Ұлт руханяты-ұрпақ аманаты

335

Шығыс  Қазақстан  обл.

Катонқарағай  ауданы.

Аршаты орта  мектебінің  «Өзін-өзі  тану»  пән  мұғалімі

Бадисолтанова  Раушан  Аманбаевна

Тақырыбы:  «Ұлт  руханяты-ұрпақ аманаты»

Құндылығы : Қиянат  жасамау.   Қасиеті: Қарапайым азамат болу

Сабақ  мақсаты:  Ата-баба  дәстүрінің  адамгершілік  құндылық,  даналық  ретіндегі  мәні мен  мағанасын  түсіндіру.

Міндеттері:

Ұлт   руханияты   ұрпақтан  ұрпаққа  мирас  болып  қалатынын  ұғындыру,  ата-баба  дәстүріне  сүйспеншілікпен  қарау,   қастерлеу,  құрметтеуге,  тағылым  алуға  тәрбиелеу.

 

Сабақ  барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.   Жағымды  ойлауға  бағыттау.(үнтаспа пайдаланып)

Орманға саяхат.

Арқамызды  тік  ұстап,  түзу  отырамыз. Көзімізді  жұмып,  терең  тыныс  аламыз.  Әрбір  тыныс   алған  сайын  өзімізді  босаңсытып,   қалыпты  жайда  болуға   тырысамыз.  Қазір  сендермен  орманға  саяхатқа  шығамыз.  Міне,  сынып  бөлмесінен  шығып,  дәліз  бойымен  сыртқы  есікке де тақадық.  Сыртқа  шыққанда таза  ауаны,  шашыңды  үрлегендей  самал  желді,  бетіңді  қыздырған  күнді  сезгендей  болдың.  Енді  орманға  қарай  беттедің.  Ақырын  байқа  жәндіктерді  басып  кетпе.  Біраз  тоқталып  айналаңа  қара.  Табиғаттың  әдемілігі  мен   әсемдігін  сез.  Алдыңда  кездескен  гүлге  еңкейіп  тақап,  анықтап  көр,  қандай  нәзік.  Оның  қош  иісін   сез.  Айналаңа  көз  тастай  отырып  алға  жылжимыз. Гүлдерге,  ағаштарға,  құстардың  үніне  назар  аударып,  жәндіктердің  шырылына да  құлақ  түрейік.  Орманға тереңдеп  кірген  сайын,  ағаштар да  көбейіп,  бйіктей  береді.  Көлеңке  мен  жапырақ  сыпдырын  тамашалаңыз.  Орманда біз  өзімізді  бақытты  және  қауіпсіз  сезінеміз.  Міне  алаңқайға да  шықтық, біраз  демалайық.  Өзің  қасына барып  отыру  үшін  бір  ағашты  таңдап  ал. Қасына барып  оның  діңін   құшақта.  Оның  мықтылығын,  оның бойынан  өмір  энергиясын  сезін.  Енді  арқаңызды  сол  ағашқа  сүйеп  отырыңыз.  Көзіңді жұмып,  терең  дем  алып,  айнала,  орман  ішіндегі  тыныштыққа назар  аудар. (Осы  жерде  1-2 мин үнсіз  тоқталу)  бізге  қалыпты  тыныштық,  бақыттылықты  сеземіз.  Табиғат  қандай  керемет,  ғажап.  Оны сүйе  отырып  қамқорлық  жасай отырып,  тірі  жанға  титтейде  қиянат  жасамау  қажет  екен. Есіңе  сақта  бұл  сенің  ағашың. Қалған  уақытыңда да  келуіңе болады.  Енді  мектепке  қайтуға  дайындал.   Орныңнан  тұрып  айналаңа  тағы да  көз  таста.  Енді  бағанағы  ізіңмен қайта  кері  жүр. Жәндіктерді  басып кетпеуді  абайла.  Мектеп  есігіне  де жеттің.  Тағы да  артыңа  бір  бұрылып   қарап,  таза ауаны  кері   бір жұт. Сынып  бөлмесіне  орнымызға  келіп,  тыныштық,  ләззатты  өзімізге  сақтап,  көзімізді  ашайық  және  күлімсірейік.

 

 

2.Үй  тапсырмасы.

Жаңа  сабақтың  мәнін  ашу үшін  сұрақ-жауап  арқылы  әңгімелесу.

«Ата-салтың-асыл  қазынаң»   

« Дәстүр  —  ұлт  болашағы»  өлеңін  оқу.

