сөрелері бар, қызған ыстық тастар жат­қан пеші бар өте үлкен емес ағаш бөлме. Уақытымен тастар­ға ыстық бу пайда болу үшін су шашып қояды. Ауа өте ыстық, бірақ құрғақ — ылғал­дылық 15 пайыздан жоғары емес. Финдер, көбінесе, отбасымен аптасына бір рет міндетті түрде саунаға келеді. Саунаны ұнататындар өздерін қайыңнан жасалған сыпыртқымен ұрғылайды: бұл қан aйналымды жақсартып, организмді сергітеді.

   Ұлттық парк. Куопио қаласының шығысында, шамамен 95 шақырым жердегі Пиелинен көлінің батыс жағалауында Коли ұлттық паркі орналасқан. Колидің жоталары — 2 млрд жыл бұрын пайда болған тау тізбегінің қалдығы. Жыл сайын мұнда 120 000-­нан астам туристер әдемі пейзажға қарап, орман ішінде серуендеу үшін келеді.