Тест жұмысының сұрақтары:

Тест жұмысының сұрақтары:

  1. Маңызды теңіз жолдарының қиылысында … елдері жатыр.

А) Орта Азия              В) Шығыс Азия     С) Оңтүстік Шығыс Азия                                            Д) Орталық Азия                       Е) Солтүстік Азия

  1. Бәдәуилер өзінің түйе, ешкі, табындарымен жайылымнан-жайылымға … көшіп жүреді.

А) Орталық Азияда           В) Оңтүстік Батыс Азияда           С) Шығыс Азияда

Д) Оңтүстік Шығыс Азия                   Е) Қазақстанда

  1. Конституциялық монархиялар болып табылатын Азия елдері:

А) Вьетнам, Лаос, Мьянма.                  В) Ирак, Түркия, Ауғанстан.

С) Пәкістан, Иран, Моңғолия.             Д) Малайзия, Бутан, Иордания.

Е) Филиппин, Бангладеш, Сирия.

  1. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда негізгі болып табылатын дәнді дақыл:

А) бидай        В) жүгері        С) күріш       Д) тары        Е) арпа

  1. Оңтүстік-Батыс Азия халқының басым бөлігі ұстанатын дін:

А) буддизм       В) христиандық     С) индуизм       Д) ислам      Е) синтоизм

  1. Оңтүстік-Батыс Азия елдеріне … жатады.

А) Әзербайжан, Кипр.      В) Вьетнам, Пәкістан.      С) Грузия, Ливан.

Д) Непал, Армения.           Е) Сирия, Ирак.

  1. Иран Ислам Республикасының астанасы:

А) Багдад       В) Дамаск          С) Тегеран           Д) Кабул           Е) Манила

  1. Моңғолияның ақша бірлігі:

А) динар        В) рупи                С) лира            Д) тугрик             Е) йена

  1. Азияның оңтүстігін­де, Шығ. Гималайда орналас­қан мемлекет. Друкюл немесе «айдаһар елі» деп те аталы­нады.

А) Бруней        В) Бутан          С) Малайзия          Д) Лаос         Е) Камбоджа

  1. Абсолюттік монархия байқалатын Азия елі:

А) Малайзия     В) Сауд Арабиясы      С) Жапония       Д) Сирия       Е) Ирак

  1. Швейцарияда басым болып табылатын үш тіл:

А) ағылшын, француз, неміс.         В) неміс, француз, итальян.

С) француз, испан, британ.            Д) орыс, ағылшын, неміс.

Е) Швейцарияның мемлекеттік тілі – бір ғана швейцар тілі.

  1. Электр энергиясының 99%-н СЭС беретін ел:

А) Дания       В) Финляндия      С) Исландия         Д) Бельгия    Е) Норвегия

  1. Ватикан мемлекеті орналасқан:

А) Францияда             В) Италияда           С) Данияда           Д) Бельгияда

Е) Польшада

  1. Термальдық суларды жылытуға және жағуға кеңінен пайдаланатын мемлекет:

А) Исландия       В) Ирландия      С) Португалия       Д) Болгария    Е) Венгрия

  1. Солтүстік Еуропа елдерінен артығын көрсет.

А) Норвегия         В) Швеция      С) Финляндия        Д) Австрия       Е) Исландия

  1. Швецияның әкімшілік бөлінісі:

А) штаттар     В) лен (округ)    С) провинциялар   Д) кантондар        Е) облыстар

  1. София … астанасы.

А) Венгрияның        В) Румынияның         С) Болгарияның

Д) Польшаның         Е) Македонияның

  1. Ағаш сүрегін және оның өнімдерін шығаруда жетекші елдер:

А) Болгария, Польша     В) Италия, Дания     С) Андорра, Австрия

Д) Швейцария, Бельгия        Е) Финляндия, Швеция

  1. Әйгілі Әулие Петр соборы қай елде орналасқан.

А) Андорра     В) Ватикан      С) Люксембург     Д) Монако    Е) Сан-Марино

  1. Рай­хан майын экспортқа шыға­руда дүние жүзінде 1- ші орын алатын Еуропа елі:

А) Венгрия         В) Босния және Герцеговина       С) Румыния

Д) Болгария        Е) Македония

  1. Федеративті мемлекеттерден артығын көрсет.

А) Малайзия    В) Пәкістан    С) Біріккен Араб Әмірлігі

Д) Үндістан      Е) Ирак

  1. Камбоджаның мемлекеттік тілі:

А) урду         В) кхмер         С) араб          Д) тагал          Е) парсы

  1. Бангладештегі халықтың орналасу тығыздығы:

А) 1 км2-ге – 235 адам    В) 367 адам    С) 493 адам    Д) 658 адам   Е) 976 адам

  1. Территориясында 200-ден аса вулкан орналасқан ел:

А) Дания         В) Норвегия        С) Исландия       Д) Финляндия        Е) Швеция

  1. Филиппин архипелагында қанша арал бар?

А) 1000-ға жуық        В) 3645  арал       С) 5854 арал        Д) 7 мыңнан аса

Е) 10 мыңдай

  1. «Аяз атаның мекені» аталған жер:

А) Исландия   В) Дания    С) Лапландия   Д) Ирландия    Е) Бельгия

  1. Мекке мен Медине қалалары орналасқан ел:

А) Сирия        В) Сауд Арабиясы             С) Біріккен Араб Әмірлігі                       Д) Бахрейн             Е) Бруней

  1. Дүние жүзіне өзінің банктерімен танымал мемлекет.

А) Румыния  В) Малайзия   С) Сирия   Д) Ливан   Е) Швейцария

  1. Сауд Арабиясының мемлекет басшысы:

А) король   В) әмір    С) президент    Д) шейх   Е) сұлтан

  1. Аталған елдердің ішіндегі жер аумағы жөнінен үлкен мемлекет.

А) Ауғанстан     В) Ирак     С) Сирия    Д) Моңғолия        Е) Швеция