Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайдаланудың маңызы

76

Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс  пайдаланудың маңызы

Қазақ аспапты музыка өнерінің кең таралып дамуын бүнігі күнгі өрісі көңіл қуанарлықтай жемісті, осы саладағы қол жеткен табыстарымыз да бір төбе. Өмірдің қай саласы да өздігінен өркен жаймайды.Ол өз жерінен, халқынан нәр алады.Домбыра өнері де осындай өрістен бастау алып уақыт талабына сай дамып келеді.Домбыраның әлі де зерттелмеген, ашылмаған қыры мен сыры көп. Атап айтқанда домбырады ойнау мүмкіншілік одан әрі жетілдіру оның дыбыс көлемін ұлғайту және ішектерін тәртіпке келтіру т.б сияқты мәселелер түбегейлі тереңдей зерттелді деу арттық айтқандық болар еді. Осындай күрделі мәселелердің бірі  — домбыраға арналған оқулықтардың тапшылығы.

Аппликатура (ит.Аррliko-басу, орналастыру) –музыка аспабын тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасу алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі. Орындаушылық шеберлік үшін дұрыс қойылған аппликатураның маңызы өте зор. Аппликатура барлық аспаптарда да ара сандар мен белгеленеді.

Ескерту : соль шегінде орындалатын нотаның аппликатурасы нота желісінің үстінгі жағында, ал ре ішегіндегілердікі астыңғы жағына жазылады. Кейде ішектер *** соль деген әріптермен де белгіленеді. Бұл дыбыстың әуенінің қай ішекте орындалатын көрсетеді.Гамма мен арпеджионың домбырашылар үшін де мәні де аса зор. Гамма мен арпеджиоларды дұрыс меңгеру, шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайдаланудың маңызы еш уақытта естен шығармау керек. Оқушыға аппликатураны өзі қойып үйренуге жаттықтыру, оқытушының міндеті болып саналады. Қандай шығарма болмасын, оқытушының жердемінсіз ақ оқушының өзіне ыңғайлы етіп тиісті аппликатура қоя білуі, оның шығарманы дұрыс ойнауына, саусақтарын орынды пайдалана білуіне көп көмегін тигізеді.

Гамма мен арпеджиоларды меңгеру қиындау, өйткені домбырада небары екі ақ ішек бар, әрі мойыны ұзын сондақтан арпеджиолардың аппликатуралары дұрыс қойылуы керек.

Позициялардың жүйесін өзгерту арқылы барлық гаммалар мен арпеджиолардың аппликатуралары алмастырылады.Бүтін тонды секундаларды бұрынғыдай үшінші және төртінші саусақтармен емес, екінші және төртінші саусақтар мен ойнау керек. Домбыра пернелерінің сирек орналасуына байланысты үшінші және төртінші саусақтарды көп қолдану сол қолдың жылдамдығын тежейді әрі келесі пернеге ауысқанда саусақтың позициялық қалпын бұзады.  Сондықтан да 3 және 4 саусақтар көбінесе 1 саусақпен немесе 2және 3 саусақтармен алмастырылады.Гаммалар және арпеджиолар мен жұмыс істегенде басты мәселенің бірі: бұл дыбыстың тазалығы мен сапасы. Оқушының аспапта ойнаған кезінде міндетті түрде дыбыстың сапасы оның әрі таза шығу, жақсы естілу жайларына көңіл бөлу керек.Дыбыстардың бір-біріне жалғасып әсем естілуі, әсіресе бірінші  ішектің екінші ішекке ауысқанда дыбыстардың біркелкі шығу үшін әр нотаны нық басып келесі нотаға түскенде бөгелмей, тез ауысу керек, сонда дыбыс толық әрі әсем шығады. Гамманы ойнағанда 1,2,3,4 саусақтармен ойнағанда орындап,келесі тетрахордта 1 саусаққа ауысу онша қиындық тудырмайды. Бұл аппликатура гаммаға ғана қатысты. Егер шығармада бір октава гамманың жартысы хроматикалық болып келген жағдайда тактінің екінші жартысына бір интервалдан екінші интервалға түскен жағдайда тактінің алғашқа жартысындағы 1,2 ,1,2 саусақтар кездеседі.

Домбырада  арпеджио ойнау, әсіресе жылдам екпінде ойнау өте қиын, себебі пернелердің арасы сирек, сондықтан сол қолдың саусақтары әрдайым секіріп отырады. Оқушы арпеджионы өте асықпай жәй екпінде меңгергені дұрыс. Бұл аппликатураны жақсы меңгеруімен сол қолдың саусақтарының дұрыс жылжуын қамтамасыз етеді. Арпеджионың аппликатурасын меңгергенде пернелердің ара қашықтығына байланысты бірінші, екінші нотаға 1 саусақпен жылжиды, сондықтан бірінші саусақты өте жылжыта домбыра пернесінің бойымен сырғытып жылжыту керек.Осы ретпен аппликатураны дұрыс меңгергеннен кейін оқушы өзіне керекті жылдамдықты меңгеруіне болады.

Ал жаттығулардың оқушыларға бір пайдасы бар, саусақтардың икемді қозғалысына, ұстамдылыққа тәрбиелейді, бір ішекпен ойнауға берілген жаттығу сол қол саусақтарының күшін арттыруға, әрбір саусақтың бір біріне бағынышсыз ерікті қозғалысына мүмкіндік береді. Ал екі ішекпен кезек ойналатын жаттығулар бір позициядан екінші позицияға ауысқанда дыбысты үзбей жалғастыра әрі толық және тегіс шығаруға үйретеді.

Әдетте сол қолдың 3,4 саусақтары өте әлсіз келеді.Осы саусақтарды қатайтып бір-бірінен тәуелсіздікке дейін жеткізетін жаттығулар берген жөн. Оқушы үшінші төртінші саусақтардың жеке-жеке жұмыс істеуі, әртүрлі штрихтарға, позициядан позицияға көшкендегі дыбыстың үзілмеуі үшін соған қажетті жаттығуларды ұсынған абзал.

Бір октавалық мажор гаммалары жоғары (ре) ішектен басталып, төрт нота ойнағаннан кейін төменгі ішекке (соль) ауысады да, келесі төрт дыбыс орындалады. Бұл октавалық мажор гаммаларын екі ішекке бөлмей тек бір ішектің бойымен орындаудың аппликатурасы.

Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайдаланудың маңызын еш уақытта естен шығармау керек. Оқушыға аппликатураны өзі қойып үйренуге жаттықтыру оқытушының міндеті болып саналады. Қандай шығарма болмасын, оқытушының жәрдемінсіз -ақ, оқушының өзіне ыңғайлы етіп тиісті аппликатура қоя білуі, оның шығарманы дұрыс ойнауына, саусақтарын орынды пайдалана білуіне көп көмегін тигізеді.