АЛБАНИЯ

43

АЛБАНИЯ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Албанияның географиялық орны, табиғат жағдайлары, ресурстары, тарихы, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                             Албания

АЛБАНИЯ Балкан түбе­гінің оңт.-батыс бөлігінде, Адрия, Ион теңіздері жағaлауын­да орналасқан мемлекет.

Мемлекет басшысы — президент.

Жер аумағы — 28,7 мың км2

Хал­қы — 3,1 млн. адам (2005-ж)

Ас­танасы — Тирана қ.

Әкімш.- аумақтық тұрғысынан 35 округке бөлінеді.

Албания­ның негізгі халкы — албан­дap (96%-ға жуық).

Халықтың — 75%-ы мұсылмандар.

Ірі қала­лары: Тирана, Дурри, Шко­дep, Влера, Корча, Эльбасан.

   Табиғаты. Елдің Адрия теңізі жағалayы ойпатты (ені 40 — 45 км) және едәуір бөлігі орманды келеді. Өсімдігі мен топырағына қарай төменгі  белдеу (1700 — 2000 м-ге дейін), таудағы орман­ды белдеу (2000 м-ден астам). биік альпілік шалғынды белдеулерге бөлінеді. Климаты субтро­пиктік жерортатеңіздік. Жа­зық жерлерде жазда ауа райы құpғaқ және ыстық; шілденің орташа температурасы  24 — 250С, қысы жылы, ылғалды, қаңтар айының орташа темп-расы 8 — 90С-ты көрсетеді. Таулы жерлерде күн суық, әрі ыл­ғалды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден астам. Ірі өзендері: Дрин, Мати, Шкум­бини, Семани, Вьоса;  басты көлдері: Шкодер, Охрид, Пре­па. Негізгі кен байлықтары — хромит, мыс, никель рудала­ры; тау етектерінде мұнай, битум шығатын жерлер бар.

   Тарихы. Албания жеріндегі ежелгі халық — пеласгилер неолит дәуірінде өмір сүрген. Б.з.б. 2­ мыңжылдықтaн бастап бұлар иллириялықтар деп аталды. 2 ғ. өткеннен кейін оларды римдіктер жаулап алды. Рим империясы тарағаннан кейін Албания Византия кұрамына кірді (4-­5 ғ.). Кейін Византия қарама­ғында калған Даррахи қ-нан басқа жері Болғар мемл-не қосылды. 11 — 14 ғ-да да  Албания территориясы түрлі өзгеріс­терге ұшырады. 14 ғ-дың ақырында түріктер  Албанияны өзде­ріне бағындырғаннан кейiнгi мерзімде елде ислам діні та­рала бастады. Албания  20 ғ-дың бас кезіне дейін Осман империя­сының кұрамында болды. 1­-Балқан соғысында Түркия жеңілгеннен кейін, 1912 ж. 28 қарашада Влерада Албанияның тәуелсіздiri жарияланды. Бірақ іс жүзінде басқа мемл-терге тәуелді күйінде қала берді. 1-­дүн. жүз. соғыстың соңында Албанияға грек, серб, италия әскер­лері басып кірді. Кең көлем­дегі халық қозғалысының нәтижесінде 1920 ж. 21 — 31 қаңтарда Албанияның тәуелсіздігі калпына келтірілді. 1939 ж. 7 сәуірде фашистік Италия  Албания­ны басып алды. Елде қайта­дан ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. Неміс басқыншыла­ры жеңілгеннен кейін 1944 ж. 20 қазанда Уақытша демокр. үкімет құрылып, 1946 ж. 11 қаңтарда  Албания халық респ. болып жарияланды, наурызда конституция қабылданды. 1946- ­91 ж. Албанияда бір партиялы (Ал­бан еңбек партиясы, 1985 жыл­ға дейін Э. Ходжа басқар­ған) режим өмір сүрді. Соғыс­тан кейінгі жылдары жер ре­формасы жүргізілді, кәсіпорындар, банктер, көлік және байланыс құралдары национа­лизацияланып, ел экономика­сы шаруашылықты жүргізудің жоспарлы жүйесіне көшірілді.

1944 — 48 ж. Албания Югославия­мен, кейін КСРО және Шығ. Еуропа елдерімен тығыз қа­рым-қатынаста болды. 1949 ж. Экон. өзара көмек кеңесіне мүше болып қабылданды, 1955 ж. Варшава келісім шартына қол қойды, БҰҰ-на қабылдан­ды. 60-жылдардың бас кезінен Албания КСРО-мен қарым-қатынас­тарын үзді,

1968 ж. Варшава ұйымынан шықты. 1976 ж. желтоқсаннан бұл мемл. Ал­бания Халық Социалистік Республикасы болып аталды. 1989 жылдан Албанияда жүргізіле бастаған түбірлі өзгерістер то­талитарлық жүйенің жойылуы­на әкелді. Елдің қоғамдық-­саяси өмірін демократиялан­дыру мемл.-құқықтық құрылымдардың жаңалануымен қатар жүрді. 1991 ж. сәуір ай­ында Албания респ-сы болып жарияланды. 1992 ж. наурыз айын­да өткізілген кезектен тыс парламент сайлауында ел басқа­ру тізгіні Демокр. партияға ауысты. 1996 ж. мамыр — ма­усым айларында өткен парла­мент сайлауында да Демокр. партия Халық жиналысында 87% орынға ие болды. Сыртқы саясатының басым бағыттары АҚШ және Батыс Еуропа елдерімен ынтымақ­тастық қатынастар орнату деп жарияланды.

Экономикасы.  Албания – аграрлы-­индустриялы ел. Ұлттық табыс­тың

14%-і өнеркәсіптің, 55%-і ауыл шаруашылығы үлесіне тиеді (1990). Пай­далы кен қазбалары: мұнай, табиғи газ, лигнит, хром, мыс және темір-никель кендері. Ауыл ш-ның негізгі саласы — eгiн ш. (барлық егістік жерінің 60%-інде дәнді дақылдар өсі­ріледі). Экспорт сыртқы сау­да айналымының үштен бірін құрайды. Сыртқа тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады. Басқа елдерден түрлі машиналар мен құралдар, өнеркәсіпке қажетгі шикізат, тағам әкелінеді. Әкімш.­әміршілдік жүйені нарықтық қатынастар механизмімен ауыстыруға бағытталған экон. реформалар шаруашылық және қаржы-қаражат жүйесінің дағдарысы, тұрмыс нар­қының қымбаттауы жағдайында жүзеге асырылуда. Жан басына шаққанда ұлттық табыс жылына 300 — 400 долларға дейін төмендеді (1996).