Жаңа технологияны «Салауаттану» үйірмесінде тиімді пайдаланудың жолдары.

54

Тақырыбым: Жаңа технологияны «Салауаттану» үйірмесінде тиімді пайдаланудың жолдары.

Мақсатым: Оқушы тұлғасының танымдық қабілетін дамыту, қы-зығушылығын қалыптастыру, қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білуге үйрету.

Окытудың жаңа технологияларының теориялық негізде талдау жасай отырып, тиімді технологиясын таңдап алу.

Мен, Дүйсебаева А.Б. 2009-2010 оқу жылында «Салауаттану» үйірмесіне 6-7 сыныптарға сабақ бердім. Апталық жүктемесі 6«а»,

«б», «г» сыныптарда – 0,5 сағат. 7 «а», «ә», «в» сыныптарда апталық жүктемесі -1 сағат. Жалпы сағат жүктемесі 6сыныптарда – 17 сағат, 7 сыныатарда – 34 сағат.

Оқушылардың  үйірме сабағына деген қызығушылығын артып, әр өтілген тақырыптарға қосымша мәліметтер пайдаланып, сабақты қызықты өткізуге ат салыстым. Үйірме сабағында плакаттар, суреттер, сызба нұсқалар қолдандым.

Наурыз айының 16-шы  жұлдызында Облыстық педагог кадрлар білімін жетілдіру курсына  келген  мұғалімдерге 6 «а» сыныптың оқушыларымен   «Темекінің адам  организміне зиянды әсері» атты сабағымды өткіздім. Оқушылар 2 топқа бөлініп, әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырды. Оқушылар арасында рөлдік ойындар ойнатылып, тесттік тапсырмалар, мақал-мәтелдер сайысы, сөз жұмбақ сайысы және сызба нұсқалар жұмыс орындалды.  Сабаққа оқушылар белсенді қатысты. Сабақ қызықты, тартымды өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақтан көп әсер алғанын және алғысын айтты. Сабақта өзімнің көздеген мақсатыма жеттім.

Сабақта электрондық оқулықпен бейне көріністер көрсетіліп және интерактивті тақтаны пайдаландым.

Тәжірибесі мол, озат ұстаздардың сабақтарына қатысып тәжірибе жинақтадым.