Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.

480

Тақырыбы: Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік;

  1. Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғымын қалыптастыру, сыну заңы мен формуласын үйрету,
  2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;

а) Сыну құбылысының схемалық суретін сала білу;

Дамытушылық;

  1. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау.
  2. Жаңа білім беру, білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру,.

Тәрбиелік:

Өзі және топ мүшесі үшін жауапкершілік ала білуге тәрбиелеу;.

Көрнекіліктер:

І кезеңде-жұмыс дәптері,тақтадағы «ашық журнал»,мұғалім мен оқушылырдың жеке журналдары;

ІІ кезеңде-оқулық;слайдтар;On-line тақтасы;тәжірибеге керекті заттар;тақта,бор.

ІІІкезеңде- жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал»,мұғалім мен оқушылырдың жеке журналдары;

  1. Геометриялық оптика құралы (оптикалық диск);
  2. Өмірде кездесетін сыну құбылысын көрсету (тарелка, су, тиын);
  3. Тебен иненің сатакандағы суда сынуын көсрету;

 

Сабақтың түрі: Аралас(Ік.-5минут;ІІк.-25минут;ІІІк.-15минут)

Сабақтың мазмұны:І-ІІІ-кезеңдік тапсырмалар.

Әдіс-тәсілі: Оқытудың ҮӘЖ технологиясы бойынша,

І кезеңде- жұмыс дәптерден үй тап.тексеру,сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты бекіту.

ІІ кезеңде-а)оқулықпен өзбетімен іздену әдісі;б)тәжірибе арқылы зерттеу;в)практикада бекіту.

ІІІ кезеңде- үшдеңгейлік тапсырмаларды өзбетімен біртіндеп орындау арқылы бағалау әдістері.

Формасы:І к.-фронтальды,жеке;

ІІ к.-а)топтық;б)фронтальды;в)ұжымдық;

ІІІ к.-жеке.

Сабақтың барысы:  І кезең:а)ұйымдастыру

б)үй тапсырмасын тексеріп,тақтадағы ашық журналға белгілеу;

в) «көпір тапсырмаларын» тексеру.

 

 

 

 

І деңгей             

                                    «Ой  толғау»

А) Жарық  көздері  қаншаға  бөлінеді  және  оларды ата?

Ә)  Күннің  көрінетін  беті  не  деп  аталады?

Б) Жарық  сәулесі  дегеніміз  не?

В) Жарықтың таралу  заңы.

Г)  Жарықтың  шағылу  заңы қалай тұжырымдалады?

Ғ)  Жазық  айнада  қандай  кескін  алынады?

Д)  Дербес  жарық  көздеріне  не  жатады?

Ж) Күнге  ең  жақын  орналасқан 176 күнде  бір  айналатын  планетаны  ата?

З)  Шағылған  жарық  көздеріне  не  жатады?

И)  Күнді  365 күнде  бір  айналып  шығатын  тіршілік көзі  бар  планетаны  ата?

 

 

Жауаптарына мыс.:

А) Жарық  көздері  қаншаға  бөлінеді  және  оларды ата?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д)  Дербес  жарық  көздеріне  не  жатады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

З)  Шағылған  жарық  көздеріне  не  жатады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж) Күнге  ең  жақын  орналасқан 176 күнде  бір  айналатын  планетаны  ата

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

И)  Күнді  365 күнде  бір  айналып  шығатын  тіршілік көзі  бар  планетаны  ата?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ІІ деңгей     

                               «Кім  жылдам?»

1.Шағылу  бұрышын  қандай әріппен  белгілейміз?

А)   α;

Ә)  β ;

Б)   γ ;

2.Айнадағы кескін  қандай  болады?

А) айнаның  жазықтығына  симметриялы;

Ә)  нәрсенің  жалған  кескіні;

Б)  жазық  айна.

3.Түсу  бұрышын  қандай  әріппен  белгілейді?

А)  α ;

Ә)  β ;

Б)  γ ;

  1. 4. Жарық көздері  қанша  топқа  бөлінеді?

