Жанашырлық жанға қуат

204

 Сабақтың  тақырыбы:  Жанашырлық жанға қуат

Мақсаты:
Оқушаларға  жанашырлық  туралы түсінік  беріп, олардың  бойында  жанашырлық  сезімдерін дамыту.

Міндеттері:
— оқушыларға  жанашырлық  ұғымы  туралы түсінік  беру;
—  оқушылардың  бойындағы  сезімталдық,  қамқорлық,  жанашырлық  сезімдерін  дамытуға ықпал ету;.
— оқушыларды  ниеттес,  тілектес,  сыйлас  болуға  тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар,,А 3 қағазы,  түрлі-түсті маркерлер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі

  1. Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа сырттай және іштей (психологиялық) дайындығын қадағалап, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
  2. Тізім бойынша түгендеу.
  3. Сынып оқушыларын топқа бөлу.

Шатттық шеңбері

-Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдары  ақжарқын болып тұрыңдар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. Содан соң балалар қол ұстасып,шеңбер құрып,

« Көктудың желбірегені» әнін айтады.

Пікірлесу  «Сиқырлы ағаш»

  • Жанашырлық танытудың мәні неде?
  • Жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Жанашырлық парыз ба, әлде міндет пе?
  • Айналаңа не үшін жанашырлық танытар едің?
  • Жанашырлық таныту барлық кезде керек пе?
  • Жанашырлықты тек сөзбен ғана көрсету керек пе?
  • Бауырмалдық дегеніміз не?
  • Қамқорлық жасау деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

 

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарында  берілген оқу  мәтінмен жұмыс  жасауда  мәтін соңында  сұрақтар басшылққа алынады.
— Арноның өз өміріне риза болмау себебі неде?
— Арноның жүрегін жылытып, өмірге басқа көзқарасын  өзгерткен қандай жағдай?
— Арно неліктен өмірге басқа көзқараспен қарай бастады?                        — Арно жан рақатын қалай тапты?

Сергіту сәті

Көңілді ән ойналып оқушылар слайдта көрсетілген жаттығуларды орындайды.

Тапсырма  «Көмектесе білейік»

(Постермен жұмыс)

  1. Жанұялық көмек

2.Сыныптастық көмек

  1. Өз-өзіме көмек
  2. Табиғатқа көмек
  3. Достық көмек

 

Дәйексөз

Қайрымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің.

Халық нақылы

 

 

Жағдаяттарды талдау   «Ойлан, бірік, бөліс»

***

Жұмыстан келген анасы ұлына:- Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен? – деді.

-Жата беріңіз , — деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан.

Мамасы төсегіне барып жатты да ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Ұлы орнынан салдыр-күлдір еткізіп ренжи тұрды да үн-түнсіз оның өтінішін орындады.

(В. Воробьев)

 

* Бала анасына жанашырлық білдіре алдыма?

* Сен оның орнында болсаң не істер едің?

 

 

                                   ***

Мен қалада оқитынмын. Үйіме ай сайын келіп тұратынмын. Өйткені шешемнің денсаулығы нашар еді.                                                             Бір күні үйге келдім. Менің келгеніме анам қуанып төсегінен тұрды, су жылытып үлкен легенге құйды да:

— Жуынып ал, балам, — деді.

Мен жуынып болған соң үстел жанына келіп отырдым да, қызықты кітапты оқи бастадым.

Бір кезде аяғымды жуған суды төгуді ұмытып кеткендігім есіме түсті. Келсем, леген бос тұр. Суды төгіп келген шешем шаршап, демін әрең алып отыр екен….

  • (В. А. Сухомлинский)

 

* Кімнің жанашырлығы басымырақ деп ойлайсыңдар?

* Жағдаятты өздерің жалғастырып көріңдер.

 

Түйіндеме   Ойлап тап «Мақалды аяқта»

 

  1. Мейірімділікті _______ үйрен

 

2.___________  — кісінің  көркі

 

3.Жақсы сөз- _________  семіртер

 

  1. Ұлық болсаң — _______ бол

 

  1. _________ жан жадыратар.

 

Кішіпейілділік, жан, сұлулық,  анадан,  кіші,  жақсылық, сөйле,

 

Үйге тапсырма
 14 –15  сабақта берілген «Менің түйгенім» тапсырмасын  орындау .

 

Жүректен жүрекке

Балалар жаңа сабақтан алған рухани- адамгершілік құндылықтар туралы әсерлерін  кішкентай жүректерге жазып, үлкен жүрекке орналастырады.