Әдептілік, әділдік

111

 

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік, әділдік
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық

А) Әдептілік», «әділдік», адами қасиеттер туралы ақпарат беру арқылы білімдерін кеңейту ;
Ә) коммуникативтік Ә) Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту үшін диалог, монолог әдістерін ұғындыру;
Б) проблеманы шешу Б) Өмірлік қиын жағдаяттарды шеше білу, өзгелермен үйлесімді тіршілік ету дағдысын қалыптастыру;
Сабақтың типі: Жаңа білімді хабарлау
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:  АКТ, білім беруді ізгілендіру, түсіндіре отырып, оза оқыту  технологиясы
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі−иллюстративті, практикалық
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, музыка, информатика
Оқыту құралдары: проектор, интерактивтік  тақта,оқулық, оқушы дәптері, компьютер
Сабақтың барысы: Оқытушының әрекеті Оқушының  әрекеті Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

Амандасады, түгендейді.

Аудиторияның сабаққа дайындығын тексереді.

Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындайды.

оқушыларды жұмылдырады.

Тыныштық сәті.

«Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, гүл бағына саяхатқа барайық.

«Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!!! Әсем әдемі гүлдер жайқалып тұр». Гүлдерге қарап күн күлімдеп тұр. Гүлдер күлтелерін ашып, күнге күлімдейді. «Қараңдаршы! Бақтағы сайран құстың дауысы,

сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқыған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан ұнағанын теріп алып, ең жақын досына сыйла»

Оқытушымен амандасады.

Сабақтағы жұмыстарға дайындалу, оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін және қажетті құрал-жабдықтарды  әзірлейді.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.

Студенттер өздеріне ұнаған гүлді айтады және өздерінің көңіл күйлерін жөнінде әңгімелейді.

 

Сабаққа зейінін аударады, сабаққа қызығушылығын арттырады.

-нақты мәселелерді шешуге үлес қосады.

 

 

 

 

 

 

Тыныштық сәтінін өткізу арқылы өзін еркін сезінеді.

 

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық Әдеп

ҮЙДЕ:     Ата — анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау;

КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам кездессе көмектесу, орынсыз ысқыру, тағы басқаларға жол бермеу;

МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, оқу орындарындағы қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу, сабақты бар зейінімен тыңдау, сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау;

ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің пікірлерімен санасу;

ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;

ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында жол ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға орын беру;

Әңгімелесу

1.Әдептілікті және әділдікті

қалай түсінесіңдер?

2. Өз бойларыңда  осындай қасиеттер бар деп ойлайсыздар ма?

 

Студенттертақырып төңірегінде мұғалімнің қойған сұрақтарына толық әрі нақты жауап береді.

 

-Әдептілік, әділдік адам бойындағы баға жетпес рухани құндылықтардың бірі. Бұл қасиеттері бар адам көп нәрседе жақсы нәтижеге жетеді.

−Иа,бұл қасиеттерді өз бойымнан сезіне алдым.

 

 

 

 

Әдепті және

әділ адам    студенттер кластер құрады.

 

 Әңгімелесу арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

 

Оза оқыту технологиясына сай «Әңгімелесу» әдіснамалық ұстанымы бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беріп,әрбір оқушы өз пікірін айта айтып, тақырыпқа өзінің көзқарасын  білдіреді

Тақырыпқа орайлас әдеп турасында қойылған сұрақтарды талдау арқылы әрбір бала аталған адами ізгі, баға жетпес құндылықтарға қарай ұмтылады. Бұл қасиеттер адам баласы үшін үлкен маңызға ие екендігін тереңірек ұғынады және оқушылардың сұрақтарға жауап беру барысында ойлау қабілеттері шыңдала түседі.

 

 

 

 

 

 

Әңгімелесуден оқушыларыдң әділдік ұғымдары туралы ойларын айқындай келе, тұжырым жасалынады.

III. Іс әрекет түрлері мен

Жаңа түсініктерді

қалыптастыру

 

 

«Мәтінмен жұмыс»

«Әдептілік» Ы.Алтынсарин

Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.Қасындағы бай:
— Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? — деп сұрайды.Сонда ғалым тұрып: Ешбір ғылым — білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? — деген екен.

 

Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс — әрекеті   арқылы көрінеді?
 Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

 

Ән шырқайық достар.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан
Арулар аз болды ма атқа қонған?
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан

 

 

Мәтінді мұқият зейін қойып тыңдап, берілген сұрақтарға тиянақты жауап береді.

 

 

−Адам бойында аталған қасиеттер, яғни төзімділік пен табандылық болса қиындықтан қорықпайсың.

 

 

 

− Бойында әдептілік, әділдік қасиеті   бар адам еш мойымайды. Себебі, бойында аталға құндылықтар болған жағдайда ғана адам алға қарай еш қорықпастан ұмтыла түседі.

