Адамдар ғаламтордан не іздейді?

161
Адамдар ғаламтордан не іздейді?
Адамдар ғаламтордан не іздейді?

XXI-ғасырдың кез-келген азаматы интернетпен таныс. Біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып кетті. Сол ғаламтордағы қолданушылар ең көп іздейтін қандай сөздер екенін білесіз бе?

Бүгін біз сіздермен іздеуші Яндекстегі ең көп қолданылатын сөздермен танысамыз. Яндекс — Ресейдегі және ТМД-дағы ең үлкен іздеуші сайт. Санақ бойынша оған күніне 50 млн-нан артық адам кіреді. Яғни Қазақстан халқының санынан 3 есе көп адам кіреді. Міне ғаламтордың кереметі осында. Миллиондаған адамдарды бір сайтқа жинап алған.

Ал, енді ең көп кездесетін яғни көп ізделінетін сөздер (ұятсыз сөздерді есептемегенде) майл, вк, однаклассники немесе

1) Вконтакте

2) Одноклассники

3) Mail ru

4) Вконтакте вход

5) vk com

6) Одноклассники моя страница

7) Авто

8) Скачать

9) Мой мир

10) Игры для девочек.

Бірақ барлық сөздер осы деп қалмаңыз. Бұл сөздер бар болғаны барлық іздеулердің бес-ақ пайызы ғана. Яғни қалған 95 пайызы басқа сөздерді құрайды. Ал, қате жазылатын сөздердің үлесі 12 пайыз. Яғни адамдар сауатсыз жазады. Бірақ ақылды ғаламтор оларды түзеп отырады. Мысал ретінде казакша реферат.кз деп ізддеп көріңіз, ал яндекс қазақша реферат деп өзгертіп көрсетеді.

Қорытындыласақ нақты адамдардың не іздейтіні белгісіз. Әркім оны өзі біледі. Ал сіз ғаламторда не іздейсіз?