А)  3;

Ә) 2;

Б)  4;

  1. Күннің көрінетін  беті.

А)  хромосфера;

Ә)  Фотосфера;

Б)  Ионосфера;

  1. Дербес жарық көздері  қанша  топқа  бөлінеді?

А)  3;

Ә) 2;

Б)  4;

  1. Жарық шоқтары

А)  жарық  сәулелерінің  жиынтығы;

Ә)  жарық  көзі;

Б)   жарық  энергиясы.

 

ІІІ деңгей   

                               «Кім  алғыр?»

 (жалпы  сынып,  тақтада  орындау)

№ 1.  Жазық  айнаға  түсу  бұрышы  20º болса,  жазық  айна мен  шағылған  сәуле арасындағы  бұрышты  тап.

№ 2.  Шағылу  бұрышы  35 º болса,   түсу  бұрышын  тап.

№ 3.   Түсу  бұрышы  70 º болса,   жазық  айна мен  шағылған  сәуле  арасындағы  бұрышын  тап.

№ 4. Жазық  айнаның  алдына  биіктігі  2 см  А  әріпі  қойылған  болса, айнадағы  кескін  қанша  см?

 

«Қатесін  тап» (сергіту сәті)

 

1).                                                  3)

 

2)                                          4)

 

 

5)                                      R             7)

6)

 

ІІ-жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту кезеңі (20-25минут)

ІІ кезең. Жаңа сабақ.

Мұғалім: (Проблемалық ситуация)

І-тәжірибеСтакандағы суға ұзын тебен-инені салып, оны центрден шетке қарай жылжыта отырып сыну құбылысын көрсетеді. Қандай өзгеріс/құбылыс көрдіңдер? Неге болат ине су-ауа шекарасында «сынып» көрінеді?

Бүгінгі сабағымызда жарық сәулесінің аса бір қызықты қасиеті жарықтың сынуы мен мен оның қолданылуын қарастырамыз.

/Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазады/

 

Жарықтың  сынуы. Жарықтың  сыну  заңдары.

а)Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру.(5-7мин.)

ә) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау(5-7минут)

Жауап: Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жырқтың сынуы дейміз.

Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш ( ) сыну бұрышы деп аталады.

Жарық аудан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар тұсу бұрышын сан мәнін (градус)сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз.

Бұдан қандай тұжырым айтуға болады?

Жауап:

  • Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
  • Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.

,   бұл формула мен анықтаманы сыну заңы деп атайды.

Бұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған. Формуладағы n – сындыру көрсеткіші деп аталады.

Сыныдыру көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді.  Заттың ауамен салыстырғандағы к өрсеткіші «абсалют сындыру көрсеткіші»  деп аталады.

  1. Жарық сәулесі вакумда 300000 км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық 300000 км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.

Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде сыну себебі әртүрлі ортада жарық жылдамдығының түрліше болатындығынан. Яғни, оптикалық тығыздығы жоғары ортада жарық жылдамдығы кемиді. Ортаның сындыру көрсеткіші осы жылдамдықтың неше есе кемитінін көрсетеді.

Сонда берілген екі орта үшін (ауа – су, ауа – шыны…) заттың сындыру көрсеткіші

 

формуласымен де анықталады. С- жарықтың вакумдағы жылдамдығы, v –ортадағы жылдамдығы, Онда екі формуланы біріктіріп былай жазуға болады.

Оптикалық диск көмегімен осы формуланың дұрыстығына көз жеткізетін демонстрациялар көрсету.

       Қазіргі кезде көптеген заттардың сындыру көрсеткіштері тәжірибеде анықталып жазыған кестеге жазылған.

Заттар Ауаға қатысты сындыру көрсеткіші
  Су

глицерин

Алмас

Мұз

Тұз

Кварц

Лағыл

Қант

Шыны сорттары

1.33

1,47

2,42

1,31

1,54

1.54

1,76

1,56

1,47 до 2.04

Параллель шыны пластинадан өткен жарықтың сыну құбылысы

 

Үшбұрышты шыны призмаға бүйірінен түскен жарықтың сыну

құбылысы.