 

 

 

 

 

 

 

Студенттердің  тыңдай және ести білуді,сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді. Әңгімедегі әдептің мән – мағынасын тереңірек ұғына түседі.

Адам бойында бұл екі қасиеттің болуы, адамды еш қорықпауға, төзімді, табанды болуға жетелейтінін ұғады.

 

Өз беттерімен пайымдап, жаңа ақпараттан алған білімдерін қалай қолданатынын үйренеді. Сабақта қаралып отырған мәселе түйінделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттер ән айту арқылы көңіл күйлері сергіп, демалады.. Әннің сөдеріне мән беріп ұғынады, өз бойларына дарытады. Эстетикалық талғамдары күшейеді.

IY. Білік пен дағдыны

           бекіту

 

 

 

Дәйек сөзбен жұмыс

«Қара қылды қақ жарған –

жақсылардың белгісі. Әйтеке Байбекұлы

Әділ сөз ащы көрінер. Жүсіп Баласағұн Халқыңа адал бол, жауыңа  қатал бол, досыңа әділ бол! Төле би Әлібекұлы

 

Шығармашылық жұмыс

І топ. Поэзия минуты
ІІ топ. Коллаж жасау
ІІІ топ. Эссе

«Түйіндеме»

Осы екі адамгершілік құндылық адамды қандай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді?

— Өзгелерді түсінуге;

—           Өмірге құштарлыққа;

—           Өз күшіне сенуге;

—           Ұтқыр шешім қабылдауға;

—            Жеңіске;

 

Дәйек сөзбен топтық жұмыс атқарылады.

 

Студенттердің назары нақыл сөзіне аударылып, ондағы айтылатын астарлы ойды кеңінен талдап, дәйексөздің мағынасын ашады. Студенттер өздерін жақсы қасиеттерге қарай бағыттап, бойларына дарытуға тырысады.

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындау барысында студенттердің ойлау қабілеттері тағы бір мәрте шыныға түседі. Әр адам баласының бойынан табылу керек құнды әдептілік, әділдік, сияқты қасиеттердің мағынасын ұғына түседі. Шыдамды, төзімді, әдепті адам ғана көп жерде жеңіске жететінін түсінеді.

Студенттер сабақ барысында айтылған түйіндемеден адам бойындағы осы асыл қасиеттер арқылы жетістікке жету жолдары айқындап, өз бойларына сіңіруге дағдыланады.

Y.Қорытындылау Тренинг «Жүрек жылуы»

Мақсаты:  топтағы сенімді атмосфераның болуына, сонымен қатар кездескен қиыншылықтарға сабырлықпен, шыдамлықпен қарауға тәрбиелейді.

Студенттер, Қане, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.
— Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
— Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
— Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.

 

Қорытынды:

Бүгінгі сабақтың нәтижесінде әдептілік, әділдік, адалдық, ақтық пен пәктіктің әрқашан да  өміршіл, қиындықты жеңуге жеткізетін жолдарын қарастырып, білімдерің толықтырылды. Шығармашылық жұмыс, дәйек сөз, ән шырқау, трениг, мәтінмен жұмыс және түйіндеме жасау арқылы әдептілік пен әділдіктің зор құндылық екендігіне көз жеткіздік деп ойлаймын.

Адам баласы бір-бірін сыйлап, қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық. Бір-бірімізге жақсы ниет, адал көңіл сыйлап, қадірлеп жүрейік.

 

Студенттер тренингті орындау арқылы өз жүректерінің  үніне құлақ асады.

 

 

Студенттер сабақ бойынша өз ой-пікірлерін айтып, қорытындылайды.             

 

Әдептілік, әділіктік ұғымдарын меңгереді, ұғынады.     

 

 

Оқушыларға ұйымдастырылған бұл ойын — жаттығу олардың төзімділікке, шыдамдылыққа қарай ұмтылуға деген талпыныстарын шыңдай түседі. Адам қарағайдай шыдамды болу керектігін ұғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттер бүгінгі сабақтан өздеріне керекті көптеген мағлұматтармен танысып,  әдептілік, әділдік дағдыларын одан әрі дамытады, күнделікті өмірде оны жүзеге асыру жолдарын меңгереді.

ҮІ. Үйге тапсырма.

 

 

Студенттердің жұмысына басшылық етеді. Үйге тапсырма орындалу жолын түсіндіру арқылы берілді. Эссе: «Әдептен озбайық» Оқушылар қажетті жерлерін жазып алады.    Эссе: «Әдептен озбайық» Ақпараттармен жұмыс істей білуге дағдыланады.Анықтамалықтарды, энциклопедияларды қолданады, мазмұны бойынша кітаптарға бағдар жасайды