Сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Сөйлем түрлері туралы білімдерін қайталата отырып , жаттығулар орындау.

Міндеттері: Топпен жұмысқа байланысты: Мәселені ұтымды шешуге, саналы шешім қабылдауға, бір — бірін сыйлауға, толлеранттыққа тәрбиелеу.

Тақырыпқа байланысты: Сөз тіркестері туралы білімдерін қайталату. Сөйлемнің түрлерін қайталату.

СТО-ды дамытуға байланысты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Теориялық білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру.

Көрнекіліктері: карточкалар, бағдаршам, слайдтар.

Әдіс- тәсілдері: АКТ, СТО технологиясы.

Сабақтың барысы: I. Психалогиялық ұйымдастыру кезеңі:

  • «Тілек шынжыры» психалогиялық жаттығу арқылы сыныптыың зейінін аулау.
  • Сабақтың мақсатын, тақырыбын баяндау.

 

  1. Қызығушылығын ояту кезеңі:

Кіріспе әңгіме.  -Жол полициясы сендермен трансляцияға шығыпты. Жол полициясы қазыр, қала бойынша  «Жолда жүру ережесі үнемі есімде» атты апталық іс шараның жүріп жатқанын хабарлап тұр. Полиция қызметкері қаланың бүкіл мектептеріне де хабарлама жіберетінін айтып тұр.Бұндай игі істің бізге жеткеніне қуаныштымыз ғой балалар? Жол полициясы қызметкері болашақ азаматтырдың білім дәрежесінің де қандай екенін тексермекші екен. Осы акцияға қатысам деушілер қолдарын көтерсін?

Сұрақ –жауап.

  1. Жаяу жүргіншілер деген кімдер?
  2. Реттелетін жол қиылысы деген не?
  3. Жол реттеуші құрал деген не?
  4. Сөз тіркесі деген не?
  5. Мәтін деген не?
  6. Мәтіннің түрлерін ата?
  7. Сипаттау мәтіні деген не?
  8. Пайымдау мәтіні деген не?
  9. Әңгімелеу мәтіні деген не?
  10. Дыбыс үндестігі деген не?
  11. Буын үндестігі деген не?
  12. Қаратпа сөз деген не?

 

III. Мағынаны тану кезеңі:

Жаңа тақырыпты бағдаршаммен байланысты түсіндіру. Бағдаршам туралы не білесіңдер? Білетіндеріңді ортаға салыңдаршы?  Олай болса біз сөйлемді бағдаршам деп ойлайық та, сөйлемнің үш түрін бағдаршамның үш көзі деп ойлайық.

 

 

 —        !- тоқта!

?-дайынсыңба?

. -жүре бер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұраулы сөйлем                  Лепті сөйлем                Хабарлы сөйлем

 

Топпен жұмыс. Карточкадағы мақал-мәтелдердің қатесін тауып түзеу, сұрақтарға жауап беру.

  1. Жол анасы не! – Жол анасы құлақ?
  2. Арлы лжданды бол?
  3. Бұл дүниеде не тәтті.
  4. Жақыныңды жаралама?
  5. Ер не үшін шабады!
  6. Кішіпейіл болғаннан, үлкейіп қалмайсың?

 

Дәптермен жұмыс. Жол қызметкері енді сендердің жазуланыңды да тексермекші.1-жаттығу. Ауызша орындау.

2—жаттығу. Мәтіннің ішінен сөйлемнің үш түрін тауып жаз.

Топпен жұмыс. Әр топ үлестірмелі қағазда жазылған сөйлемнің түрі болып РАФТ  жазады.

Р- рөл                            Сендерге тақырып берілді, формасын өздерің таңдап

А –автор                                       автор болыңдар.

Ф- форма

Т- тақырып

 

Сергіту сәті:

  • Көзге арналған жаттығулар.
  • Қолға арналған жаттығулар

 

  1. Ой толғаныс кезеңі: -Жол полициясы сендерге риза болды. Жол ережелерін де білімдерің де бар екендігін көрді. Ол кісінің есте сақтауға берілген нұсқаулары бар екен.

 

Есіңде сақта!

Сөйлемді айтқанда дем аяқталады.

Сөйлемдегі сөздер белгілі тәртіппен орналасады.

 

 

  1. Сабақты қорытындылау кезеңі:
  • Әр топ мәтін құрайды.1-топ «Бағдаршам» тақырыбына сипаттау мәтініін,

2-топ «Жол ережесі» тақырыбына  пайымдау мәтінін, 3- топ «Жолдағы қауыпсіздік» тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрап жазу керек.

 

  • Бағалау, үйге тапсырма беру