«Тұрақты ток» тарауын қайталау

58

Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты ток» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты: «Тұрақты ток» тарауын ойын элементтерімен қайталау

а) білімділік: оқушылардың «Тұрақты ток» тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылап, эксперименттік, сандық, сапалық есептер шығару, білім білік дағдыларын қалыптастыру

б) дамытушылық: оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру

в) тәрбиелік: жолдастарына көмек беру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Әдісі: Ой туғызатын сұрақтармен ойлау қабілетін арттыру, деңгейлеу технологиясын пайдалану.

Көрнекілік: Ғалымдардың суреттері (Ом, Ампер, Кулон, Резерфорд, Вольта), кітаптар, рефераттар.

Қажетті құралдар: Амперметр, вольтметр, реостат, өткізгіш сымдар, ток көзі резисторлар.

Сыныпты екі топқа бөлеміз. Жақсы оқитын екі оқушыны әділқазылыққа сайлаймыз. Мұғалім ойынды жүргізуші. Тақтаға жоспар жазылады.

Жоспар

І-тур «Кім жылдам»

ІІ-тур «Сәйкестендіру тесті»

ІІІ-тур «Физикалық эстафета»

ІV-тур «Аукцион» капитандар сайысы

V –тур Эксперименттік сайыс

VI – тур «Біз нені білуіміз керек?»

І-тур «Кім жылдам»

І-топ

  1. Электр тогы болу үшін (…) не керек?
  2. Электр кедергісінің бірлігі (…)
  3. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы (…)
  4. Электр кернеуінің бірлігі (…)
  5. Өткізгішті тізбектей қосу формуласы (…)
  6. 1мА = …А бар
  7. Ток күшін өлшейтін аспап (…)

ІІ-топ

  1. Ток күшінің формуласы (…)
  2. Ток күшінің бірлігі (…)
  3. Ток күшін өзгертетін аспап (…)
  4. 1кОм = …Ом бар
  5. Өткізгішті параллель қосу формуласы (…)
  6. Өткізгіштің кедергісінің формуласы (…)
  7. Кернеуді өлшейтін аспап (…)

 

ІІ-тур. Сәйкестендіру тесті

 

ІІІ-тур. «Физикалық эстафета»

Бұл бөлімде оқушылар 1, 2-суреттерде көрсетілген есептерді және 20 жаттығудың 2-3 есептерін шығарады

ІV-тур. «Аукцион» капитандар сайысы

Амперметр және вольтметрді аукционға салады.

Ертегі.

Ертеде электр деген хан болыпты. Ол кезде электр энергиясы болған жоқ еді. Электр ханның үш баласы болған, үлкені Ампер, ортаншысы Вольт, ал кішісі Ом. Ханның балалары ер жеткен соң әкесі олардың басын қосып, электростанцияның құру жоспары жайында әңгімелеседі. Сонда Ампер мен Вольт жұмысқа бірден кірісті, ал Ом болса олармен келіскен жоқ.. Себебі, электростанция найзағайдың күшін көп тартатын еді. Ом ол халыққа қауіп төндіреді деп қорықты. Ампер мен Вольт Омның сөзін тыңдамай өз істерін істей береді. Электростанция құрылып, елге жылу, тоқ беріледі. Бүкіл ел өздерінің ризалықтарын Ампер мен Вол тке және олардың әкесіне білдірді. Солай бірнеше жыл Ом ағаларына реніште болды. Ампер мен Вольт өз елінде әйгілі болған соң, басқа елдерге тоқ сатумен айналысқылары келеді. Олар енді станцияның найзағайдан алатыр күшті арттырумен болады. Енді Вольт тоқтың күшін бір мөлшерде ұстайтын кернеу құралы арқылы жұмыс істегісі келеді.  

Бірақ Ампер өзін үлкен санап, Вольтты тыңдамайды. Солай станцияның найзағайдан алатын күшін арттырады. Олар енді жауынды тосты. Жауын жауған күні найзағай станцияға кіріп, двигательдерді істен шығарады. Осыны көрген Ом кедергі жасап, өкінішке орай өзі апатқа ұшырайды.

Содан бері ел адамдары Амперді- тоқ күші,Вольтті-кернеу, Омды-кедергі деп атап кеткен.

    

 

V –тур. Эксперименттік сайыс.Электр тізбектерді  құрастыру.

 

VІ – тур. «Біз нені білуіміз керек?»

Дәрігер ақыл – кеңес береді.

Адам өміріне токтың қатері.

Дәрігер.

Адам денесінен өтетін тоқ,, Ом заңы арқылы анықталады. Күнделікті тұрмыста барлық электрлік құрылғылар 220В кернеумен жұмыс жасаған кезде адам терісі құрғақ болғанда кедергі 105 Ом болу керек, тоқ күші 2,2 мА – 3А аралығында өлім қаупі туады. 3А тоқта жүрек тоқтайды. Тоқ соққан кезде алдымен адамды электр тоғының әсер етуінен құтқару керек.

1) Жасанды дем алдыру, жүрекке массаж жасау керек.

2) Адамды арқасымн жатқызып, аузын ашып жасанды дем алдырады.

          Экономист – үнемдеуге үйретеді

Экономист.

Электр тоғын үнемді пайдалану.

Пәтерлерімізді жарықтандыратын 100 Вт-тық бір шам 10 сағат жанып қалатын болса, 100 Вт/сағат энергия шығындалады, яғни 1 кВт/сағат. Бұл шығынды Джоуль-Ленц заңы бойынша Q=Р∆t формуласымен анықтаймыз, сонда Q=Р∆t. 1кВт/сағ энергия бүгінгі күні 10 теңге 43 тиын, сонда ауылдағы 250 үйде 1 шам 10 сағаттан жанып қалса 250 ∙ 10,43=2607,5 теңге зиян келеді. Сондықтан тоқты үнемді пайдаланып, өзі аз қаржыларымызды үнемдеуге тырысу керек

VІІ.   Қорытынды

VIII.  Бағалау