Ақшаны қалай табуға болады? (Танымдық сабақ)

169

Ақшаны қалай табуға болады? (Танымдық сабақ)  

Тақырыбы:   Ақшаны қалай табуға болады? (Танымдық сабақ)

Мақсаты:

  • Оқушылардың ақша тақырыбында өтілген материалдарды қайталау және толықтыру.
  • Мектеп оқушыларына ақшаны қандай еңбекпен келетіндігін түсіндіре отырып, оларға ойын жүзінде көрсету.
  • Оларды еңбекке баулу, және топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі:   Интерактивті тақта, слайдтар, ақшаның суреттері.

Ұйымдастыру кезеңі.

6-сынып оқушыларын 3 топқа бөлу, топтарға  топтың атын беру.

Iтоп:     Теңгелер

IIтоп:   Долларлар

IIIтоп:  Евролар

 

1-тапсыриа:

Білгім келеді, қорқыныш, қуаныш, таң қалу, жаңалық, тітіркену, қызығушылық,

Осы сөздердің ішінен өздеріңнің жандарыңа нақты уақытта қай сезім жақынырақ екенін көрсететін сөздерді таңдаңдар және неліктен екенін қысқаша түсіндіріп берсеңдер.

Мұғалім сөзі: сендердің бұл жағдайларың маған түсінікті себебі сендер бүгінгі жиынымыз не туралы болатынын білмей отырсыңдар.

Тақырыпқа кіріспе:

Назарларыңды тақтаға аударсаңыздар! (Ақшаның суреттері бар слайдтар шығады)

Ал енді бүгінгі тақырып нетуралы болады деп ойлайсыңдар?  (Балалардың жауабы: — ақша)

Дұрыс айтасыңдар бүгін біз ақша туралы алған білімдерімізді толықтырып және ақшаны қалай табуға болатыны жөнінде мәлімет аламыз.

Яғни бүгінгі мектебіміздегі 6-сынып оқушылар арасындағы мектепішілік іс-шарамыздың тақырыбы: «Ақшаны қалай табамыз?»

Ең алғашқы сұрақ – сендер «ақша» деген сөзді естіген кезде сендердің көз алдарыңа не елестейді және ақша сөзін қандай сөздермен байланыстыра аласыңдар?

Тыныштық            қорқыныш

молшылық            жоқшылық

мүмкіндік               кек

қайырымдылық    таршалақ

 

Ал балалар қалай ойлайсыңдар мен неге осы сөздерді екі бағанға бөліп жаздым бұл бағандағы сөздерді қалай екі топқа бөлуге болады?

(Оқушылар жауабы: жақсылық пен жамандық)

Ақша адам өмірінде  адаммен бірге егіз жүреді. Егер де сіздер ақша тек қана үлкен кісілердің өмірінде қиындық туғызады деп ойласаңыздар, онда қателесесіздер. Ақша жөніндегі қиындық бұл кішкене балалардың өміріне де тікелей байланысты болып келеді. Қоғамда мынадай ой қалыптасқан: егер де үлкендерде ақша көп болса, онда сол отбасындағы кішкене балалардың мімкіндігі де көп болады. Қазіргі таңда, нарық заманында кез келген жасөспірім біледі, адамның барлық құндылықтары, қажеттіліктері тек ақшамен ғана өлшенеді.

    2-тапсырма:

Ми шабуылы ойыны:

Нарықтық экономика қазіргі таңда проблемаларды көбейтті. Ендігі кезекте осы проблемалардың бірнешеуін қарастырып көрейік. Сол себептен мен сіздерді 3топқа бөліп тастадым. Әр топта алдарыңызда қағаз беттерінде  тапсырмаларды орындаймыз.

Сіздерге тапсырма қысқа мәтін жазылған таблицамен танысып, сондағы проблемаларды оң жақтағы қорытындымен сәйкестендіріп, соған түсінік бересіздер.

 

Қысқа мәтін  
1 Аулада кішкене балалар ойнап жүр. Өркен байқамай Самалдың жемпірін бүлдіріп алды.

Ø Сен не істедің,-деп айқайлады Самал.

