Діни экстремизм: психологиялық аспектілері

356

Тақырыбы: Діни экстремизм: психологиялық аспектілері

Мақсаты: 

  • Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
  • Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап, жастарға ой салу;
  • Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

 

Сабақтың түрі:  тренинг -сабақ

Сабақтың әдістері:   талдау, жинақтау, әңгімелеу, сұрақ- жауап.

Көрнекілігі:  слайдтар, плакаттар, кеспе қағаздар, үнтаспа.

Сабақтың барысы:        

  1. Ұйымдастыру кезеңі:  
  2. Теориялық бөлім
  3. Практикалық бөлім

                   —   “Өзіңді білгің келсе”жобалық тест.

                   — “Діни көзқарастың психологиялық ерекшелігі” сауалнама

                   —  “Сіздің миыңыздың қабілеті қандай?”

Шығармашылық жұмыс:

  • Үш топқа бөліну, әр топ тапсырмаларының жобасын жасақтай отырып, қорғайды.

1-топ   Практикаңызда  «Діни экстремизмнің алдын- алу» жұмыстарына 7 сұрақтан құрастырылған сауалнама жасақтап, осы сауалнама жұмысыңыздың жүргізілу жобасын( көрсетіңіз) қорғаңыз.

2- топ «Діни экстремизмнің алдын- алу» жұмысын ұйымдастыруыңызда (жүргізілген сауалнамадан ) анықталған оқушылармен жеке жұмыстарының жүргізілу жобасын (көрсетіңіз) қорғаңыз.

3- топ «Діни экстремизмнің алдын- алу» жұмыстарыңыздан анықталған оқушылармен және оның сыныбымен, отбасымен қандай жұмыстар жүргізілген дұрыс болатындығына жоба жасақтап қорғаңыз.

Үлестірме материалдарды тарату.

Қорытынды:    

Көкірегіңе түйіп ал!

  • Мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ата  — бабамыздың дәстүрлі дінін жоққа шығармайық!

 

  • Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік діні екендігн ұмытпайық!

 

  • Дін дегеніміз –ұлы сенім, ғылым анасы
  • Ал сенім – адамзаттың тірегі.

 

  • Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық!