Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы жіне қатаюы. Балқу және қатаю температурасы.

Заттың агрегаттық күйлері. Қатты  денелердің балқуы жіне қатаюы. Балқу және қатаю температурасы.
Электрондық оқулықтан, слайдтан тапсырма көздері, табиғат құбылыстарының видеосуреттері
Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, элементар бөлшектердің немесе заттарды құрайтын бөлшектердің өзара әрекеттесу энергиясына байланысты ішкі энергиясы болатындығы жайлы білімдерін одан әрі дамыту және тереңдету, видеороликті пайдалану арқылы тақырыпты ашу, диалогтік оқытуды қолдану арқылы заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі табиғат құбылыстарының өзгеруіне ықпал ететіндігін түсінуі, ал табиғаттағы ауа райының өзгеруі осы факторларға байланысты екендігін ұғынуы, ішкі энергия туралы түсінігінің толығып отыруы, яғни сыни тұрғыдан ойлауды басшылыққа ала отырып білімін кеңейту, балқу және қатаю температурасынын мағынасын түсіну дағдыларын қалыптастыру;  қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру; ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау.
Тақырып мақсатын түсінеді. Ойы толығады. Күнделікті өміріміздегі және техникадағы маңыздылығына көз жеткізеді.Әрекетті сыни бағалауды үйренеді, пікірлерін айта алады,өзіндік ойын ортақ пікірге келтіріп отырады, көпшілікте өзін-өзі реттейді, басқа топтардың жауаптарын тыңдайды.
Балқу және қатаю құбылысының әрбір заттың молекулалық және атомдық құрылысына байланыстылығы және балқу және қатаю температурасының бірдей болуы. 
1-тапсырма.Видеосуреттерді көру арқылы ойқозғау.2-тапсырма.  Топтарға бөлу.

Физикалық құбылысты диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу.

3-тапсырма.

1 топ. «Сұйықтық»

Сұйықтықтың молекулалық құрылысын, балқу және қатаю температурасын, қасиеттерін постермен қорғату

2 топ.«Газ тәрізді»

Газ тәрізді заттың агрегаттық күйлерінің молекулалық құрылысын, балқу және қатаю температурасын, қасиеттерін постермен қорғату

3 топ. «Қатты дене»

Қатты денелердің молекулалық құрылысын, балқу және қатаю температурасын, қасиеттерін постермен қорғату / 10 мин/

4-тапсырма.

Жаттығу және тапсырмалар.

1 топ. Су, мұз, немесе су буының массалары бірдей болса, олардың қайсысының ішкі энергиясы ең көп болады?

2 топ.Бірдей температурада қатқан мұз бен қардың

қайсысы жақсы тоңазытқыш бола алады?3 топ. Неліктен суық аймақтарда ауа температурасын өлшеу үшін сынап емес спиртті термометрді пайдаланады?/8  мин/

5-тапсырма.

Эксперименттіктапсырма орындау

2 топ

Балуыздың балқу және қатаю температурасын салыстырыңдар

3 топ.

Термометрдің көрсетуін жазып отырыңдар / 8 мин/

6- тапсырма

Интертақтада Эйлер-Венн дөңгелегін жасау

/5 мин/

 

Балқу және қатаю процессінің қалыпты атмосфералық қысымдағы кестесін пайдаланып есептер шығару.
Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау
Өздеріне сенімді бола бастады, еркін пікірлей алды

 

 

Мұғалімнің жазбаларыТренердің жазбалары
  1-тапсырма. АКТ интертақтасында видеосуреттер көрсетіледі. Ауа райының жылынуынан қардың, өзен-көлдердегі сулардың еруі, мұз айдыны,шәйнектегі судың буланып жатырған көрінісі көрсетіледі.Мұғалім:

-Оқушылар,видеосуретте не көрсетілді? Қандай көріністі, құбылысты көрдіңіздер? -деген сұрақ қойылғанда

Айдана:

-Күннің жылынып жатқанын, қардың еріп жатқанын көрдік.

Нұрдәулет:

-Мұзды, суды, буды көрдік.

Асима:

-Қарды, еріп жатқан өзенді көрдік.-деді.

Салтанат:

-Пештердегі металдардың еруін

Азамат:

-Металдарды құйып, әртүрлі заттарды жасап жатқандығын

Мұғалім:

-Осы жерде су компонентінің неше агрегаттық күйін көре алдыңдар?

Иә, сен не деп ойлайсың, Айзада?

-Мұз, су, бу, яғни, заттың үш күйі

Мұғалім:

-Неліктен олар бір күйден екінші күйге өтіп жатыр? Ия, Батухан

Батухан:

-Ауа райы жылынғандықтан

Мұғалім:

-Яғни,иә Айдана?

Айдана:

-Ауа температурасы көтеріліп жатқандықтан

Мұғалім:

-Өте жақсы, Айдана. Мұғалім:

-Бүгінгі  тақырыбымыз, өздеріңіз көріп-айтқаныңыздай «Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы».

2-тапсырма. Біреулеріне сұйықтың аты жазылған, біреулеріне қатты дененің аты жазылған, кейбіреулеріне газдардың аты жазылған парақшалар жасырылып, оқушыларға суыртылады. Мысалы: су, сүт, май т.б. «сұйықтық» тобына, темір, ағаш т.б. «қатты дене тобына», бу, ауа, метан т.б. «газ тәрізді тобына» бөлінеді.

