Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.

 

Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.
Электрондық оқулықтан, слайдтан тапсырма көздері, тәжірибе құралдары.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергиясының өзгеруі, бірақ балқу және қатаю бірдей температурада жүретіндігіне көз жеткізу,ішкі энергиясының өзгерісін молекула-кинетикалық тұрғыдан түсіндіру, теориялық білімдерін одан әрі дамыту және тереңдету, тәжірибе жүргізу арқылы тақырыпты ашу, диалогтік оқытуды қолдану арқылы балқу кезінде отынның энергиясы қайда жұмсалатындығын, ішкі энергия туралы түсінігінің толығып отыруын яғни сыни тұрғыдан ойлауды басшылыққа ала отырып білімін кеңейту, балқу және қатаю температурасынын мағынасын түсіну, меншікті балқу жылуының мағынасын түсіндіру, формулаларды жамында сақтау, есеп шығару үшін логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру;  қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру.
Ойды жүйелі жинауға үйренеді. Формулаларды жадында сақтауға ұмтылады.Күнделікті өміріміздегі және техникадағы маңыздылығына көз жеткізеді. Ғылыми көзқарасы қалыптасады. Қосымша деректермен жұмысжасауды үйренеді, өз біліміне есеп беріп,өзге топтарды тыңдауды үйренеді,топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады, көпшілікте өзін-өзі реттейді.
Балқу және қатаю температурасы бірдей болса да, ішкі энергияның өзгеруі, меншікті булану жылуының заттың құрамына байланыстылығы.
1-тапсырма.  Оқушыларды топтарға бөлу.

2-тапсырма.  Тәжірибе жасау. Тәжірибеге байланысты өз пікірлерін постерге салу /5мин/

3-тапсырма.

1  топ. Балқу кезінде отынның энергиясы неге жұмсалады?

2  топ. Не себептен су қалыпты қысымда 0°C-та ериді, 0°C -та қатады?

3 топ. Заттың балқу және қатаю процестері өндірісте және техникада қалай қолданылады?

/10 мин/

4-тапсырма.

Деңгейлік тапсырмалар, жаттығу және есептер шығару

1 топ.

Балқу температурасындағы 1кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу керек?

20°C-тағы 200 г нафталинді балқыту үшін қандай жылу керек?

20°C -та  150г қорғасынды балқыту үшін  2,4 ккал жылу жұмсалды. Осы жылу мөлшері қорғасынды толық балқытама?

2 топ.

Балқу температурасындағы 1кг темірді балқыту үшін қанша жылу керек?

20°C -тағы  200 г  парафинді балқыту үшін қанша мөлшері жұмсалады?

0°C -тағы мұз бен судың қайсысына көбірек жылу жұмсалады? Неліктен?

3 топ.

Балқу температурасындағы 1кг қорғасынды балқыту үшін қанша жылу керек?

0°C –тағы мұзды балқытып температурасы 15°C

суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек?

20°C болатын 2000 кг шойын балқыту пешіне салынған. Оны балқытуға қанша жылу мөлшері керек?  0°C -та алынған қанша мұзды ерітуге болады?

/15 мин/

5 тапсырма.

Эксперименттік тапсырма орындау.

1 топ.2 кг алюминийдің балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар.

2 топ.2 кг мыстың балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар.

3 топ.2 кг темірдің балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар.

/5  мин/

6- тапсырма.Интертақтада Эйлер-Венн дөңгелегін жасау.

/3 мин/

 

Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру,

9 жаттығу есептерін шығару.

 

Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау

Өздеріне сенімді бола бастады, еркін пікірлей алды

 

Мұғалімнің жазбаларыТренердің жазбалары
1-тапсырма.  Оқушыларды топтарға бөлу. 1,2,3,4,5 деп санау арқылы санату және  1 деген оқушылар 1 топ, 2 деген оқушылар 2 топ т.с.с. топтарға бөлінді.

2-тапсырма.Тәжірибе жасау. Мұзды жылытып, ерітеміз. Тәжірибеге байланысты өз пікірлерін постерге салды.

3-тапсырма.

1       топ. Балқу кезінде отынның энергиясы неге жұмсалады?

Асима:

-Толық балқыту үшін немесе балқу температурасына жеткізу үшін кетеді.

2  топ. Не себептен су қалыпты қысымда 0°C-та ериді, 0°C -та қатады? Нұрдәулет:

-Себебі балқу және қатаю температурасы бірдей

3 топ. Заттың балқу және қатаю процестері өндірісте және техникада қалай қолданылады? Саламат:

-Өндірісте және техникада құрылыс материалдарын жасайды, мысалы, автомашинаның бөліктерін, құймаларды жасайды.

4-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар, жаттығу және есептер шығару

1 топ.

Балқу температурасындағы 1кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу керек?

20°C-тағы 200 г нафталинді балқыту үшін қандай жылу керек?

20°C -та  150г қорғасынды балқыту үшін  2,4 ккал жылу жұмсалды. Осы жылу мөлшері қорғасынды толық балқыта ма?

1 топ деңгейлік тапсырманың    және    есебін шығара алды. Айдана     шығарды.

2 топ.

Балқу температурасындағы 1кг темірді балқыту үшін қанша жылу керек?

20°C -тағы  200 г  парафинді балқыту үшін қанша мөлшері жұмсалады?

0°C -тағы мұз бен судың қайсысына көбірек жылу жұмсалады? Неліктен?  2 топ барлық есептерін шығарды.  Нұрдәулет шығарды.

3 топ.

Балқу температурасындағы 1кг қорғасынды балқыту үшін қанша жылу керек?

0°C –тағы мұзды балқытып температурасы 15°C

суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек?

20°    C болатын 2000 кг шойын балқыту пешіне салынған. Оны балқытуға қанша жылу мөлшері керек?  0°C -та алынған қанша мұзды ерітуге болады? 3 топ      есебін және      есебін шығара алды. Айзада шығарды.

5 тапсырма.

Эксперименттік тапсырма орындау.

1 топ. 2 кг алюминийдің балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар.

2 топ. 2 кг мыстың балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар.

3 топ. 2 кг темірдің балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар. Барлық топ кестемен өте жақсы жұмыс жасады.

6-тапсырма.Интертақтада Эйлер-Венн дөңгелегін жасау.

2 топтан Сали балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергия мен температураның айырмашылығын көрсетті.

Кері байланыс жасау үшін  оқушылар өздерін-өздері ауызша, топтар бір-бірін бағалау үшін қызыл парақша «5» бағасын, жасыл парақша «4» бағасын, сары парақша «3» бағасын білдіретін әр топқа парақшалар берілді. Топтар бір-біріне парақшалар беру арқылы әр тапсырманы орындауын бағалады. Әр топқа парақтардың орташа бағасын шығарып баға қойылды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту жүзеге келді талантты және  мен дарынды балалар байқалды, яғни, Нұрдәулеттің, Айдананың, Айзаданың белсенділігі байқалып отырды.

Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылды. Үйге

тапсырма берілді. Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру,

9 жаттығу есептерін шығару.