Сындыру бұрышы

 

 

 

 

 

 

 

«Эстафета»

б) Сұрақтар мен аяқталмаған тапсырмалары бар плакатты әр топ аяқтайды.

Тақтаға іліп әр топ басшысы оқып таныстырады.

в)  Тәжірибе көрсету арқылы теориялық білімдерін бекіту.

2-тәжірибе: Тарелке, су, тиынмен жасалатын тәжірибені көрсету.

Тарелкеге тиын салып қойып, оған тиын көрінбейтіндей қырынан қарап тұрып жәйлап су құямыз. Аздан соң тиын көрінеді.

Тиын неге «көтерілді»?

Бұл тәжірибелер екі түрлі ортаның шекарасында, яғни су-ауа шекарасында жарық сәулесі түскенде бір бөлігі шағылып, ал бір бөлігі екінші ортаға өтетінін және өткенде бағытын өзгертінін (сынатынын) дәледейді.

 

ІІІ кезең:(кері байланыс)-а)технология бойыша деңгейлік тапсырмаларды орындау бөлімі(12-минут)б) қорытынды баға шығару(+3минут)

Жұмыс дәптердің мазмүны

Деңгейлік тапсырмалар

 

1-деңгей(5 балл)

Сұрақ Жауаптар Дұрыс жауаптар
1 Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде,жарықтың таралу бағытының өзгеруін не деп атайды? А) жарықтың жұтылуы

В) жарыктын сынуы

С) жарықтын шағылуы

Д) жарықтын шашылауы

2 Сыну бұрышы қандай әріппен белгіленеді? А) Ϭ

В) α

С) γ

Д) β

3  Жарыктын сыну көрсеткиші қандай әріппен белгіленеді? А) n

В) c

С) b

Д) v

4 Сыну бұрышының түсу бұрышына пропорционал еместігін эксперимен жүзінде көрсетке ғалым кім? А) Бируни

В) М.Фарадей

С) Ш.Кулон

Д) Ибн аль-Хайсам

5 Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы қандай? А) 300 000км/с

В) 300 000м/с

С) 299 711км/с

Д) 225 000км/с

 

2- деңгей(+4балл): Бос орынды 1.толтырыңдар:_______________________________________________

_______________________________________________________сыну бұрышы  деп атайды.

 

  1. түскен сәуле,сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке_____________ ___________ бір жазықтықта жатады.

 

 

  1. сыну көрсеткішін есептеу формуласы(Снеллиус заңы).

 

 

  1. түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы_________ _____________болып табылады.

ІІІдеңгей(+3балл):.  1. Жарық  сәулесі  бірінші ортадан екінші ортаға өткенде,  түсу  бұрышы 600,ал сыну бұрышы 300 болса,бірінші ортаға қатысты екінші ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші  неге  тең?

Берілгені:           Шешуі:

γ=300

α=600

 

n=?

 

Жауабы:________________________________________________________________

 

2.Алмастағы   жарық  жылдамдығы 124000км/с.Алмастың сыну көрсеткішін    табыңдар.

Берілгені:              СИ:                                    Шешуі:

V=124000км/с

с=3*108м/с

 

n=?

 

Жауабы:________________________________________________________________

 

«Ашық журнал»

(Бағалау)

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың  сынуы. Жарықтың  сыну  заңдары.

 

Оқушының аты-жөні Ідеңгей

(5ұпай)

ІІдеңгей

(4ұпай)

ІІІдеңгей

(3ұпай)

Сыныпта

жинаған

балы

Үй тапсырма

Сының

балы

Жалпы

ұпай

Бағасы

 

«Жеке журнал»

Сейілхан Өміржан.

 Тақырыбы: Ідеңгей

(5ұпай)

ІІдеңгей

(4ұпай)

ІІІдеңгей

(3ұпай)

Сыныпта

жинаған

балы

Үй тапсырма

Сының

балы

Жалпы

ұпай

Бағасы
Жарықтың

Сынуы.Сыну заңдары

Үйге тапсырма: §67. №29жат. және Рым. №1022,1023.деңгейлік тапсырманы аяқтау.