Қыртысы күрделі драпировка

 

Сабақтың тақырыбы:  «Қыртысы күрделі драпировка»

Сабақтың мақсты:

А) білімділігі: көзге көрніп тұрған нәрсені салуды алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді, жақын жердегі көрністерді салыстыру және үйретіп білімділігін аттыру.

Ә) дамытушылығы: сурет жанры туралы тереңдетіп, өнерге деген қызығушылығын оятып қабілеттерін дамыту.

Б) тәрбиелігі:  жалпы қойлымдағы натюрмортты бейнелей отырып, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  дәстүлі сабақ.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Баяндау, үйрету көмектесу.

Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбы, көрнекіліктер түрі.т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, геометрия.т.б.

Сабақтың міндетті: оқушыларға сурет жанрларындағы жарық көлеңкелерді білуге, әрі қатесіз салуға үйрету.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, құрал – жабдықтарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.

       II.Жаңа тақырыпқа  кіріспе:

Сурет әлеміне еніп, оның таңғажайып қыры мен сырын меңгеру үшін оның техникасын терең жете танысыу қажет. Сурет өнерінде  орындалуына қарай бірнеше заңдылықтарға бөлнеді. Оқушыларға  сурет заңдылықтары  туралы көрсетіп еске түсіру.

Жарық  – қандайда бір затқа сәуленің мол түсіп тұрған жерін атаймыз.

Жарық екіге бөлініп, жасанды жарық және табиғи жарық болып табылады.

Рең  – қоюланған штрихтардың жиынтығы болып табылады.

Штрих — жалпы көптеген сызықтардың жиынтығы болып табылады.

Көлеңке деп заттыңсәуле түспей тұрған ең қараңқы жерін атаймыз.

Паррпллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге ұштасады.

III.Жаңа сабақ:                                                                                            

Сурет жанрына тоқталатын болсақ  — сурет салуды сүю,табиғатты, қоршаған ортаны сүю, ол адамның ақыл ой, парасатын өсіреді,танымын кеңейтеді, ізгілікке әсемдікке үйретеді. Сурет немесе бейнелеу өнері — бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Сурет тек жеке ғана бір өнер саласы емес, бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған бүкіл бейнелеу өнерінің атасы.                                    Сурет салу оңай емес, ол көп сатылы баспалдақ сияқты күрделі кезеңдерден тұрады, сондықтан  суретшіден аса  табандылық пен еңбекқорлықты, сабырлылық пен ынтаны талап етеді. Жалпы  сурет өнеріндегі қойлымдағы «қыртысы күрделі драпировка» бұл натюрморть жанрына жатады. Драпировка жалпы кез – келген затыттыңартықы жағында немесе астында фон болып табылады. Тұрмыстық заттардың жалпы бейнесін анық көру үшін пайдаланады. Натура жылы түсті болса, оған қарама-қарсы суық дарпировка қойлады. Натураға қарама қайшы қойлуы қажет етеді.Енді  кезеңдер арқылы, берілген тақырып бойынша салу жолдарын қарастырайық.

Сурет салу 4 кезеңге бөлінеді.

1 — кезең. Ең әуелі қағаз бетіне компоновкасын дұрыс ұймыдастыру қажет, қағаз бетінде аса үлкен, өте кішкентай болмауы қажет, қағаз бетінде орташа орналасу қажет. Сурет салу барысында сызықтар арқылы салып орналастыру керек.

2- кезең. Жалпы  нобайын схема  түрінде көрсетсек, енді конструкциялық құрлымын салумен айналысамыз. Драпировканын қыртыстарының ара қатынысыныңтексеріп өлшеп, олардың сызықтық қаңқасын саламыз.

3 — кезең. Пішінді сомдау, осы кезеңде штрихтарды пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың ара қатынасын шешіп табиғи формасын  бейнелеуге көшеміз. Драпировканың пішінін сомдауға штрихтардың рөлі өте үлкен. Солардың көмегі арқылы жартылай жарық, көлеңке, денеден құлай түскен көлеңкенің айырмашылығын реттейміз.

4- кезең Суреттің аяталуы немесе түиін. Төртінші кезеңде суретті мұқият тексеріп, көзге ұрып тұрған елеулі көлеңке немесе жарық болса соларды басып, жалпы драпировканың рең қоюлығына бағындырамыз. Содан артық сызық, штрихтарды өшіріп суретті аяқтаймыз.

ІҮ. Сергіту сәті. Сөз жұмбақ.

Геометриялық фигураларды құрастыру. Бір фигураны үш рет қию әдісімен қиылған, және оны құрастырып фигураның жалпы атауын атау.Сөз жұмбақтын сұрақтары қойлады.

1.Наброск — Суретшіні ізденіске жетелейді және картинаның алғашқы жобасы. 2.Уголь – құрғақ бор тәріздес қара бояу. 3.Рефлекс – заттардың түстерімен  шағылысу негізінде пайда болған әлсін жарық. 4. Рең – қоюланған штихтардың жиынтығы болып табылады 5. Штрих  – жалпы көптеген сызықтардың жиынтығы.

Ү. Сабақты қорытындылау:

  • Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
  • Рең  қатынасы дегенді қалай түсінесің?
  • Геометриялық денелерді ата?
  • Жарық дегенімізді қалай түсінесің?

ҮІ. Бағалау, мадақтау.

Оқушылардың жақсы жұмыстарға мадақтау айтып қателіктерін түзеп,қадағалап тексеріп  бағалау.