Аялай біл,сен деп соққан жүректі

Тақырыбы: Аялай біл,сен деп соққан жүректі

Мақсаты: жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар,

достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

– адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

– жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

– жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.

1-слайд.Қош келдіңіздер

2-слайд.Шаттық шеңбері

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерді  көргеніме бүгін өте қуаныштымын.

Кәне бәріміз бірге

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ шуағым,

Қайырымды боламын!

3-слайд.Тренинг «Досыңның есімі  кім?» . Бір-бірімізге қараймыз.Досыңның есімі нені білдіретінін білесіңбе?Мен оқушының атын атаймын.Ол орнынан тұруы керек,досы атына сәйкес теңеу сын есім айтқаннан кейін қайтадан отырады.

Ажарлы – Айым

Әдепті – Әлімжан

Әдемі-Әлмұқан

Гүлдей-Гүлдар

Дидарлы-Динара

Күндей –Камшат

Сыпайы-Самай

Шырайлы-Шыңғыс

4-слайд.Абайдың қара сөздері.Он төртінші сөз.

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені — батыр кісі дегені. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар — жүрек ісі.

5-слайд.Жаңа сабақтың тақырыбы,

6-слайд.мақсаты айтылады.

Тақырыбы: «Аялай біл,сен деп соққан жүректі» біздің жүрегіміз ең сезімтал мүшеміз,өмірдегі болып жатқан барлық жағдайларды қабылдайды жүрегіміз ауырады.

Сонымен,балалар біздің сабағымыздың  мақсаты жанымыздағы адамдарды құрметтеуге,сыйлауға,мейірімділік танытып, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

7-слайд.Сабағымыз 3 кезеңнен тұрады .

1-кезең.Жүректің жұмысы

2-кезең.Жүректің босаңсуы

3-кезең.Жүректің үзілісі

8-слайд.1-кезең.Жүректің жұмысы

Сабағымызды өткен сабақта жүргізілген сауалнама қорытындысынан бастағым келіп отыр.

«Мен қандаймын»тақырыбында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы.

4 оқушы:өздерінің бойындағы қасиеттерді білмейді,өздерін білу үшін көп талпыну керек.

Әлі де болса,өздеріңе көңіл бөлу керек,аталған қасиеттердің барлығы бойларыңда болғанда ғана сендер,басқа біреуді сыйлауды,құрметтеуді  білесіңдер.

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу- өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің – ақыл  айнасы.

Тиеді саған мәні бар

«Өзіңді тану» пайдасы.

9-слайд.Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның ережесі — өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа  жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.

Мен-жігерлімін

Мен-күштімін

Мен-мейірімдімін

Мен-кешірімдімін

Мен-адалмын

Мен-жарқынмын

Мен-сыпайымын

Мен-шыншылмын

Хормен: Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.

10-слайд.Әңгімелесу. «Ойланайық, пікірлесейік»

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында бірнеше сұрақтар беріледі:

1.Құрметтеу,аялау дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Сендер бір-біріңді қалай сыйлайсыңдар?

3.Біреуге ренжіген уақытта қандай күйде боласыңдар? мысал келтір

4.Болған жағдайды кейін,талдап қорытындылайсыңдарма?

11-слайд.Ойын: «Неге теңеймін».  Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі.Осы суреттерге қарап отырып, ойласыңдар берілген заттардың қасиеттерін жақсы білесіңдер,өздеріңе жақын адамдарды осы заттарға теңеп айту(мінезін т.б. қасиеттерін айтуға болады).

12-слайд.Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

13-слайд.“Мейірімділік” кестесі

14-слайд.       2-кезең.Жүректің босаңсуы

Видео-көрініс «Қайырымдылық шарасы»

Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.

Адамдардың бір-біріне мейірім-шапағаты.

Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне білу, оларды аялай білу. Әрбір қарым-қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып, жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз.

Жас Отан өкілдері БҚО су тасқынынан зардап шеккен мектеп оқушыларына көмек көрсеткен.Осы көріністі бірге тамашалайық.

Дәйексөз

15-слайд.Табиғаттағы барлық  жылу-күннен,

Өмірдегі барлық  жылу-адамнан.         

Оқушылар көрген көріністі талқылайды.Қандай ой түйгендерін айтып жеткізеді.

16-слайд.Тыныштық сәті

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын ата-анамызға,бізді мектепке келгенде білім беріп, тәрбиелеп жатқан мұғалімдерімізге,тәрбиешілерімізге арнап көрейік!

17-слайд.Тапсырма.Адам дүниеге келгенде оның жүрегі осындай таза болады екен,бірақ өсе келе біздің жүрегіміз әр-түрлі жағдайларға  ауырады.

Екі ақ парақтар беріледі.Осы ақ парақтың біреуіне,ата-анаңа,екіншісі апайларың мен ағайларыңа айтатын тілектеріңді жазып  оқисыңдар.

Камшат

Қайырымды жүрекпен

Мейірімді тілекпен

Ізгілікті ниетпен

Қамқор болып өсемін.

Айым

Тапсырманы берілген

Дер кезінде атқарам

Сенімді боп өзіме

Өзімді-өзім басқарам.

Әлімжан

Торғайларды атпаймын

Құмырсқаны баспаймын

Бәрін-бәрін қорғап мен

Мейірімді сақтаймын

Шыңғыс

Отанымды сатпаймын

Ақылсызға жатпаймын

Халқымның мен үмітін

Әрқашанда ақтаймын.

Гүлдар

Құрметтеп ата-анамды

Ардақтап әпке-ағамды

Қамқор боп сіңлі-ініме

Бәрін де жақсы көремін

18-слайд.3-кезең.Жүректің үзілісі

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады,

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы атқарады.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау менің – сол қолым

Барлық істі атқарады.

Мынау — менің оң аяғым,

Мынау — менің сол аяғым

Жақсылыққа апарады.

19-слайд.Жүректен-жүрекке.

Берілген жүрекшелерге жақсы тілектер жазып,бір-біріне сыйлау

Ортаға қайтып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау- саламат болайық