Ø Кшір мені, мен байқамай тиіп кеттім,-деп дауысын жай ғана шығарды.

Ø Маған бұл жемпірді әкем алып берген еді 2500 теңгеге,- деді Самал

Отбасында тек қана ақша қағидасы қалыптасқан.
2 Отбасында қиындық туындаған 9 жасар Алтынай алладан сұрап отыр:

«Е алла тағала, менің отбасыма сеннен ақша сұраймын тек жай ғана емес, анама дәрі-дәрмекке, ол дәрілерін ішіп тезірек ем алып ауруханадан шығып, үйге қасыма келеді. Содан кейін әкеме тұрақты жұмыс тауып берші. Ең соңғысы, сыныптағы Әсел мен Жанар менімен дос болса, олардың ойынша байлар байлармен, кедейлер кедейлермен дос болуы керек, солар басқаша ойлайтын болса.»

Ақша бір қоғамның бөлінуіне ықпал етеді.
3 Екі құрбы әңгіме барысында бір біріне шағымданып отыр:

Ø Үлкен балама үй сатып алып беру керек еді, бірақ бізге ұнамайтын жерлерден ұсынып отыр. Мен екі жыл бұрын осы пәтерді алған кезімде жолым болды бағасы да қол жетімді және көлік те ала алдық.

Ø Ал сенің ұлыңа екінші пәтердің не керегі бар, онда өз пәтері бар емес пе еді?

Ø Иә, ол өзінің пәтерін құмар ойын ойнап ұтылып қалған , солай ол пәтерсіз қалды. Ал менімен бірге қайтіп келіп тұрғысы келмейді.

Ø Ал неге көлігін ауыстырғысы келеді, әлде, моделі ескірді ме?

Ø Жоқ, құмар ойыннан келе жатып, жол апатына ұшырап, машина жарамай қалды.

Ақшаның шамадан тыс көп болуы, адамдарды жаман әдетке үйір болуына итермелейді.
4 Бойжеткен  Асылай үйіне келіп ата-анасына:

Ø Менің опа далаптарыма 3000 теңге. Сәл кідіріп:

Ø Иә, тағы ұмытып бара жатыр екенмін ер балалардың мерекесіне 500 теңгеден ақша жинап жатырмыз, сонан соң, ұялы телефоным байланыссыз қалды оған шамалы 400-500 бірлік салуға ақша берсеңіздер.

Анасы жалғастырды:

Ø Асылай мен саған айтпап па едім менің жұмысыма келіп бір мезгіл маған қол көмек көрсетіп, болмаса әкеңнің фирмасына барып шамалы қолғабыс көрсетіп, бізге қол жая бермей, күнделікті өзіңнің қалта шығыныңды көтер деп

Қазақстандық балалар өздерінің ата-аналарының табыс ақшаларына мұқтаж екендерін көрсетеді.

 

3 — тапсырма:  Төменде көрсетілген сөйлемдерді бұрыс немесе дұрыс екенін талқылау.

  • Қазақстандық балалар өздерінің ата-аналарының табыс ақшарына мұқтаж екендерін көрсетеді.
  • Ақшаға барлығын сатып алуға болады.
  • Тек қана ақша бар мәселені шешеді.
  • Ақшаның шамадан тыс көп болуы, адамдарды жаман әдетке үйір болуына итермелейді.
  • Ақша бір қоғамның бөлінуіне ықпал етеді.
  • Ақшаны сақтау қиындық туғызады.
  • Адамдар арасындағы қарым қатынас ақшаға байланысты.

 

Ал енді қалай ойлайсыңдар осы жерде туындап отырған мәселелерді біз шеше аламыз ба?(оқушылар жауабы: жоқ)

Енді осы жерде біз 4-мәселені қарастырып көрсек, бұл сөйлемде айтылған мәселемен келісесіңдер ме?

«Қазақстандық балалар өздерінің ата-аналарының табыс ақшарына мұқтаж екендерін көрсетеді.»

Менің ойымша, Қазақстандық балалар өздерінің жеке бюджеті болғанын қалайды, солай ма? Олай болса келесі ойынымызға көшейік.

