Электр тізбегін құру. Ток күшін және оның әр түрлі бөлігіндегі кернеуді өлшеу

48

Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегін құру. Ток күшін және оның әр  түрлі бөлігіндегі кернеуді өлшеу

Сабақтың эпиграфы:   «Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады»

Н.И. Лобачевский

ІІ. Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері:

 

  • білімділік: Тұрақты ток тарауы бойынша алған білімдерін практикада қолдана білуге, электр тізбегін құрып, ток күші оның әртүрлі бөлігінде кернеуді өлшей білу машығына және есептей білуге үйрету, тізбек бөлігіне арналған Ом заңының дұрыстығына көз жеткізу.
  • тәрбиелік: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауын оқыту барысына енгізе отырып, оқушыларды тез ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа үйрету, мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  • дамытушылық: осы тарауда нені білді, қандай шамалармен танысты алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін зертханалық жұмыс жасау арқылы кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.

 

ІІІ. Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр,

зертханалық ток көзі, жалғауға арналған  сымдар, резисторлар жинағы,

интербелсенді тақтада презентация,

 

  1. Сабақтың түрі: Зертханалық –бинарлық. (физика пәні оқытушысы мен

өндіріс шеберінің бірлескен сабағы)

 

  1. Сабақтың өтілу әдісі мен тәсілдері: М.Жанпейсованың модульдік оқыту

технологиясының қорытынды бөлімі.

 

  1. Сабақтың барысы

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру (2 мин)

ә)  Үй тапсырмасы тұрақты ток заңдары тарауын қайталау –толықтыру сабағы болғандықтан оқушылардан төмендегі турлар арқылы жауап алу және зертханалық жұмысқа даярлық. (12 мин)

 

І-тур. Оқушыларды «Ампер», «Вольта», «Ом» үш топқа бөліп аттарын қорғату.

 

ІІ-тур. Тәуелсіз елдің кәсіпкер маманымын! Интербелсенді тақтада презентация. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы жылғы  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауын оқыту барысына енгізу.

 

II-тур. Викториналық сұрақ. «Миллион кімге бұйырады?» ойын  элементтерін қолдану

ІҮ-тур. Есептер шығару (Қонақ кәделік табақтан жіліктер тарату)

 

Берілгені:          Формуласы                        Шешуі:

I= 3 A                         I=U/R                           R= U/I = 15/3= 5 Ом

U= 15 В

 

 

т/к: R-?

 

 

Берілгені:          Формуласы:      Шешуі:

R1=1 Oм             RT=R1+R2               RT=R1+R2=1 +2 = 3 Ом

R2=2 Oм

 

 

т/к: Rт-?

 

Берілгені:            Формуласы:                 Шешуі:

I= 0,4 A                 I=U/R                         U= I•R = 0,4•5= 2 B

R=5 Ом                  U= I•R

 

т/к: U=?

 

V-тур. Шартты белгілермен жұмыс

 

 

 

 

 

Тұрақты ток Вольметр
 

 

 

 

 

Айнымалы ток Омметр
Қорек көзі Реостат
Резистор (кедергі) Электр шамы
Амперметр

 

 Кілт
Өткізгіш сымдарының жалғануы  

б) Өндіріс шеберінің зертханалық жұмысты бастауы.

  1. Техникалық қауіпсіздік ережелері
  2. Зертханалық жұмысқа нұсқаулар
  3. Зертханалық жұмыстың орындалу барысы
 VII. Оқушыларды ретингтік жүйемен бағалау

 

VIII. Үй тапсырмасы. Тұрақты ток заңдары тарауын қайталау.