3-тапсырма.

Заттардың агрегаттық күйлері болып үш топқа, яғни, 1 топ «Сұйықтық», 2 топ «Газ тәрізді», 3 топ «Қатты дене» болып бөлінді және осы күйлердің қасиеттерін, балқу температурасын әр  топ постер арқылы қорғады.

1 топ. «Сұйықтық» тобына сұйықтықтың молекулалық құрылысын, балқу және қатаю температурасын, қасиеттерін постермен қорғау тапсырмасы берілген болатын. Топ атынан Саламат:

-Сұйықтың молекулалары газдарға қарағанда бір-біріне жақынырақ жайласады. Молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы тартылыс күшінен әлсізірек, сұйықтық пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды, табиғатта сұйық, қатты күйде, газ күйлерінде кездесуі мүмкін-деді.

2 топ. «Газ тәрізді»  тобына газ тәрізді заттың агрегаттық күйлерінің молекулалық құрылысын, балқу және қатаю температурасын, қасиеттерін постермен қорғау тапсырмасы берілген болатын. Топ атынан Айзада:

-Газ молекулаларының жайласуы өте сирек, олардың ара қашықтығы, молекулалардың өздерінің өлшемдерінен анағұрлым үлкен болғандықтан тартылыс күші аз. Газдар пішінін де, көлемін де сақтамайды-деді.

3 топ. «Қатты дене» тобына қатты денелердің молекулалық құрылысын, балқу және қатаю температурасын, қасиеттерін постермен қорғау тапсырылды. Топ атынан Нұрдәулет:

-Қатты денелер пішінін де, көлемін де қатаң сақтайды, атомдары мен молекулалары тығыз жайласады, табиғатта көбінесе қатты күйінде кездеседі, сұйық күйге айналдыру үшін жоғары температура беру керек, мысалы, металдарды заводтарда балқыту үшін жоғары температура беру керек.

4-тапсырма. Жаттығу және  тапсырмалар.

1 топқа- Су, мұз, немесе су буының массалары бірдей болса, олардың қайсысының ішкі энергиясы ең көп болады?-деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа Айдана жауап берді.

-Су, мұз немесе су буының массалары бірдей болғанымен температуралары әртүрлі болады, температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы артады немесе су буының ішкі энергиясы жоғары, судыкі одан төмен, ал мұздыкі судыкінен төмен болады.

2 топқа-Бірдей температурада қатқан мұз бен қардың қайсысы жақсы тоңазытқыш бола алады?- деген сқрақ қойылып еді, бұл сұраққа Батухан былай жауап берді.

-Мұз да, қар да жақсы тоңазытқыш болады- деді. Бұл сұрақтың жауабын 3-топтағылар «дұрыс емес» деп, осы топтағы Нұрдәулет:

-Қар жақсы тоңазытқыш болады, себебі қардың жылу өткізгіштігі мұзға қарағанда төмен, сондықтан жақсы тоңазытқыш болады-деді. Өздерінің сұрақтарына да Нұрдәулет топ атынан жауап берді. Олаға берілген сұрақ мынадай еді.

Неліктен суық аймақтарда ауа температурасын өлшеу үшін сынап емес спиртті термометрді пайдаланады?  Нұрдәулеттің жауабы:

-Сынаптың қатаю температурасы -36ºC болғандықтан өте суыө аймақтарда қатып қалады, спирттің қатаю температурасы төмен, содықтан спиртті термометрді пайдалану керек.

5-тапсырма. Эксперименттік тапсырма орындау үшін эксперимент жасалды. Балауыз шамын жағылды, ол уақыт өтуімен еріп аға бастады.

1-      топқа:Балауыздың неліктен балқығанын түсіндіру тапсырылды. Бұл тапсырманы топтағы Еркін:

-Жаққанда температура көтеріледі, сондықтан балқыды-деді.

2 топқа-Балуыздың балқу және қатаю температурасын салыстырыңдар- деген тапсырманы бергенде, аққан балауыздың температурасын өлшегенде балқу мен қатаю температурасы жуық болып шыққанын айтты-Гүлназ.

3 топтағыларға-Термометрдің көрсетуін жазып отырыңдар-деген тапсырманы барлығы орындады және 52ºC болды-деді.

6– тапсырма.Интертақтада Эйлер-Венн дөңгелегін жасау арқылы балқу және қатаюды салыстыру керек болатын. 1- топтан Салтанат қол көтеріп тапсырманы балқу және қатаюдың айырмашылығын тапты.

Кері байланыс жасау үшін  оқушылар өздерін-өздері ауызша бағалады, топтар бір-бірін бағалау үшін қызыл парақша «5» бағасын, жасыл парақша «4» бағасын, сары парақша «3» бағасын білдіретін әр топқа парақшалар берілді.Айдана Нұрдәулеттің өте белсенді қатысқандығын айтып қызыл парақ берді. Айзада да қызыл парақ беріп бағалады, топтар бір-біріне парақшалар беру арқылы әр тапсырманы орындауын бағалады. Әр топқа парақтардың орташа бағасын шығарып орташа баға қойылды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту жүзеге келді талантты және  мен дарынды балалар байқалды, яғни, Нұрдәулеттің дарындылығы байқалып отырды.

Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылды. Үйге тапсырма берілді.