  • Ұлтына ұлағат  етіп, әділдік  іздеп,  сол заманда  ұрпақ  тәрбиесі үшін  «жеті  жарғыны»  шығарған  қай  хандық  тұсында  болды?
  • Тарихи сана ұлттық  сананы  қалыптастырама?
  • Жергілікті ата-бабамыз туралы  не  білесіңдер? Осыдан  4000 жыл  бұрынғы ата-бабамыз   туралы не  білесіңдер?

3.Дәйексөз.

Әңгімені дәйексөзбен  тұжырымдаймын.

«Мен  арыстандай  айбатты, жолбарыстай  қайратты  жастарға  сенемін», деген  нақыл  сөзді  талдаймыз,  әр  оқушының  пікірін  айтуға  мүмкіндік  жасаймын  және  2-3  рет  қайталап  айтқызамын,  дәптерге  жазғызамын.

4.Әңгімелеу.

 

Берел қорымы, ол жерден табылған сонау скиф-сақ дәуірінің жәдігерлері туралы талай  айтылуда.

Осынау баға жетпес құндылықтарды тауып, зерттеп-зерделеуші, архелог Зейнолла Самашев. Бұл арадан табылған ескерткіштер темір ғасырымен белгіленеді, таспен көмкерілген 31 оба-қорғаннан тұрады. Қорғандарда сақ тайпаларының көсемдері жерленген. Қорымның бәрі таспен қаланып, қорған сияқты үйіле берген. Берелден алтынмен апталған сақ патшасы пен оның зайыбының киім-кешегімен жерленген қалпы табылғаны белгілі. Олардың қасына 13 жылқыны қатар жерлепті. Қорған асты қолдан жасалған мәңгілік тоң. Соның арқасында мәйіттің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған өзге де бұйымдар, ертоқым, маталар, ағаш ыдыстар, тері мен киіз бұйымдары сол күйінде сақталған. Сол кездегі адамдардың денені бальзамдауды терең меңгеріп алғаны да қайран қалдырады. Сақталған жылқының бір кесек етін итке тастағанда, ит ешбір талғамастан әлгі етті қылғытып жіберген. Бұл қорғанда  қызыл қарағай  ағаштарын  пайдаланған  және қызыл қарағайдың  сыртқы  қабығын  бағандап  қойған.   Ол 4000 жыл болсада  ешқандай  шіру процесі  байқалмаған.  Бұның  құпиясы сол замандағы  ата бабаларымыздың   қара  майды  алудың   жолын  және  пайдалана  білгені   таң  қалдыруда.   Берел қорғандарынан көптеген құнды жәдігерлер табылды. Бұл жерден табылған қазба байлықтары , жасаған бұйымдар, темір және ағаштан қиыннан қиыстырып түрлі әшекейде келтірілген заттар,   әртүрлі   шөптерді  пайдаланған (балдыр шөбі), бүгінгі  таңда  зерттеушілердің   өзін таңғалдырады. Ал бұл осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған дүниелер! Қадіріне жете білсек, «Берел» – қазақты әлемге танытуға лайық бірден-бір құнды жәдігер. «Берел» қорғандары әлі де  зерттеп-зерделеуді қажет етеді.

– Бойымызға тарихи сананы қалыптастыру – біздің парызымыз. Тарихи сана ұлттық сананы қалыптастырады.  « … ұлттық сана болмайынша өз еліңнің нағыз патриоты болу, отаншыл болу мүмкін емес»  деген Елбасының өзі де. Ал тарихи сана дегенің осы  Берел секілді  өткенімізді жарқыратып жарыққа шығарудан бастау алады.  Өзіміздің  өр  Алтайды  мекендеген  ата- бабаларымыздың  тарихын  білуге, ұрпақтың  рухани  дамуына   үлкен  сара  жол  ашылған  екен.

 

  1. Шығармашылық жұмыс. Дәптерге орындау.

Қазақ даласынан топырақ бұйырған  бабаларымызды ата. Олар туралы не білесіңдер?

( Қорқыт Ата, Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Баба Түкті Шашты Әзіз, Ысқақбаб-Баба Ата, Әбжал баб-Хорасан Ата, Үккаша Ата әулие, Қарабураны әулиесі.)

Топпен  ән  айту.

Бабалар  өсиеті.

Қазағым, қазағым,

Тарттың өмір  азабын.

Ата-баба дәстүрін

Ұмытпайық-ей!

Сарыарқаның  жерінде,

Сайрандаған,  қазағым.

Ата-баба  елінде,

Көкпар  тартқан қазағым

  1. үй тапсырмасы.

Қазақстан –ынтымақ  ордасы  тақырыбындағы   «Таң  нұрындай Отаным»  өлеңін  оқу,  «Ел  берекесі бірлікте»  әңгімені  оқу, талдау.

  1. Тыныштық сәті.

Үнтаспа тыңдау.