Келесі оынымыздың аты – «Тинейджерлер бизнесі»

Ең бірінші тинейджерлер деген ұғымға тоқталайық. Олар кімдер? Тинейджер сөзі  «Tinejdzher»  ағылшын тілінен аударғанда «жасөспірім»  деген мағына береді. Ал ендеше жасөспірімдердің бизнесіне куә болайық. 

Бұл ойынның шарты – жасөспірімдердің қалай ақша табатынында. Енді сендер әр топ мүшелері ақылдаса отырып, өз идеяларыңды банкке сатасыздар. Әр идеяларыңа ақша бірлігі ұсынылады. Ол бірліктің аты – «ДЖАЙВ» деп аталады. Сіздердің әр топтарыңыздың есепшоттарыңызда 250 ДЖ.-тан бар. Ал егер де ешқандай идея таба алмасаңыздар Банктің көмегіне жүгінулеріңізге болады. Банкте сатылатын идеялар бар. Есепшоттарыңыздағы дж-тың көмегімен идея сатып ала аласыздар. Ең көп Джайв жинап және жасөспірімдер қандай жұмыс арқылы өз бюджеттерін толықтыра алатыны жөнінде толық ақпарат берген топ жеңімпаз болып саналады.Ал банктің сттатистик маманы бізге есеп жөнінде ақпарат береді.

Банктегі идеялар мыналар:

  • Автокөлік жуу.
  • Почтольен
  • Бөлме гүлдерін сату

Жазғы уақыттағы уақытша жұмыстар:

  • Бақшадағы жер учаскесін аудару
  • Шөп жинау
  • Картоп қазу
  • Аквариумдағы балықтарды бағып, өсіріп сату

Ал енді статист маманымызға сөз кезегін береміз. Қай топ көп Джайв жинап Тинейджерлер бизнесі ойынында жеңімпаз атанда?

Келесі кезекте Жедел-анкета тапсырмасы. Бұл кезекте әр топ өзінің жиған ақша бірліктерін төменде көрсетілген конверттерге салуға тиісті. Ол коверттер мынадай топтарға бөлінген.

  • Өзімнің қажеттіліктеріме.
  • Өз отбасымның қажеттіліктеріне және достарыма.
  • Өз денсаулығыма, біліміме және алған білімімді кеңейтуге.
  • Спонсорлыққа және қайырымдылыққа.

Кейін әр топ өз ақша қаражаттарын жұмсау үшін не себептен осы шығынды таңдағанын түсіндіру керек.

Ал енді оқушылар өздерің көріп отырғандай сендер шамалы уақытта ақша тауып, оны жұмсап та үлгердіңдер, енді қалай ойлайсыңдар, ақша жамандық па әлде жақсылық па, қайсысына жатқыза аламыз? Осы себептен біз өзіміздің сайысымызды жалғастырамыз келесі кезекте ДЕБАТ.

I топ жақсылық

II топ жамандық

III екі көзқарасты талқыға салады.

        Ал енді қорытындылай келгенде,  

  • Егер де ақша адам ойын бұзатын болса, онда оған ақша емес, адамның өзі кінәлі. (Бауыржан Тойшыбеков)
  • Егер де сіз ақшаны жақсы көретін болсаңыз, сезімдеріңіз қарама қайшы болып жүрмесін (Башир Зугумов)
  • Ешқашан да ақшасыз жаман болғандай, ақшамен жақсы болмайды. (Белгісіз автор)
  • Адам өзіне жетпей тұрған кезде ғана өзгемен бөлісе алады, ақша көбейген кезде ол ешкімге көмек бере алмайды.(Бенджамин Франклин)

Мүмкін сендер бүгін ақша туралы  көп нәрсе талқылаған боларсыздар, бірақ сендер ешқашан ұмытпау керексіңдер ақша капиталды ресурс — жалпы біздің өміріміздегі қажеттіліктерді толық қанды қанағаттандыратын материя болып табылады. Сондықтан да мейлі ол мектеп оқушылары болсын, мейлі ол ересек адам болсын өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін ол тек еңбектің көмегімен ғана табылатынын жадынан шығармауы керек.

Енді бүгінгі алған әсерлеріңізді келесі смайликтеріңізбен білдіртсеңіздер.