Тік төртбұрыштың қасиеті

66

Тақырыбы: Тік төртбұрыштың қасиеті

 

Мақсаттары: Тік төрт бұрыштың қасиетімен танысу. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару. Оқушылардың танымдық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, табиғатқа қамқорлықпен тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, кесте

 

Сабақ барысы

І. Психологиялық дайындық: Біздің мақсатымыз:

І слайд

Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбек ету,

Еңбек ету арқылы «5»-ке қол жеткізу.

 

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ слайд

  • Қазір біз математика сабағы. Күндегіден ерекше сабақ. Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
  • Көңіл күйлерің қалай?
  • Онда жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

ІІІ слайд

Бүгінгі біздің тақырыбымыз. Тік төртбұрыштың қасиеті. Сабағымызда тік төртбұрыш қасиетімен танысып, әртүрлі тәсілдермен есептер шығарамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Барлығымыз дәптерімізді ашып бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып алайық.
  • а) мына фигураларға назар аударайық бұлар қандай фигура?
  • Тік төртбұрыш екенін қандай қасиетінен білдік? Мына (слайдқа қарап көрсету) тік төртбұрыштардың қабырғалары нешеу?

Түстер бірдей қабырғалары нешеу?

Қызыл түсті – 2

Көк түсті – 2

Енді оларды өлшейік. Фигураның қызыл қабырғалды 3 см. Көк қабырғалары – 1 см (үш фигураны да өлшейміз). Қарама – қарсы қабырғалары тең болады.

Дәптермен жұмыс.

ә) Дәптерлеріне тік төртбұрыш сызыңдар. Оның тік төртбұрыш екенін дәлелде.

— Дәптерге жазамыз:

5 слайд 1) Барлық бұрыштары тік төртбұрыш болады.

2) Қарама – қарсы қабырғалары тең болады.

 

 

 

ІV.  Жұмбақ шешу.

Мүйізі бар – ешкі емес,

Жүгіргенде жеткізбес                              (киік)

 

6-слайд. Бұл дөнес мұрынды ғажап жануардың аты-киік. Ол азайып бара жатқан соң қызыл кітапқа енгізілген. Есептер шығару арқылы біз киік туралы мәлімет аламыз.

 

ІV. Есепті шығару:

  • Киіктің түрі-түсі қандай? оның төлін қалай атайды? Мұны білу үшін
  • 2-есепті шығару керек. Оқу талдау шығару.

 

Қ – 4

Қ – 5                ? б

Ж – 3

 

І т (4+5)+3=12 (б)

ІІ т 4+5=9 (б)

9+3=12 (б)

Жауабы: 12 (б)

 

7-слайд. Киік жазда сарғыш-қызыл, қызғылт сұрт түске боялады. Оның төлін «құралай» деп атайды.

Киік қыста қандай тон киеді екен. Бұл сұраққа жауап беру үшін 3-ші есепті шығару керек.

Іт. (30+20)-20=30

ІІт.30+20=50

50-20=30

Жауабы: 30

 

8-слайд. Дұрыс. Киік қыста ақ тон киеді екен. Оның жүні ұзарып, (10 см б/ды) қалыңдайды. Ол жазда +400 с қа, қыста – 500 с-дейін шыдай алады екен.

 

  1. Сергіту сәті.

 

9-слайд          Оң қолыңды көтеріп,

Үшбұрыш сыз ауады.

Сол қол қарап тұрмасың,

Шеңбар сызып зырласын.

 

VІ. Ойын. «Ізін тап»

Оның шарты:

Жануарлардың өз ізін табу керек. Ол үшін 4 есептегі өрнектердің мәнін табу керек.

(30+20)+40          30+(30+40) = 90

(40+10)+30          40+(10+20) = 70

(10+30)+40          10+(30+40) = 80

(40+30)+20          40+(30+20) = 90

(50+20)+30          50+(20+30) = 100

(60+10)+40          60+(10+40) = 110

 

VІІ. Мақал – мәтелдер.

  • Қазір біз шығарсақ киік туралы мақал – мәтелдерді оқып білеміз.

 

12 3 4 5 6
9 8 7 6

 

3+9=12                         12-9=3

8+4=12                         12-8=4

5+7=12                         12-5=7

6+6=12                         12-6=6

 

VІІІ. Ойын:

10 слайд «Неше киік жасырынған?»

 

ІХ. Қорытынды: Балалар бүгін біз қасиетімен таныстық есептер шығарып киіктер туралы білдік.

  • Балалар тік төртбұрыштың бұрыштары, қарама – қарсы қабырғалары қандай болу керек?
  • Киік қыста қандай тон киеді?
  • ТТТөлін қалай деп атайды?
  • Киікті не ге қорғау керек?
  • Қорғау үшін не істеу керек?

11 слайд фильм көрсету.

Х.Үйге тапсырма.

ХІ Бағалау: