Ә дыбысы мен әрпі

80

Сауат ашу

Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Ә ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын

анықтату, сауатты  оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге

дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету. Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін,

сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі, көркем, таза жазуға үйрету, сыйластыққа,

еңбекшілдікке,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: әліпби, көркем жазу, Ә дыбысының таңбасы, суреттер,

кеспе әріптер, текшелер, буындар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін.
Қайырлы күн, қайырлы!

ІІ. Өткенді еске түсіру.
Әжесіне қонаққа бара жатқан немересін аңдардан құтқарып көмек беру.
1. Аюдың тапсырмасы. «Кім жылдам?» ойыны қай қатар өткен дыбыстарға сөз құрайды тез, әрі көп сөз құрау.
1 — ші қатарға  ж дыбысына сөз құрау.
2 — ші қатарға ғ дыбысына сөз құрау.
2. Түлкінің тапсырмасы. «Дыбысқа саяхат» ойыны жоғалған дыбыстарды атау, сөзді оқу, сөйлем құрау.
а…шы, са…ат, …..ата, ор….м ,
3. Қасқырдың тапсырмасы. Кеспе әріптермен жұмыс.
І – нұсқа:  Ағаш (2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс)
ІІ – нұсқа:  Ін (1 буын, 2 әріп, 2  дыбыс)
4. Сергіту сәті:  «Қарлығаштар»   (музыка әуенімен би ырғақтарын жасау)

  1. Қоянның тапсырмасы.

-І дыбысына байланысты 5 сөзді ата.
— І дыбысы қандай дыбыс?
-Неліктен дауысты дыбыс дейміз?

-Қай буындарда кездеседі? Мысалдар келтір.
-«Келесі буынды тап?» ойыны
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ассоциация құру.         — Әже деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
1.Суретке  қарап; Әже деген кім? Сен әжеңе кім боласың?  Әкеңнің анасы, анаңның анасы саған қандай әже болады? деген сұрақтар қою арқылы әңгіме құрастыру.
2. Кеспе әріптерден әже сөзін құрастыру, оны буындап оқу, дыбыстық талдау жасау, ә дыбысы дауысты екенін, өздігінен буын жасай алатынын, көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылатынын түсіндіру.
3. Оқулықпен жұмыс
Бағандағы берілген сөздерді буындап, хормен оқыту. Түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндіру.
«Әже» мәтінін оқып беру.
Хормен оқыту.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сурет бойынша жүргізілген әңгімемен салыстыру.
Дәптермен жұмыс.
Ә дыбысының бас және кіші әрпін көрсетіп таныстыру, баспа және жазба түрлерін салыстыру.
Әріпті ауада, тақтада, дәптерде жазу.
«Әжім – әженің әрі,    Әженің батасы – дәрі» деген сөйлемді әдемі, қатесіз көшіріп жазу, дауыстап оқыту.

Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

IV.пысықтау.
«Әже, әжім, әрі, дәрі» сөздерінің бірыңғай жіңішке айтылып тұрғанын түсіндіру.
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны
… ке,… демі, с… нді,… н, д… рі

  1. V. Сабақты қорытындылау.

а/ Венн диаграммасы
А мен  Ә әрпі және дыбысы

— Не үйрендің; не білдің?
ә/Әженің  тапсырамалары:
а) Шашылған дыбыстардан сөз құра
(т, ш, е, ә) әтеш
(к,ә,е) әке
— Әжелерің сендерді қалай жақсы көреді?
— Әжелеріне ә дыбысы бар қандай жақсы сөздер айтар едіңдер?

Жанар Төлегенқызы: Құрметті, әжелер!

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.

  1. Мадақтау: Балалар, әжелерін де сендердің жауаптарына риза болып, дәмді бауырсақ әкеліпті.