«Кім жылдам?» ойыны

222

Тақырыбы:  «Кім жылдам?» ойыны

Мақсаты: 

  1. Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
  2. Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілетін дамыту.
  3. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд

Барысы:

  1. Ойынның мақсатымен таныстыру.
  2. Ойынның шартымен таныстыру.
  3. Оқушылармен таныстыру
  4. Жеңімпазды анықтау
  5. Жеңімпазды марапаттау.

Ойынның шарты:

І кезең: «Ойлы болсаң озып көр!» І кезең шарты:

І кезеңде з тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Әр сұрақ өз деңгейіне байланысты ұпаймен есептеледі. ! І кезеңнен кейін төмен ұпай жинаған 3-оқушы ойыннан шығарылады

ІІ кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр» ІІ кезеңнің шарты:

Әр оқушыға жеке сөзжұмбақтар беріледі. Сөзжұмбақтар 7-9 сынып материалдарын қамтиды. Сөзжұмбақ жалпы 80 ұпаймен есептеледі.

ІІІ кезең: «Жүйрік болсаң, озып көр!» ІІІ кезеңнің шарты: Ақтық сайыс

Әр оқушыға 1 минутта 10 сұрақ оқылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай

«Физикалық құбылыстар»

  1. Неліктен көктемде ағаш, тал теректерді ақтайды? (Ақ бет күннен түскен сәулені шағылдырады да, ағаштарды күйіп-құрғап кетуден сақтайды. )
  2. Күн ыстықта және қуаңшылықта егіндер өліп қалмас үшін, егістіктегі ылғалдылықты қалай сақтау керек? (Бұл үшін булануды азайту керек. Ол үшін топырақты қопсытады.)
  3. Табиғаттағы су айналымында қандай физикалық құбылыстар байқалады? (Судың булануы, будың конденсациялануы, көлдердегі судың тасуы, т.с.с. )
  4. Неліктен ерте көктемде мұз еріп, сең жүре бастағанда теңіз жағалауында одан әрірекпен салыстырғанда суығырақ болады? (Мұз еруі үшін оған жылу керек, ал мұз бұл жылуды өзін қоршаған ауадан алады, сондықтан ауаның температурасы төмендеп, сең жүрген өзен, көлдері бар басқа жерлерге қарағанда суығырақ болады. )

«Нобель сыйлығының лауреаттары»

  1. Нобель сыйлығы не үшін беріледі? (Бұл сыйлық жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет пен өнер, бейбітшілікті нығайту саласында еңбек етіп, жаңалық ашқан ғалымдарға беріледі. )
  2. Ең алғаш Нобель сыйлығы қай жылы берілді? (1901 жылы )
  3. Ең алғаш Нобель сыйлығын кім және қандай жаңалығы үшін алды? (Неміс ғалымы Вильгельм Конрад Рентген, х-рентген сәулелерін ашқаны үшін )
  4. Қай физик 2 рет, бірінші рет физика, екінші рет химия саласындағы еңбегі үшін Нобель сыйлығын алды? (Мария-Складовская Кюри )

«Физикалық шамалар»

  1. Бұрыштық жылдамдық дегеніміз қандай шама? (Бұрылу бұрышының уақыт өтуімен өзгеруін сипаттайтын физикалық шама )
  2. Күш дегеніміз қандай шама? (Денелердің бір-біріне әрекетінің сандық өлшемін сипаттайтын физикалық шама)
  3. Масса дегеніміз қандай шама? (Дененің инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық мәнін сипаттайтын физикалық шама )
  4. Дене импульсі-қандай шама? (Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама )

 

ІІ кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»  (сөзжұмбақтар сайысы )

 

ІІІ кезең: «Жүйрік болсаң, озып көр!»

  1. Зат дегеніміз не? ( дененің шығу тегін, сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрі.)
  2. Қандай шамалар векторлық шамалар деп аталады? ( сандық мәніне ғана емес, бағытына да тәуелді болатын физикалық шамалар)
  3. Үдеудің анықтамасы? (жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама)
  4. Потенциялдық энергия дегеніміз қандай энергия? ( денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің орналасуына тәуелді болатын энергия түрі)
  5. Жұмыстың өлшем бірлігі? ( Джоуль)
  6. 54 км/сағ – СИ жүйесінде? (15 м/с)
  7. Ньютонның І заңы қалай тұжырымдалады? ( егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілетін болса, онда дене тыныштықтағы күйін сақтайды немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын жалғастырады. )
  8. Период дегеніміз қандай шама? ( материялдық нүктенің шеңбер бойымен толық айналым жасауына кеткен уақыт)
  9. Ауырлық күші қандай күш? (денелердің жерге тарту күші)
  10. Теңайнымалы қозғалыс (жылдамдығы кез келген тең уақыт аралықтарында бірдей шамаға өзгеретін қозғалыс)

 

  1. Дене дегеніміз не? (нақты көлемі, белгілі бір бар пішіні бар жеке тұрған нәрсе)
  2. Қандай шамалар скаляр шама деп аталады? (тек қана сандық мәнімен сипатталатын физикалық шама)
  3. Температура дегеніміз не? ( дененің жылулық тепе-теңдігін сипаттайтын физикалық шама)
  4. Толық механикалық энергия? (кинетикалық энергия+потенциялдық энергия)
  5. Күштің өлшем бірлігі? ( Ньютон)
  6. 72 км/сағ СИ жүйесінде? (20 м/с)
  7. Ньютонның ІІ заңы қалай тұжырымдалады? ( денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура, ал массасына кері пропорционал)
  8. Жиілік дегеніміз қандай шама? ( бірлік уақыттағы айналым саны)
  9. Серпімділік күші қандай күш? ( дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш)
  10. Қисықсызықты қозғалыс ( қисық траектория бойымен болатын қозғалыс)

 

  1. Материя дегеніміз не? (әлемде не бар болса соның бәрі)
  2. Физика қандай ғылым? ( табиғат туралы ғылым)
  3. Энергия дегеніміз не? ( дененің жұмыс істеу қабілеттілігінің сипаттамасы)
  4. Кинетикалық энергия қандай энергия? (қозғалыстағы дененің энергиясы)
  5. Температураның өлшем бірлігі? ( градус)
  6. 36 км/сағ СИ жүйесінде (10 м/с)
  7. Ньютонның ІІІ заңы қалай тұжырымдалады? ( денелердің бір –біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең, бағыттары қарама-қарсы болады.)
  8. Центрге тартқыш үдеу ( шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі)
  9. Тіректің реакция күші ( тіректің денеге әрекет ететін күші)
  10. Реактивті қозғалыс – дененің бір бөлігі одан қандайда бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалыс)

Қорытынды. Ойынның жеңімпазын анықтау және марапаттау