Кәусар бұлақ тұнығынан

81

Тақырыбы:     Кәусар бұлақ тұнығынан

Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы , «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті , «Өзін- өзі тану пәнінің» авторы С. А. Назарбаева жайлы көптеген мәліметтер айту,аналарды құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, балалардың «мейірімділік», оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру,«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім-ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;

-балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір-құрмет сезімдерін дамыту;

-адамзат баласының алдындағы үлкен парыз-ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Музыкалық орталық, табиғат әуендері, ана туралы әуендер, бейнеклип,шарлар

Сабақтың жүрісі:

1.     Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Тыныштық сәтін жанға жайлы сазды әуенмен бастау.Оқушылар көздерін бір сәтке жұма отырып, демалады. Әуен аяқталған соң оқушылардың көңіл-күйін, қандай сезімде болғандары туралы пікірлерін тыңдау.

Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақтың қонақтары, бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының бірінші ханымы, қайырымдылық «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай ұйымдастырылып отырған «Ана» деп ән саламын атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Олай болса, экранға назар аударып, бейнеклип тамашалайық.

Сабақ барысын талдау  
    2.Жаңа сабақ

Сара Назарбаева кім? деген сұраққа оқушылардан жауап алу. (оқушылар ойларын ортаға салып, кластермен жұмыс жасайды)

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында  Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.

Ол Президенттің  зайыбы  ғана емес,ең алдымен  әйел,ана және балаларға қамқор жан. Балаларға жақсылық жасау үшіноларды сүйе білу қажет.
“Балалар  Жаратқанның жер бетіне жіберілген ең ғажайып құбылыс.Сол үшін біз, үлкендер,балаларға ерекше құрметпен қарап,айырықша қамқорлық жасауымыз керек”-дейді Сара Алпысқызы.

САРА АЛПЫСҚЫЗЫ —  қоғам қайраткері, экономист. Қазіргі Бұқар жырау ауданың  Қызылжар ауылының түлегі. Қарағаңды зауыт – ЖТО-ны  бітірген.  Қарағанды металлургия комбинатанда, «Қарағанды көмір»  ӨБ-де мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді. «Бөбек» республикалық қоры республиканың барлық аймақтарында жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларына, көп балалы отбасылардың балаларына қолдау және көмек көрсету бойынша балалар қорларын ұйымдастырды.

Сара Назарбаева бірқатар кітаптардың авторы: «Порфирий Корнеевич Ивановтың ”Детка“ жүйесін пайдаланумен қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың педагогикалық мәселелері» (1999 ж.); «Адамның денсаулығы және П.К. Ивановтың ”Детка“ жүйесі» (1999 ж. бірлескен авторлықта); «Өзіңе жол. Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде» (1999 ж.); «Өмір этикасы» (2001 ж.); «Сүйіспеншілікпен» (2001 ж.).

Сара Алпысқызы Назарбаеваның жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласында талмай еңбек еткені үшін марапаттары:

I дәрежедегі Достық Ордені (желтоқсан 2001 жыл);

«Алтын жүрек» халықаралық сыйақысының лауреаты (мамыр 2006 жыл); Өзін-өзі тану философиясына және оқу мәдениетіне зор үлес қосқаны үшін — Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медаль (қараша 2003 жыл);

БҰҰ-ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі (желтоқсан 2007 жыл); Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы;

Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін — «СОС-Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медалі (1999 жыл);
«Unity» халықаралық сыйақысы;

 

Білімдерін ортаға салады
1тапсырма  «Анама сыйлық»

Оқушылар топ болып жұмыстанады.Әр топ аналарына сыйлық жасайды.Постерге сурет салып қорғайды

Дәйексөз

1.«Анаңды үш рет Меккеге көтеріп апарсаң да, анаға мәңгі қарызсың»

2. «Жұмақтың кілті-анаңның табанының астында»

3. «Ана-тіршіліктің тірегі»

Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.   Н.Ә.Назарбаев

Осы бір үш әріпті сөздің қасиеті мен құдіретін ешбір қаламгер жеткізіп бере алмайтын шығар!Аналарымыз аман болсын!

Марат Омаровтың әні «Анашым» өлеңі орындалады

Постермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ болу ән орындайды

2.     Топтық жұмыс.

«Егер де мен анамды………..» тақырыбында ой бөлісу

1.     «Егер де мен анамды ренжітіп алсам…….»

2.     «Егер де мен анама қатты сөздер айтсам……..»

3.     «Егер де мен анамның айтқанын тыңдамасам ………..

 

 

.Жүректен жүрекке (өлеңдер, ән айту)

Мен де бір перзентімін маң даланың

Қазақтың қара сөзі-қанбағаным

Анамның аппақ сүтін ішкендіктен

Адамдық адал жолдар таңдағаным

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтін

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін

Махабатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің

Ер жеткізіп елге берген баласын

Ақылдысың, ардақтысың, данасың

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің

Қайратыңнан қайта көрме, анашым

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды

Қуандым ба

Өзің бар деп қуандым

Жыладым ба

Өзің жоқ деп жас тамды

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды

Еркелесем бір өзіңе еркелеп

Жасқандым ба

Тек өзіңнен жасқандым

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ

Анадеген-асыл жандар болаттай

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай

О адамдар, қадірлей біл Ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық

Ана десем-шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады

 

 

Тілек айту

Сабақ соңында оқушылар аналарына тілек тілейді

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәнерлеп оқу сайысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау